14.Дауысты фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері туралы айтыңыз. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айтқанда, 1) тілдің қалпына; 2) еріннің қатысына; 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.1.Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, ы, о, ұ) жасалса, оның таңдайдың алдыңғы жағына жуықтап айтылуынан жіңішке дауыстылар (ә, е, і, ө, ү) жасалады.2.Ерін қатысына қарай дауыстылар еріндік және езулік болып екі топқа бөлінеді. Еріндік дауыстылар еріннің алға сүйірленуінен жасалса (о, ө, ұ, ү…), езулік дауыстылар еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуынан жасалады.(ы, і, е…).Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық дауыстылар және қысаң дауыстылар болып екі топқа бөлінеді. Ашық дауыстылар жақтың кең ашылып, иектің төмен түсуінен жасалса (ә, а…), қысаң дауыстылар жақтың болар-болмас ашылуынан жасалады (ұ, ү, ы, і…). Ашық дауыстылар мен қысаң дауыстылардың аралығындағы дауыстылар – о,ө,е дыбыстары.дауыстыларды айту үстінде фонациялық ауа (сөйлеп тұрғанда шыққан ауа): 1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; 3)фонациялық ауа баяу (лепсіз) шығады
15.Сөздің көп мағыналылығы, пайда болу жолдарын сипаттаңыз. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.Мысалы:Бас (зат есім)- 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті, төбесі; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.Ата (зат есім)- 1) үлкен әке, әкенің әкесі; 21) ата жолы - ескіден қалған жөн – жоба, әдет – ғұрып; 3) ата жұрт - ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.Түсінікті болу үшін, мына бір мысалдарға назар аударалық: 1.Ананың сүті – бал, баланың тілі бал (мақал); 2. Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда –ақ берген білім (Сұлтанмахмұт). Бірінші мысалда ана деген сөз “шеше” деген мағынаны білдірсе, екінші мысалда басқа бір мағына – “туған” дегенді білдіреді. Қазақ тіліндегі ана тілі деген сөз тіркесінің мағыфнасы орыс тіліндегі родной язык деген сөз тіркесінің мағынасына сәйкес келеді. Ана деген сөздің әр түрлі мағыналары бір-бірінен семантикалық әр тектестік жағынан ғана емес, қолданылуы, басқа сөздермен тіркесіп жұмсалуы жағынан да ажыратылады. Бұл сөз “шеше” деген мағынасында алуан түрлі сөздермен тіркесіп жұмсала берсе (мысалы: ананың пейілі, ананың арманы, ананың бақыты және т.б.), “туған” деген мағынасында тіл деген сөзбен ғана (мысалы: ана тілі) тіркесіп жұмсалады. Ана деген сөздің “туған” деген мағынасының мынадай ерекшелігіне назар аудару қажет: бұл сөз “туған” деген мағынаға тіл деген сөзден басқа сөздермен тіркескенде ғана емес, тек осы сөзбен тіркескенде ғана , ие бола алады.Сонымен сөз негізгі мағынасынан басқа туынды мағыналарға ие болып, әр түрлі мағыналарда қолданылуға икем келеді.