10. Дыбыс, фонема және олардың арақатынасы туралы баяндаңыз. Дыбыс және фонема. Адамның тілінің дыбыстық жағы сөйлеу кезінде іске асады. Ұзақұғасырлар бойы дамып келе жаткан тіл, ең алдымен, ауыздан-ауызға ауызша айту нәтижесінде жеткізіліп келеді. Адам ең бірінші сөйлеуді үйренеді. Қазіргі қоғамымызда жазудың кең тарағанымен, айту маңыздырақ. Себебі әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазудан гөрі айтуы, окуынан гөрі тыңдауы көп орын алады. Сөздің өмір сүру формасы дыбыс болғандықтан, үндемей ойлау, оку, жазудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты болады. Ал әріп — сол дыбыска берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты эртүрлі халықтың таңбалары арқылы түрліше өрнектеуге болады. Мысалы: п, н, ут.б. Дыбысты айтамыз және есітеміз, ал эріпті жазамыз және көреміз. А.Байтұрсынұлы еңбегінде: «Дыбыс таңбасын қаріп деп атаймыз. Дыбыс пен каріп екеуі екі баска нэрсе. Біріне бірін катыстырып, шатыстырмаска тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нэрсе, қаріп көрінетін, естілмейтін нэрсе» деп дыбыс пен эріптің айырмасын нактылап түсіндіреді [5] Дыбыс пен эріп бір нысанның екі түрлі кыры болғанмен, бірінен алшакгайтын тұстары да жиі кездеседі. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мэселен, о, ө, ұ, ү), кейде бір эріп (ё, ю, я) бірнеше дыбыстың косындысын (йұу, йүу, йа) таңбалайды. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ) дыбыстық мәні жок.Әріп пен дыбыстың бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермейтіндіктен сөздің жазылуы мен айтылуының арасында киындықтар келтіреді. Мысалы: бала, ана, жер, азамат, қара, қызыл, кел, т.б. сөздердің жазылуы мен айтылуында соншалықты үлкен айырмашылык жок. Ал оқы, жанба, Нарынқол, басшьі, Досжан, т.б. деген сөздер айтуда оқұ, жамба, Нарыңгол, башшы, Дошшан түрінде өзгеріп айтылады.Тіл дыбыстары — адамның дыбыстау мүшелерінің кызметінің жемісі. Дыбыс — тілдің бір жақты единицасы : дыбысталады, бірақ мағынасы жок. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса, дыбыстэр — тілдің мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын материалдар ретінде кызмет атқарады.Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды жасауға, тануға, ажыратуға қызмет етеді. Мысалы: тас, жас, бас, қас, лас, мас, рас, сас сөздерінің эр баска екенін бірден түсінеміз. Себебі бұл сөздердің дыбыстық құрылысы эртүрлі.Фонетикадан тағы бір маңызды болып табылатын бірлік — фонема. Фопеча гректің рһопета (дыбыс) деген сөзінен алынған термин. Фопема — сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына жэне форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функциялык единицасы. Лингвистикада бұл термин дыбыстық тілдегі ең кішкентай бірлік магынасында жұмсалады. Тілде бүгінде колданылып жүрген тілдің ең кішкене бөлшектерінен басқа біз ойлағаннан әлдеқайда көп эр түрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне, фонемаларға топтастырылады. Мысалы: он, өн, ұн, үн, ін, ән, ен деген сөздерде карапайым түсінікке бір ғана н дыбысы бар. Егер мэн беріп карайтын болсақ, дауысты дыбыстардың әсерінен н дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулік болып дыбысталады. Дауысты дыбыстардың әсерінен эртүрлі реңкпен айтылганымен, кызметіне карай бір-ақ фонема деп танылады. Белгілі бір дыбыстың айтылуындағы ауыткушылық, реңкті тіл білімінде аллофон (гр. аііоа — басқа) деп атаймыз. Фонема туралы ілімнің алғаш (1870) негізін салған — орыс және поляк тілдерін зерттеуші И. А. Бодуэн де Куртенэ. Түркітануда жэне казақ тіл білімінде бұрын-соңды айтылган пікірлерді, зерттеулерді сараптай келе, профессор Ә.Жүнісбеков осы ұғымның түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін, ол үндіевропа тілдеріндегі фонемаға оңтүстік-шығыс тілдерінде тонема сәйкес келетінін, ал кұрылым-жүйесі бұлардан мүлдем бөлек, түркі тілдерінде бұған сингармема деген атаудың лайыкты болатынын дәлелдеді. Үндіевропа тілдері түркі тілдерінің кұрылымдылық жүйесімен салыстырғанда түбегейлі айырмашылықтары бары белгілі. Мысалы: орыс тілінің ерекшелігі бойынша сөз ішінде және буын ішінде жуан жэне жіңішке дыбыстар қатар тұра береді. Ал қазақ тілінің табиғатына бұл заңцылық сәйкес келмейді. Сондықтан казак тілінің ерекшелігіне сэйкес фонема мен дыбысты бір-бірінен жақын ұғым ретінде түсінеміз.