Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Сөз бен оның қасиеттерін сипаттаңыз



бет5/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша

7. Сөз бен оның қасиеттерін сипаттаңыз.
Сөз (орыс. слово, ағылш. word) – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады.[1] Сөзді құраушы бірлік – дыбыс, ал мағына – Сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай, шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды. Сөздің негізгі белгілері:1. Құрылымдық тұтастығы: яғни, сөз белгілі бір дыбыс жиынтығынан тұрып, дайын күйінде жұмсалады;2. Семантикалық тұтастығы: құрамында қанша буын не сөз болғанына қарамастан бір ұғымды анықтап, бір мағына береді;3. Грамматикалық тұтастығы: сөз ішкі мағыналық құрылымына қарай грамматикалық топтарға бірігіп, грамматикалық категориялар негізінде түрленеді;4. Танымдық тұтастығы: сөздің ішкі мағыналық құрылымы халықтық дүниетаным негізінде анықталады.Ішкі мағыналық құрылымы мен қызметіне қарай сөздер атау және көмекші сөздерболып бөлінеді. Атау сөздер зат пен құбылысты, болмысты оның ерекше белгілері арқылы таңбалайды; көмекші сөздердемұндай атауыштық қабілет жоқ, олар қызметтік-грамматикалық мәнге ие. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарыболады. Тілді жүйелі құрылым ретінде зерттеу сөзді анықтаудың төмендегідей міндеттерін көрсетеді: сөзді тілдік бірлік ретінде тану; оны анықтаудың негізгі шарттарын айқындау; сөздің мағыналық жағын зерделеу; лексиканың жүйелілігін зерттеу; сөздің лебіз бен мәтіндік бірлік ретіндегі ерекшелігін тану. Сөз жүйелі құрылым ретінде түрлі бағыттағы зерттеу нысаны болып табылады. Сөздер семантикалық-грамматикалық белгілері (сөз таптары), сөзжасамдық байланыстары (сөзжасамдық ұя), семантикалық қатынастары, мағыналық, концептік өрістері арқылы өзіндік тілдік жүйелерді құрайды.
8. Фонеманың мәні, қызметі және аллофондар (вариант пен вариация) жөніндегі заңдылықтарды айтыңыз.
Фонема дегеніміз не?Көптеген сөздерде қолдануға болатын ең кішкентай дыбыстық блок, бірақ барлық сөздерде бірдей естіледі, мысалы, / п / дыбысының ең аз дыбысы - кастрюль, дақ, түкіру, фаза т.б. бірдей, р ф дыбысы бірдей қабылданады және сол фонеманы қолданады деп санайды / p /.Аллофон дегеніміз не?Бір фонема үшін жасалуы мүмкін бірнеше түрлі дыбыстар болуы мүмкін. Бұл дыбыстар біз қағазды аузымыздың алдына қойып, бірдей фонемамен әр түрлі дыбыстар шығарған кезде реакцияны көргенде айқын болады. Сонымен, бір фонеманы пайдаланып жасалған әр түрлі дыбыстар оның аллофондары деп аталады.Аллофон (грек. άλλος — басқа және грек. φωνή – дыбыс, фонема) – дивергенті, альтернаты, нұсқасы, фонеманың нақты манифестациясының бір түрі болып табылады. Аллофон — бір дыбыстың айтылуындағы ауытқу, басқаша айтқанда, фонеманың жүзеге асырылуы, оның айналасындағы нақты фонетикалық жағдайға негізделген нұсқасы. Аллофонды фонеманың сөйлеу үстінде кездесетін әртүрлі реңктері, фонеманың варианты десек те болады. Аллофон үндіеуропа тілдерінде кең тараған. Қазақ тілінде дыбыстың үндестік аллофондары кездеседі. Мыс.: бас сөзінде б жуан, бес сөзінде б жіңішке айтылып, фонема вариантын (реңкін) жасап тұр. Аллофонның фонемадан айырмашылығы оның абстрактілі ұғым емес, нақты сөздік дыбыс болуында жатыр. С.Мырзабеков тілдегі бұл құбылысты былайша түсіндіреді: «Дауысты дыбыстардың созылыңқылығына, сөз ішіндегі орны мен басқа дыбыстармен көршілес келуіне байланысты нақты бір фонема дыбыстар тобында түрлі реңк алып отырады. Мәселен, дауысты дыбыстардың әсерімен т дыбысы бірде жуан (ат, от), бірде жіңішке (ет, өт), бірде еріндік (от, өт), бірде езулік (ат, ет) болып, біршама ауытқу, ерекшеліктермен немесе әртүрлі реңмен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, рең тіл білімінде аллофон (гр.allos – басқа) делінеді. Сондықтан сөз дыбыс емес, фонемадан құралады десе де болады».Қоғам қайраткерлерінің дыбысталған дискурсын зерттеп, ондағы өзгерістерді табу үшін қазақ тіліндегі вариант, вариация, аллофон ұғымын анықтап, тілімізде көрініс табатын дыбыстық құбылыстарды, яғни редукция, ассимиляция процесін ажырату қажет.Жалпы тіл білімінде фонеманың реңктері әртүрлі терминдермен аталады. Өйткені ол фонологиялық мектептердің ұстанымдары мен зерттеу бағыттарына байланысты болады. Мәселен Америка фонология мектебінде аллофон деп аталса, Ленинград фонологиялық мектебі оттенок (реңкі) дейді. Ал Москва фонология мектебі вариант пен вариация деп атайды. Ең алдымен сегменттік фонетика тұрғысынан алғанда вариант пен вариация ұғымын анықтап алу қажет. Москва фонологиялық мектебінің теориясы бойынша фонеманың әлді позициядағы реңкі вариация, әлсіз позициядағы реңкі вариант деп аталады. Мұнда вариант ұғымы екі фонемаға қатысты болса, ал вариация бір фонемаға байланысты болады. Мәселен, тар, тер, тұр, түр дегенде «т» фонемасының әлді позициядағы төрт түрлі реңкі бар болса, ал әлсіз позицияда жанды – жамбады, жанған – жаңған дегендегі м мен ң-ды вариант деп есептейміз. Яғни бұл жерде «н» фонемасының екі варианты бар. Олар: м, ң. Сондай-ақ з фонемасы үш түрлі вариантта көрініс табады (с, ж, ш). Мысалы: қазса – қасса, боз жорға – божжорға, көзсіз – көссіз т.б.Фонема (грек. рһопета - дыбыс) — сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі типтік бірлік, яғни дыбыс типі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет