16.Дауыссызфонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктерін атаңыз. Ә.Жүнісбек еңбегінде дауыссыз дыбыстар төмендегіше жіктеледі:1.Дауыс қатысына қарай: а) қатаң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі тербелмейді (п, қ-к, с, ш); ә) ұяң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі (б, д, ғ-г, з, ж)Б) үнді дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі мол тербеледі (м, н, ң, р, л, и, у).2. Жасалу орнына қарай: а) ерін-ерінлі дауыссыз дыбыстар ерін мен еріннің тоғысымы (не жуысымы) арқылы жасалады (п, б, м, у):ә) Тіл ұшы дауыссыз дыбыстар тіл ұшы мен қызыл иектің тоғысымы (не жуысымы) арқылы жасалады (т, д, с, з, р, ш, ж, н, л);б) Тілшік тіл ортасы дауыссыз дыбыстар тілшік (тіл ортасымен) мен тіл түбінің (таңдайдың )тоғысымы (не жуысымы) арқылы жасалады (қ(-к), ғ (-г), ң, и);3.Жасалу тәсіліне қарай: а) тоғысыңқы дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен тоғысымы арқылы жасалады (п, б, м, т, д, н, қ-к, ғ-г, ң); ә) жуысыңқы дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жуысымы (с, з, ш, ж, й, у, ғ-г діріл жуысымы- р, жанама жуысымы – л арқылы жасалады);Дауыссыз дыбыстар.Қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстарының жүйесі 17(19) дыбыстан құралады. Олар қолданымдағы әліпби арқылы былай таңбаланады: Б, Д, Ж, З, Й, Қ-К, Ғ-Г, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, У, Ш. Дәстүр бойынша Қ-К, Ғ-Г дыбыстарының жасалым (жасалу орны) айырмашылықтарын ескеріп, жеке-жеке дауыссыздар деп есептеп келеді. Бұл жерде олардың бір дауыссыз жуан-жіңішке үндесім варианты екендігі ескеріліп, керісінше, бір дауыссыз деп қарастырылып отыр.Дауыссыз дыбыстар дауыстың (дауыс желбезегінің) қатысына қарай:қатаң (тербеліссіз), ұяң (тербеліңкі), үнді (тербелімді) болып үш топқа бөлінеді.Қатаң дауыссыз дыбыстар Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстардың құрамына төмендегідей: П, Т, Қ-К, С, Ш. Бұлар қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың қатарына жатады.Қатаң дауыссыз дыбыстардың бәріне ортақ белгі-дауыстың қатыспауы. Басқаша айтқанда, қатаң дауыссыз дыбыстардың жасалуына дауыс желбезегі қатыспай, бейтарап (тербеліссіз) қалады. Қатаң дауыссыздардың басын қосып, ұйыстырып отыратын бірегей белгі дауыс желбезегінің тербеліссіз қалпы болып табылады. Сондықтан да олар жасалым (артикуляциялық) тұрғыдан тербеліссіз дауыссыз дыбыстар деп аталады (көпшілік оқырманға естілім атаулардың қатарына жататын дәстүрлі қатаң атауы таныс болғандықтан, кейде екі атау қатар жүретін болады).Ұяң дауыссыз дыбыстар Қазақ тілінде ұяң дауыссыз дыбыстардың құрамы төмендегідей: Б, Д, Ғ-(Г), З, Ж. Бұлар қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың қатарына жатады.Ұяң дауыссыз дыбыстардың бәріне ортақ белгі-дауыстың жартылай қатысуы. Басқаша айтқанда, ұяң дауыссыз дыбыстардың жасалуына дауыс желбезегі жартылай (тербеліңкі)қатысады. Ұяң дауыссыздардың басын қосып, ұйыстырып отыратын бірегей белгі дауыс желбезегінің тербеліңкі қалпы болып табылады. Сондықтан да олар жасалым (артикуляциялық) тұрғыдан тербеліңкі дауыссыз дыбыстар деп аталады (көпшілік оқырманға естілім атаулардың қатарына жататын дәтүрлі ұяң атауы таныс болғандықтан, кейде екі атау қатар жүретін болады).Үнді дауыссыз дыбыстарҚазақ тілінде үнді дауыссыз дыбыстардың құрамы төмендегідей: М, Н, Ң, Р, Л, Й, У. Бұлар қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың қатарына жатады.М дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай ерін-ерніді дауыссыз дыбыс болып табылады. Мдауыссыз дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің тоғысу арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. М дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады.Жасалым белгілері: ерін-ерінді, тоғысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.