Қарастырылу объектісі: «Элей мектебінің терістеу диалектикасының қайнар көзі»
Қарастырылу пәні: Диалектика ерекше формаларын анықтау
Өткізу нысаны: ойын
Кейспен жұмыс 3 кезеңнен тұрады:
1. Студенттердің кейс материалымен жеке жұмысы
2. Шағын топтарда жұмыс
3. Жалпы дискуссияда шағын топтардың қорытындыларын жариялау және экспертиза жасау.
Кейсті талдау үшін қажетті нұсқаулар: Жағдаймен танысып шығу
Сіздің көзқарасыңыз бойынша ең тиімді әрекет бағдарын ұсына отырып, әрбір баламаны бағалаңыз.
Өзіңіздің таңдауыңыз үшін негізді анықтыңыз.
Жағдайдың сипаттамасы: Қозғалыстың не екенін анықтау үшін біз айтамыз: бір жерде тұрған дене басқа бір жерге ауысты. Қозғалыс кезінде сол дене енді бірінші тұрған жерінде емес, бірақ сонымен бірге екінші жерде де емес; егер ол осы екі жердің біреуінде болса еді, онда ол тыныштықта болар еді. Сонда ол қай жерде тұр? Егер біз дене осы екі жердің арасында тұр десек, онда шынында да ештеңе айта алмаймыз, өйткені бұл жағдайда ол жаңағы екі жердің біреуінде болар еді, демек, біз тағы да қиыншылыққа тап боламыз. Бірақ қозғалу деген берілген жерде болу, және сонымен бірге сол жерде болмау, демек бір уақытта бірдей екі жерде болу; қозғалыстың мүмкін болуының бірегей шарты - уақыт пен кеңістіктің үздіксіздігінің көрінісі болып табылады. Зенон болса екі нүктені бөлек қарастырып тұр. Уақыт пен кеңістіктің дискреттігін біз де мойындаймыз, бірақ сонымен қатар шекараны өту мүмкіндігі болу керек, яғни шекараны шекара емес деп ұйғару немесе уақыттың бөлінген бөлігін ұйғару, бірақ ол сонымен бірге бөлінбейтін бөлік болып табылады.
Зенон тек қана кеңістік пен уақыттың өзіндік барлық анықталғандығының шекарасын, бөлінуін, дискреттігін көрсетті – сондықтан қайшылық пайда болады. Бұны тек диалектикалық ойлау шеше алады.
Мәселенің қойылымы: Зенон қозғалыстың не екенін қалай түсіндірді?
Жалпы қозғалыс бар ма, жоқ па?
Уақыт пен кеңістіктегі үздіксіздік дегеніді қалай түсінесіз?
Шекараны өту дегеніміз не?
Әдебиеттер тізімі:
Сватковский В. П. Парадокс Зенона о летящей стреле //ЖМНП.1888.Ч.255.С.203-239.
Богомолов С. А. Аргументы Зенона Элейского при свете учения об актуальной бесконечности//ЖМНП.1915.Нов.сер. Ч.LVI.Апрель. С.289-328.
Богомолов С. А. Актуальная бесконечность(Зенон Элейский и Георг Кантор).Пг.,1923.
Цехмистро И. З. Апории Зенона глазами XX века//Вопросы философии.1966.№ 3.
Панченко А. И. Апории Зенона и современная философия//Вопросы философии.1971.№ 7