Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


Балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметке жеке қажеттілігін айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу



бет28/46
Дата12.10.2020
өлшемі0,96 Mb.
#66908
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
4. Балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметке жеке қажеттілігін айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу

      19. Арнаулы әлеуметтік қызметке қызмет алушылардың қажеттілігін (түрлері мен көлемін) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер және басқа да үйде қызмет көрсету мамандары (бұдан әрі – үйде қызмет көрсету ұйымы мамандары) (осы стандартқа 4-қосымша) айқындайды.


      20. Үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың қажеттілігін бағалау негізінде әрбір балаға, ТҚА бұзылған бала мен он сегіз жастан асқан адамға бір жыл мерзімге жеке жоспар (бұдан әрі – жеке жоспар) (осы стандартқа 5-қосымша) әзірлейді.
      21. Жеке жоспар бала, ТҚА бұзылған бала мен он сегіз жастан асқан адам үйде қызмет көрсету ұйымына есепке қабылдаған күннен бастап оны үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары тексергеннен кейін он жұмыс күні ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлейді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырады және үйде қызмет көрсету субъектісінің басшысы бекітеді.
      22. Жеке жоспарда көрсетілген оңалту іс-шараларын үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары жеке жоспарда белгіленген мерзімде іске асырады.
      23. Балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жай-күйіндегі өзгерістер тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) үйде қызмет көрсету ұйымының мамандарымен тексеру жүргізуге жатады.
      24. Жүргізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары жеке жоспардың орындалуы (мониторингі) жөніндегі журналда/электрондық картотекада (бұдан әрі – журнал/электрондық картотека) көрсетеді, ол әрбір балаға, ТҚА бұзылған бала мен он сегіз жастан адамға жеке-жеке толтырылады (осы стандартқа 6-қосымша).
      25. Үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қажет болғанда балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жеке жоспарларын түзетеді.
      26. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы әзірлеу жөнінде жұмыстарды үйлестіреді, сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      27. Үйде қызмет көрсету ұйымы мамандарының жұмыс сапасын:
      1) жеке даму деңгейі жоғарылаған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар;
      2) білім берудің арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалар;
      3) өзін өзі күту дағдылары қалыптасқан ТҚА бұзылған балалар санының өткен жылмен салыстырғанда көбеюі бойынша үйде қызмет көрсету ұйымы немесе уәкілетті органның басшысы бағалайды.
      28. Жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация беру үшін үйде қызмет көрсету ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда шарт жасау негізінде басқа ұйымдардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.
      29. Үйде қызмет көрсету ұйымының әрбір маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады.
      Оңалту іс-шараларының нәтижелері тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгіленіп отырады.
      30. Үйде қызмет көрсету ұйымының әкімшілігі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттерінің сапалы орындауына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет