Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


Үйде қызмет көрсету ұйымын басқару



бет31/46
Дата12.10.2020
өлшемі0,96 Mb.
#66908
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
7. Үйде қызмет көрсету ұйымын басқару

      52. Үйде қызмет көрсету ұйымын уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы (меңгеруші) басқарады.


      Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету ұйымын уәкілетті органның немесе құрылтайшының келісімі бойынша аталған заңды тұлғаның басшысы лауазымға тағайындайтын және босататын меңгеруші басқарады.
      53. Үйде қызмет көрсету ұйымының штаттық нормативтерін уәкілетті орган немесе құрылтайшы осы стандартқа 5-қосымшада көзделгеннен кем емес көлемде бюджет қажеттіліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып бекітеді.
      54. Үйде қызмет көрсететін ұйымның мамандарына жүктемені (қызмет көрсетілетін қызмет алушылардың саны және бір аптаға бару кезегі) алушының мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант айқындайды және үйде қызмет көрсететін ұйымның басшысы бекітеді.
      55. Үйде қызмет көрсететін ұйымның мамандары қызмет алушыларға баруды ұйымның басшысы бекітетін қызмет алушыларға бару кестесіне сәйкес жүзеге асырады.
      56. Қызмет алушыға барған күні ұйым мамандары көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналына (осы стандартқа 7-қосымша) тиісті белгі қояды, ол қызмет алушыда (заңды өкілінде) болады және ай аяқталған соң күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге беріледі.
      57. Уәкілетті орган немесе құрылтайшы, басшы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жағдай жасайды, оның ішінде:
      1) қажетті техникамен және байланыспен, оңалту іс-шараларын жүргізуге қажетті диагностикалық және дидактикалық, дамытушы және өзге де материалдармен жабдықталған орынжайлар;
      2) персоналды қызмет алушыларға күтім көрсету жөніндегі білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізетін әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету;
      3) персоналды қажет болған кезде көлік құралымен немесе жол жүру билеттерімен немесе жол жүру билетінің құны мөлшерінде ақшалай өтемақымен қамтамасыз ету;
      4) қарттар мен мүгедектердің күтімі жөніндегі әлеуметтік қызметкерді арнайы киіммен, шаруашылыққа қажетті керек-жарақтармен:
      жуғыш заттар;
      ескі заттар;
      резеңке қолғаптар;
      шаруашылық инвентарлармен қамтамасыз етеді.
      58. Үйде қызмет көрсететін ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ұйымның басшысында сақталады және оны әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант қызмет алушылардың немесе олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша ұсынады.
      59. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын үйде қызмет көрсету ұйымының басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган және/немесе құрылтайшы – ай сайын қарайды.
      60. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін заңды тұлға болып табылатын үйде қызмет көрсету ұйымының демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болады.

Халықты әлеуметтік қорғау 


саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша        

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.04.2014 N 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Нысан

      Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысы


      ______________________________________________________________
      (Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйым басшысының Т.А.Ә.)

      _______________________________________________________________


                         (үйде қызмет көрсететін ұйымның атауы)

      Т.А.Ә.________________________________________________________


      Туған күні ______ жылы «____»_________________________________
      Тұратын жері__________________________________________________
      Телефон нөмірі (үйдің, ұялы)__________________________________
      Мүгедектік санаты (болған жағдайда)___________________________
      Бірге тұратын отбасы мүшелері (Т.А.Ә., туыстығын көрсету
      керек)________________________________________________________
      ______________________________________________________________

ӨТІНІШ

      ______________________________________________________________


                   (қызмет алушының Т.А.Ә. көрсету керек)
      үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін есепке алуыңызды сұраймын.
      Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібімен және шарттарымен таныстым.
      Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________

      Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Т.А.Ә. және қолы __________ күні 20__ жылғы «___» ___________
      ___________________________ өтінішті қабылдады
      (Т.А.Ә. және лауазымын көрсету)

      Қолы _____________ Күні 20__ жылғы «___» __________

Халықты әлеуметтік қорғау 
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына 
2-қосымша        

Нысан



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет