Құқық тіршілігінің осы барлық формалары - өмірдің өзіндік деректері, фактілері тікелей әлеуметтік фактілер емес, керісінше формалды теңдік принципінің мәні мен мағыналарын нақтылау түрғысындағы теңсапалық формалдықтар.
Осы құқық болмысы формаларының айырмашылығы, демек, мәнділік сипатта емес, функционалды сипатта болады. Бірыңғай формалды теңдік принципінің мағынасы, мәселен, құқықтықнормада- құқық субъектісінің тәртібінің ережелері түрінде (құқық субъекттері тәртібінің анықталған моделінің міндеттеу формасында), құқықтыққатынаста- құқық субъекттерінің бір-бірімен формалды тең, еркін және тәуелсіз арақатынастары түрінде, құқықсанада - берілген құқықтық қауымдастық мүшелерінің құқық принципінің мәні мен талаптарын зерделеу формасында, құқықсубъектілілігнде - қауышудың құқықтық тип субъектілерінің бір-бірімен формалды тең, еркін және тәуелсіз индивидтерін мойындау формасында, құқықтық процедураларда - теңдік және әдеттік санатында құқық жөніндегі таласты шешудегі барлық субъекттердің құқық пен міндеттері иемдену және жүзеге асыру формасында және т.т. көрінеді, айқындалады.
Сөйтіп, құқық тек бір формада (құқықтық форма) немесе үш формада (құқықтық нормада, құқықтық қатынаста, құқықсанада) емес, барлық осы құқықтық формаларда өмір сүреді, бірақ осы құқықтық өмір сүру формаларының әрқайсы құқық болымысының жалпы қөрінісінде өзінің ерекше қызметін, функциясын атқарады және өзінің ерекше орынын алады.
Құқықтық феномен тұрғысындағы құқықнормасыныңерекше орыны мен мағынасы құқықтың жүйелі элементі (нормалар жүйесі
ретіндегі құқықты тұтастай доктриналық анықтау) ретіндегі құқықтық норманы юридикалық-доктриналық түсіндірумен және сонымен байланысты норманың құрлымдық бөліктерінің (гипотезалар, диспозициялар және санкциялар) сәйкестік мазмұнын анықтау түріндегі заң мәтінінің (позитивтік құқықтың) қағидаларымен шартталған.
Құқықтың либертарлы-юридикалық қағидасы құқықтық норманы (құқықтық заң нормасы) негізге ала отырып және оның легистік бейқұқықтық нормамен (бейқұқықтық заң нормасы) алмасуын жоққа шығара отырып, құқықтың өзіндік нормативтігін заңи түсінудіодан әрі дамытады. Сонымен бірге либертарлық-юридикалық онтология көзқарасы бойынша мәселе құқықты денормативтендіру емес, керісінше, құқықтық құбылыс ретіндегі, құқықтың өмір сүруі мен әрекетінің формасы ретіндегі заң нормасын юридизациялау (юридикаландыру) болып табылады. Құқықтық заң нормасы формалды теңдіктің тек бір формасының көрінісі мен жүзеге асуы ретінде өзге қажетті құқықтық формалармен қатынаста болып, құқық болымысының жалпы кеңістігінде өзіне тиісті орынын алу керек.