Адамдар өздерінің теңдіктерінің шамасына қарай еркін жәнееркіндіктерініңшамасынақарайтеңдіктеболады. Бейқұқықтық еркіндік, әмбебаптық өлшемсіз және бірыңғай мөлшерсіз еркіндік дегеніміз, немесе теңдіксіз «еркіндік» - деп аталатын еркіндік-бұл элитарлық артықшылық идеолгиясы, ал еркінсіздік «теңдік» - деп аталатын еркіндік бұл құлдар мен езілген халықтар идеолгиясы. Не теңдік (құқықтық формада ) болу керек немесе зомбылық болу керек (әртүрлі көріністер). Үшіншісі болмақ емес: бейқұқықтық (және бейеркіндік ) - әрқашан да зомбылық.
Осыған байланысты зомбылықтың да түрі көп – «жұмсақ» түрлерінен өте қатаң түрлеріне дейін, тирандақ және тоталитарлық көрністері. Ал құқықта (және еркіндіктің құқықтық формасында) тек өзіне іштей тән, ерекше принцип - формалды теңдік принципі бар. Зомбылықта өзіндік принцип жоқ; оның принципі, егер олай айтуға болса, осы құқықтық принциптің жоқ болуы, осы принциптен бас тарту, оны бұзу және елемеу. Құқықсыз еркіндік – ол зомбылық, тирания, зорлық.
Еркіндік теңдікте (атап айтқанда – құқықтық теңдікке) тек қарсылықта емес, керісінше, ол тек теңдік арқылы осы теңдікте өзін-өзі білдіреді. Еркіндік пен теңдік ажырамас бірлікте және бірін-бірі ұйғарып, толықтырады.
Құқық жай ғана әмбебаптық мөлшер және теңдік өлшем ғана емес, ол ең алдымен индивидтердің әмбебаптық мөлшері және теңдік өлшемі. Еркін индивидтер – құқықтың «материясы», иеленушісі, мәні және мағынасы. Еркіндік даралық, тұлға, жеке адамның құқығы терістелген шақта, сонда құқықтың (формалдық теңдіктің құқықтық принципінде) болмауы мүмкін және болмайды да, онда шын мәніндегі құқықтық жеке және топтық құқық субъекті де, құқықтық заңдар мен қоғамдағы құқықтық қатыснастар да болмайды.
Әділеттік тұрғыдағы құқық жалпы философиялық деңгейде қаралатын мәселенің бастысы.Құқықты теңдік тұрғыда (жалпы мөлшер және адамдар еркіндігінің теңдік өлшемі тұрғыда ) түсіну өзінде қажетті түрде әділеттікті де қамтиды.
Құқық пен заңды ажырату санатындағы үрдісте әділеттік құқықұғымына кіреді, яғни құқық анықтама бойынша әділет, ал әділеттік
– құқықтың ішкі қасиеті мен сапасы, ол құқықтан тыс (моральдық, әдептік, діни және т.б. ) категория емес, керісінше, құқықтық категория және сипаттама.
Сондықтан заңның әділеттілігі немесе әділетсіздігі жөніндегі мәселе
- әрқашанда, шын мәнінде заңның құқықтық немесе бейқұқықтық сипаты жөніндегі мәселе, яғни оның құқыққа сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы мәселе. Құқық өз ұғымында әрқашан әділет және әлеуметтік дүниеде әділеттілікті сақтаушы.
Одан да аса айтсақ, тек құқық ғана әділет.Шын мәнінде, әділеттік тек сондықтан әділетті, өйткені ол өзінде жалпы маңыздылық дұрыстықты, туралықты білдіреді, әрі сақтайды және сонымен бірге өзіннің рационалданған түрінде жалпылық заңдылықты, әділеттікті де білдіреді, яғни құқықтың мәні мен бастамасын, жалпылық теңдік пен еркіндіктің құқықтық принципінің мағанасын көрсетеді.
Жалпылаған түрде айтсақ, әділеттік дегеніміз – құқықтың өзіндік санаты, өзіндік көрнісі мен өзіндік бағалануы және сонымен бірге құқықтан тыс тұрғандардың бәрін құқытық тұрғыда бағалау.
Әділеттілікте құқықтан өзге, қандай да бір басқа принцип болмақ емес және болмайды да. Әділеттіктің құқықтық сипаты мен мәнін терістеу, әділеттікке қайдағы бір басқа бейқұқықтық бастамаларды – теңдесітіру немесе артықшылық талаптарын, кез келген моральдік, әдептік, діни, дүниеге көзқарастық, эстетикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық және басқа қағидаларды мүдделерді, талаптарды тануға, телуге, ауыстыруға әкеледі.
Құқықтық теңдік принципі мен құқықтық реттеу және еркін субъекттердің қоғамдық қатынастарының қажетті формасы тұрғысындағы құқықтың жалпылық және жалпымаңыздылық кеңістігінде дәл осы құқықтық әділеттік осы кеңістіктегі әділеттіктің рөлі мен орнына дәмелі барлық заңдылықтар немесе заңсыздықтардың критерийі түрінде көрінеді. Құқықытық әділеттік артықшылықтарды терістеп және еркіндікті нығайту арқылы құқықты қажетті, жалғыз мүмкіндік, жалпылық және бәріне бірдей теңдікте орнықтырады.