Бекіту сұрақ-тапсырмалары 1. Дидактикалық материалды пайдаланып нәрселерді санауға үйрету және аталған сан бойынша жиын құрастыруға үйрету жолдарын атаңыз, технологиялық карта жобасымен құрастырыңыз.
2.Кеңістікте түрліше орналасқан нәрселерді қалай санауға үйрету қажет? Дидактикалық материал дайындаңыз.
3.Қандай тапсырмалар арқылы балаларды жиынның белгілі бір классының қуаттылығының көрсеткіші ретінде санның мәнін ұғындыруға болады?
4.Санның бірліктерден жасалған құрылымымен таныстыру әдістерін атаңыз, тапсырмалар жазыңыз.
5.Әр түрлі анализаторлар арқылы балаларды санауға үйрету әдістеріне сипаттама берініз.
Шама және өлшеу тәсілдері туралы түсініктерін қалыптастыру, геометриялық фигуралармен таныстыру әдістемесі. Жоспар
Балаларда заттардың ұзындығы, ені, биіктігі жөнінде түсініктерін қалыптастыру.
Заттардың ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы жөнінен өзгеретіндігін балалар алдыңғы кезеңнің өзінде-ақ ұғынып алған еді. Бірақ мәселе балалар ол өзгерістерді дайын материалдан анықтап қана қоймай, оларды өздері жасай алатындығында болады. Мысалы, ұзындығы бірдей, ал ені әр түрлі екі-үш тік төртбұрышты салу немесе қиып алу; екі сәбіздің суретін: біреуін-ұзынырақ, ал екіншісін қысқарақ етіп салу; қағаздан екі квадрат: біреуін-үлкен, ал екіншісін-кішкентай етіп қиып алу тапсырылады.
Ұзындықтың әр түрлі параметрлері жөнінде балалардың алған білімдері олардың жауаптарында дұрыс берілуі тиіс: «Ақ жіп қара жіптен жуандау» немесе «Моншақтарды тізу үшін маған ұзын жіп керек» (үлкен емес, көбінесе балалар солай дейді). Сондай-ақ бұл білімдерді балалар іс-әрекеттерінің әр түрінде: сурет салғанда, жабыстыруда, аппликация жасағанда, ойындарда т.б. пайдалануы керек. Мысалы, «поезд» ойыны үшін балалар алаңшада темір жолдың суретін салады, Ленинградтан (одан бір жаққа қарайғы) түрлі ара қашықтықтағы: біреуі-жақынырақ, екіншісі-алысырақ станцияларды белгілейді. Балалар бұл ара қашықтықтарды дәлірек те анықтай алады, мысалы, Удельная станциясы-Ленинградқа жақынырақ, балалар төрт адым санап алады, ал Левашово станциясы алысырақ, балалар жолдың басынан алты адымды санап алады: «Ал Левашово станциясына дейін қанша алыс?» -деп сұрайды, тәрбиеші. Удельная мен Левашово станцияларының арасын адыммен есептеп,балалар Левашово екі адым алыс екендігін айтады. Осылайша балалар ойнағанда адым өлшеуіш ретінде пайдаланылады.
Басқа мысал. Допты нысанаға түсетіндей етіп лақтыру немесе қапшықтарды алысқа лақтыру жөнінен жарысқа түскенде, балалар кімнің алысырақ лақтыратынын және қанша алыс лақтыратынын білгісі келеді. Оны көзбен мөлшерлеп білуге немесе тұрған сызықтан қапшықтың түскен жеріне дейінгі адымдар санын есептеп дәлірек анықтауға болады. Осылайша ара қашықтықты іс жүзінде өлшей білу қажеттілігі туады.
Ересек балалар тобындағы балаларда заттар арасындағы шама жөнінен басқа заттар қатарынан алып тұрған орнын көрсететін сөздерде кескінделетін қатынастар туралы айқын түсініктерін қалыптастыру қажет мысалы, ұзыны, қысқарағы, одан да қысқасы, ең қысқасы. Естиярлар тобында -ақ балалар екі -үш заттың арасындағы қатынастарды айырып танитын еді. Ересек балалар тобында балалар шамалардың өспелі және кемімелі қатарын жасап тұрған бес -он заттың арасындағы қатынастарды игеріп алулары, яғни «Серияға бөлуді» меңгерулері керек. Осы қатынастарды ұғыну балалардың затты аналиктикалық түрде қабылдауын жетілдіре отырып, түсуі мен ұзындығы, енін, биіктігін айырып көрсетумен және беріліген параметрі бойынша салыстыру жолымен өлшемдігістігін айыра білумен байланыстыра біршама күрделі міндет болып табылыады. Бұл түсті көзмөлшерін дамытудың ролі зор.
Оқып үйретудің кейбір әрекеттерін қарастырайық.
Естиярлар тобында алған білімдерін түсіну мақсатымен балаларға шамасын есте сақтау керек болатын үлгілерге сәйкес лентаны лайықтап алуды тапсыруға болады. Бұған материал ретінде ені бірдей, бірақ түсі әртүрлі және ұзындығы түрліше (12-ден 20см дейін) бес -бестен бірдей ленталар бар екі жиындықты алуға болады, мұндағы ұзындығы бірдей әрбір пар лентаның түсі әр түрлі болуы мүмкін. Бұл тапсырманы орындаудағы міндет ұсынып отырған белгілерді бір ұзындықты ғана обстракиялап (дерексіздендіріп), соған сәйкестеп оған пар лентаны табу болып табылыды. Орындалған тапсырманы баланың өзі тексеруі тиіс. «Сенің қызыл лентаңның ұзындығы менің көк лентамның ұзындығымен бірдей екенін қалай дәлелдеуге болады?». Бала ең алғаш көрсетеді, сонан соң оны іс жүзінде дәлелдейді.
Сабақтың екінші варианты.
Барлық балаларға ені бірдей, бірақ ұзындығы әр түрлі (2 см айырмасы бар) бес-бестен әр түсті жолақшалар таратылып беріледі. Олар ретімен әркімнің қалауынша (үдемелі немесе кемімелі) орнастырылады. (15 сурет) Сонан соң балалар былайша түсіндіреді: «Менің ең ұзын жолағым – қызыл, қысқалылығы – ақшыл қызыл, одан қысқасы – көк, оданда қысқасы – көкшіл және ең қысқасы - жасыл». Екінші бала өспелі ретпен орналасқан өзінің жолақшаларының түсі мен өлшемін айтады. Бұл жаттығу балалардың өлшемі мен түсті қабылдауын анықтай түсуге және тілін дамытуға мүмкіндік туғызады.
Тапсырма балаларға басқаша да ұсынылуы мүмкін: ретімен орналастырылған төрт лента ұзындығы жөнінен бір -бірімен салыстырылады да балалар қатынастарының транзтивтігімен іс жүзінде таныстырылады. Мысалы балалар қызыл лента қызғылт лентадан ұзынырақ, қызғылт
Қызғылт лента сары лентадан ұзынырақ, ал сары лента жасыл лентадан ұзынырақ екенін айтады. «Демек, қызыл лента қандай ленталардан ұзынырақ?»-деп тәрбиеші балаларға олардың ойын жетелеуші сұрақ қояды. Ең алдымен балалар жеке ленталарды ғана атайды («Қызыл лента сарыдан ұзынырақ», «Қызыл лента жасыл лентадан ұзынырақ» т.с.с.). Тәрбиеші қызыл лентадан қысқа барлық ленталарды ойланып, атап шығуды ұсынады.
Ленталар қатарын тағы да бір шолып шығып, бала былай деп жауап береді: «Қызыл лента қызғылт, сары және жасыл ленталардан ұзынырақ. Ол барлық ленталардың ең ұзыны».-«Ал ең қысқасы қандай лента?» -деп тәрбиеші жаңа сұрақ қояды. Балалар жасыл лентаны атайды: «Ол лента қандай лентадан аздап қысқа?» -«Сарыдан». Осылайша ең алдымен барлық қатар жатқан ленталар рет -ретімен салыстырылып қорытынды жасалады: «Жасыл лента қандай ленталардан қысқа?»
Кемімелі немесе өспелі ретпен орналастырылған ленталарды, жолақтарды және басқа заттарды салыстыруға ұдайы жаттыға отырып, балалар қатынастардың транзитивтігімен іс жүзінде шын мәнісінде танысады.
Сонда -ақ сериялы қатардағы бір жолақтың екіншісінен қанша ұзын екеніне балалардың назарын аудару әбден қажет. Ұсынылған бірдей түсті, ені бірдей және ұзындығы әр түрлі бес жолақтан балалар сериялы қатар түседі. Мынау «баспалдақ», ал мынау «басқыштар», - деп балалар баспалдақта саусақтарымен «жоғары» және «төмен» көрсетіп шығады. Тәрбиеші қатар тұрған екі жолақтың ұзындықтарын теңестіру үшін не істеу керектігін ойлауды тапсырады. Ол ұзындығы әр түрлі, бірақ ені жолақтың еніндей, бірнеше тік төртбұрыш алып келеді де қатар тұраған екі жолақ бірдей болып шығу үшін, олардың бірін толықтыратын тік төртбұрышты таңдап алуды ұсынады. Қатар тізілген жолақтарды теңестіру мақсатымен барлық жолақтарға жалғастырып қойып шыққан кішкене тік төртбұрышты көрсетеді. «Баспалдақтың бір басқышы екіншісінен қанша үлкен болғаны?» Тік төртбұрышты барлық жолақтарға ретімен жалғастырып көріп, балалар баспалдақтың басқыштарның ені барлық жерінде бірдей деген қорытындыға келеді. «Жолақтардың бәрінің ұзындығы бірдей болу үшін не істеу керек?»-деп тәрбиеші жаңа сұрақ қояды. Балалар ойланып қалады. Тәрбиеші әрқайсысына төрт-бес жолақтан береді де, бұл жолақтардың қайсылырын балалар қайда қойғанда баспалдақ тік төртбұрышқа айналатынын ойлап айтуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындайды да баспалдықтың екінші, үшінші және төртінші басқыштарының әрқайсына жалғастыра салынған жолақтың неше кішкене тік төртбұрыштардан тұратынын санайды. Қатар тұрған басқыштарының ұзындықтарының айырмасын көрсететін жолақтың үлкендігіне балалардың назарын аудара отырып, тәрбиеші «ал жолақтардағы әрбір кікене тік төртбұрыш нені көрсетеді?» -деп сұрайды.
Сондай-ақ балаларға бір қатарға ұзын бес жолақ орналастыруды ұсынып, одан кейін аралық өлшемді қосымша тағы да жолақ беру керек те оларды тізілген қатарға ендірту керек. Бірінші баспалдақтың екіншіден қандай айырмасы бар екенін балаларға түсіндіруді ұсынады. Балалар бірінші баспалдақта бес басқыш және олар өте биік болғанын, ал екінші баспалдақта он басқыш, бірақ олар аласа екенін айтады.
Балаларға тапқырлық қажет болатын тапсырма да беруге болады. Қатал бір қалыпты сериялық қатар құрастыруға болмайтын, себебе осы жолақтар ішінде ұзндығы бірдей екі жолақ болғандықтан ұзындығы әртүрлі алты -сегіз жолақ беріледі. Балалардың көпшілігі өздерінде ұзындығы тең екі жолақ бар екенін бірдей байқап, олардың бреуін алмастыруын сұрайды. Ең ақырында, жолақтардың орналасуындағы бірқалыптылықтың бұзылғанн байқамайтын және тәрбиеші мен балалардың көмегімен салынған баспалдақ та соңынын бөлшектеу нәтижесінде ғана байқайтын балалар да бар.
Заттың ені мен биіктігінің қатынасына да осыған ұқсас жаттығулар өткізу ұсынылады.
Шаманы сенсорлық қабылдауға балаларды үйретуде М.Монтессори ұсынған бірқатар дидактикалық материалдарды пайдаланған дұрыс (ұзын баспалдақты, енді баспалдақты; цилиндрі бар білеушелерді: үлкен -кіші, биік -аласа, жуан -жіңішке.)
Балаларды тек сабақатарда ғана емес сондай-ақ дидактикалық ойындар процесінде, мысалы, «Қапты не барын ойлап тап» ойынын пайдаланып табуға жаттықтыру қажет. (қап формасы мен үлкендгі әр түрлі заттармен толтырылады). Бірқатар ойындарды Ф.Н.Блехердің «Дидактикалық ойындар және дидактикалық материалдар» атты кітабынан алуға болады. Заттардың ұзындағы, ені және биіктігі бойынша сериялық қатар жасау жоғары класс оқушылары мен мектеп жасына дейінгі естиярлар мен ересек балалардың шама -шарқына әбден лайық. Бұл кезде ересек балалар заттарды тек кемімелі немесе өспелі орналастырып қана қоймай, сонымен қатар сериялық қатар элементтерініңи арасындағы айырмашылық қатынастарды түсінетінде болады. Бұл фактілерЖ.Пиаже мен Б.Инельдердің сериялық қатар элементтері арасындағы айырмашылық қатынастар тендігін қабылдау тек 10 -12 жастағы балалардың ғана шама -шарқына лайық деген пікірін бекерге шығарады.
Мұнда заттардың өлшемдері жөнінде білімдері олардың өнімді іс-әрекетінде – сурет салғанда, жабыстыруда, конструкциялауда көрсетлуі үшін, заттар формасы мен өлшемдері өзара байланыста қабылдануы үшін, өз айналасындағы заттардың әр түрлі сапалары мен қасиеттеріне үңіле қарай білуге балаларды үйрету педагогикалық маңызды міндет болады. Дидактикалық ойындарда затты рқашан осы ек қасиеті бойынша танып блетіндей болып берілетіні де, міне, сондықтан.