Бекіту сұрақ-тапсырмалары
1. Шама және өлшеу тәсілдері туралы түсініктерді дамыту жөнінен істелетін жұмыс әдістемесіне сипаттама беріңіз.
2. Балаларды геометриялық фигуралармен таныстыру әдістемесіне сипаттама беріңіз, дидактикалық материал дайындаңыз.
Бес жастағы балалардың кеңістікі және уақытты бағдарлауы.
Жоспар
Ересек жастағы балаларды кеңістік түсініктерімен таныстыру әдістемесі.
Балаларды уықыт түсініктерімен таныстыру әдістемесі.
Ересек балалар тобында баланың озінен басталатын қозғалыстар бағыты жөніндегі білімдерін бекітуді әрі қарай жалғастырып отыру қажет. Бұл топтағы басты міндет бір заттың екінші затқа қатысты алғандағы орнын анықтау және сөзбен атау шеберлігін игеріп алу болып табылады, мысалы қуыршақтың оң жағында қоян отыр, ал қуыршақтың сол жағында ат тұр, қуыршақтың артында қонжық, ал қуыршақтың алдында әтеш тұр.
Заттардың арасындағы кеңістік қатынастарды білдіретін сөдерді түсіну және қолдану балаға өзінің сезім тәжірибесін ұғынуға көмектесетін маңызды фактор болып табылады.
Кеңістікте бағдарлауды дамытуда серуеннің, экскурсияның, қимыл – әрекетті ойындардың, дене шынықтыру жаттығулары мен балалардың тек өз тобының бөлмесінде бағдарлай алуы ғана емес, сондай -ақ бүкіл балалар бақшасы үйінде бадарлауының ерекше рөлі бар.
Арнайы жаттығулардың көмекші мәні болады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқытудың қандай әдістері пайдаланылуы мүмкін? Дидактикалық суреттерді құрастыру және ондағы заттардың орнласуын сипаттау, бірыңғай, бірақ түрліше орналасқан, заттары бар пар суреттерді лайықтап алу. Мысалы қағаз жолақтарының бір парында үш ойыншықтың суреті бір қатарға салынған: центрінде – қонжық, оның сол жағында – паровоз, ал оң жағында – қайық т.с.с., яғни барлық үш заттың орындары алмасады. Тәрбиеші суреттердің біреуін көрсетеді де балалардың қайсысында сондай сурет барын сұрайды. Соған пар суреті бар бала суретін көрсетеді, оны сипаттап береді және көрсетілген суретпен бір пар құрайды. Мұнда маңызды мәселе баланың пар суретті табуында ғана емес, заттардың кеңістікте орналасуын сипаттап беруінде болады.
Екінші әдіс. Бөлменің әр бұрышына тәрбиеші топ – топ ойыншықтар қояды. Шақырылған бала сол топ заттарға жақындап келіп, өзінің көргенін айтып беру керек, мысалы, алдыңғы оң жақ бұрышта қоян отыр, оң жағында саққыналары бар конус тұр, ал қояның сол жағында – қуыршақ үстелі тұр, қояның алдында сәбіз жатыр, ал қоянның артында шырша тұр. Барлық ойыншықтар әр түрлі, олар не бары бесеу.
Кеңістікте бағдарлай білуді бекіту үшін дене шынықтыру жаттығуларын пайдалануға болады, ол жаттығулар процесінде балалар команда бойынша өзінің жүріп, жүгіріп келе жатқан қозғалысы бағытын өзгертуге, қандай да бір затқа қатысты алдындағы өзінің кеңістіктегі орнын сипаттай білуге үйренулері керек, мысалы, «мен үстелдің артында тұруым керек еді, ал мен үстелдің алдында тұрдым».
Тәрбиешінің тапсырмасы бойынша бір бала бір нәрсені шкафтың артында, шкафтың астында, шкафтың жанына т. с. с. жасырып қояды да, екінші бала соны іздеп тауып, оны қандай тапканын айтып беретін ойын түріндегі әдістерді де қодауға болады.
Үш өлшемді кеңістікте бағдарлауды бекіту үшін көптеген мүмкіндіктер бар.
Ересек балалар тобында балаларды жазықтықта, яғни өлшемді кеңістікте, еркін бағдарлай білуге үйрету керек, ал ол оңай тие қоймайды және бұған мектепке келген балалардың өздерінің де жеткілікті дайындығы әрқшан бола бермейді, олар көбінесе дәптер парағының жоғарғы жағы мен төменгі жағы дегенді біле бермейді. Осыған балаларды сабақ кезінде жаттықтырған жөн. Ең алдымен балаларға мынадай сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіріп алу қажет: центірде, ортасында, оң жағында, сол жағында, оң жақ бүйірінде, жоғары, төмен, сол жақ бүйірінде т. с. с. содан соң бір қатар практикалық есептер ұсыну керек.
Осындай сабаққа мысал келтірейік. Тәрбиеші цифрларды парақ қағазға өзі айтқандай етіп орналастыруды тапсырады: парақтың центіріне 5 цифрын, оның оң жағына 6 цифрін, ал сол жағына 4 цифрын қою керек; 5 цифрының жоғарғы жағына, төбесінде 2 цифрын, оның оң жағына 3 цифрын. Ал сол жағына 1 цифрын қою керек; 5 цифрының төменгі жағына, астына 8 цифрын, оның оң жағына 9 цифрын, ал 8 цифрының сол жағына 7 цифрын қою керек.
Цифрлар рет – ретімен үш жолға орналасты. Тәрбиеші солдан оңға қарай атай отырып, оларды оқып шығуды тапсырады.
Алайда басқаша орналасуы да мүмкін, мысаы: парақтың жоғарғы сол жақ бұрышына, жоғарғы оң жақ бұрышына, төменгі сол жақ, төменгі сол жақ бұрышына, төменгі оң жақ бұрышына, центіріне немесе ортасына, сол жақ бүйір сызығы бойына т. с. с. орналасуы мүмкін. Бұл жағдайда балаларды тек тәрбмешінің айтқаны бойынша іс - әрекет жасап қана қоймай, өздерінің іс жүзінде жасаған іс - әрекеттерін сөзбен жеткізе білуге, қандай да бір объектілердің орналасуы жөнінде әңгімелеп беруге үйрету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |