І. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Балаларды уықыт түсініктерімен таныстыру әдістемесі



бет53/56
Дата20.09.2022
өлшемі278,81 Kb.
#150145
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
kazedu 201572

Балаларды уықыт түсініктерімен таныстыру әдістемесі.
Алдыңғы топтың өзінде –ақ балалар уақыт мезетерінің ретімен, тәуліктің бөліктерімен, олардың алмасып отыратындығымен танысып, бүгін, ертең, кеше дегенді айыра білуге үйренеді, бір тәуліктің екіншісімен ауысып отыратын ұғынып алған болатын енді оларды тәуліктің өз атаулары болатынын, жеті тәулік немесе жеті күн бір апта болатынымен, ал әрбір жеті күннің реті: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі т. с. с. болатынымен таныстыруға болады.
Ересек балалар тобында әр күні балалар сол күнді анықтайды, өткен және келесі күндерді атайды. Апта күндерінің ауысуы жөніндегі, ал сонан соң бір аптаның екіншісімен ауысуы жөніндегі білімді игеріп алу балаларды уақыттың периодтылығы туралы түсінікке келтіреді. Балалардың өздері «жылдың айналып тұратыны» жөнінде айта бастайды: жаз шығып еді, ол өтіп, қайтадан жаз келеді. Аптада дүйсенбі болып өткені, ал жеті күннен кейін қайтадан дүйсенбі болатыны сияқты.
Сондай – ақ балалардың назарын бірте – бірте олардың жасайтын іс - әрекетінің белгілі бір мерзімнің ұзақтығына аудару керек. Мысалы, балаларға тәрбиеші серуенге шығарда қанша уақыт кейінгенін ойлап көруді тапсырады. Уақыт мерзімдерінің ұзақтығын түсініп алмаған балалар түрліше жауап береді (екі минуттан бір сағатқа дейін). Балалардың кейінуге не бары 20 минут жұмсағанын тәрбиеші анықтайды. Егер балалардың назары үнемі осы процедураның ұзақтығна аударылып отырса, олар қандайда бір уақыт мерзімінің ұзақтығы жөнінде бірте – бірте білім ала бастайды. Балалар тезірек орындауға ынталана бастайды. «Мен бүгінгі серуенге шығу үшін неше минут кейінетінімді байқаңыздаршы. Мен тез кейініп шығуға тырысамын», - деп сұрайды бала тәрбиешіден.
Қандай да бір іс - әрекеттің ұзақтығына балалардың назарын аудару бара – бара балалардың «уақыттық сезімін» дамытады.


Бекіту сұрақ-тапсырмалары
1.Ересек жастағы балаларды кеңістікті бағдарлауға үйрету әдістерін қолданып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасын құрастырыңыз.
2. Ересек жастағы балаларды уақытты бағдарлауға үйрету әдістемесіне сипаттама беріңіз. Балаларды уақытты бағдарлауға үйретуде пайдаланатын дидактикалық материал жинақтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет