Ибраева магрипа курманбековна


Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата16.03.2020
өлшемі2,1 Mb.
#60229
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
disser ibrayeva m


 
2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері 
Тәжірибелік-эксперимент  жұмыс  алдыңғы  2.2  параграфта  айтылып 
өткендей  үш  кезеңнен  тұрды:  анықтау  эксперименті,  қалыптастыру 
эксперименті  және  қорытындылау  эксперименті.  Эксперимент  Алматы 
қаласындағы  «FasTracKids»  академиясында,    №105  бала  бақшасында  
жүргізілді. 42 бала, 28 ата-ана, 14  педагог қатысты. Бақылау тобына №105 бала 
бақшасындағы  сәбилер  тобынан  22  бала  қатысты.  Эксперимент  тобына   
«FasTracKids» академиясыннан екі топта оқитын 20 бала қатысты. 
Балаларды ерте жастан дамытудағы халық шығармашылығы бағытының 2 
жыл ішіндегі 15-20%-ға өсуін әлеуметтік талдауға талпыныс жасадық. 
2015    жылы  1,5  жастан  2  жасқа  дейінгі  эксперименттік  топтарда  «Сәби 
танымы»    кешенді  бағдарламасы  жүзеге  асырыла  бастады.  Бағдарламаны 
мақұлдаудан  өткізу  төрт  педагог  жұмыс  жүргізетін  екі  топта  жүргізілді. 
Құзыретті  педагог-  маман  даярлау  қажеттілігі  туындады.  Қазіргі  кезде 
бағдарлама  бойынша  8  педагог  жұмыс  істейді,  маман  кадрлар  дайындауды 
жүзеге асыру жалғасын табуда.  Осы педагогтарға арналған біліктілігін көтеру 
бағдарламасы жүргізілді.  
 
Кесте  14  -  Педагогтарды  ерте  жастағы  балалардың  танымдық    белсенділігін 
қазақ халық шығармашылығымен дамытуға  даярлау бағдарламасы 
 
Тақырыптық жоспар 
 
Сабақ тақырыбы 
Сағат 
саны 
Сабақ 
нысаны 
Есеп беру 
нысаны 




Ерте  жастағы  балалардың  танымдық 
белсенділігін  дамытудың  теориялық 
негіздері 

дәріс, 
шеберлік 
сынып 
Презента 
ция 

130 
 
14 – кестенің  жалғасы 
 




Қазақ  халық  шығармашылығының 
ерте  жасар  балалардың  танымдық 
белсенділігін 
дамытудағы 
мүмкіндіктері 
 
 
 
дамытудамытудың  
 

 
дәріс,  шеберлік 
сынып 
презента 
ция 
Ерте  жасар  балалардың  танымдық 
белсенділігін 
қазақ 
халық 
шығармашылығы 
құралдарымен  
дамытудың моделі 

дәріс,  шеберлік 
сынып 
презента 
ция 
Педагог-бала-ата-ана 
бірлестігіндегі 
жұмыс түрлері 

семинар, 
шеберлік сынып 
портфолио 
Ана мектебі жағдайында баланың жеке білім 
беру траекториясын жобалау. 

семинар, 
шеберлік сынып 
баланың  жеке  білім 
траекториясы 
сының жобасы 
Ерте  жастағы  балалардың  танымдық 
белсенділігін диагностикалау 

семинар, 
шеберлік сынып 
 жоба 
Барлығы: 
12 
 
 
 
Әсіресе осы бағдарламада үздіксіз білім беру жүйесінде педагог-бала-ата-
ана    бірлестігінің  маңыздылығы    айтылады.  Ерте  жастағы  балалардың 
танымдық  қабілеттерін  дамыту  үдерісінің  мәні  мен  маңызы.  Қазіргі  заманғы 
басқа  мамандардың  болашақта  білім  алу  үшін  баланы  алдын-ала  және  ерте 
дамыту  кезеңдерінің  маңыздылығы  туралы  зерттеулерін  талдау.  Ана  мен 
баланың  өзара  шығармашылық  қарым-қатынасы.  Қазіргі  және  болашақ  ата-
аналардың  педагогикалық  құзыреттілігі:  мәселелері  мен  келешегі.  Мектеп 
жасына  дейінгі  балалық  кезеңнің  өзіндік  ерекшелігі  мен  сезімталдығына 
негізделген  баланың  жеке  білім  беру  траекториясын  құру.  Қазақ  халық 
шығармашылығының педагогикалық жіктемесі. Оларды балалардың танымдық 
белсенділігін дамытуда қолданудағы әдіс-тәсілдері мазмұндалады.  
Жалпы,  «Сәби    танымы»  кешенді  бағдарламасын  бастапқы  кезеңде 
бағдарламаны  жүзеге  асыру  бойынша  бала  санының  өсімі  бар-жоғы  10%-ды 
құрады, ата-аналар мен балалардың қызығушылығын тудыру үшін қазақ халық 
шығармашылығы құралдары мен халықтық педагогика негіздерін оқыту туралы 
түсіндіруге  тура  келді,  негізінен  бұл  балаларды  бір  жарым  жастан  бастап 
дайындайтын  аз  мөлшердегі  орталықтар  мен  бірлестіктерде  жүргізілді. 
«Балаларды  ерте  дамыту»  орталық  балалары  мектепке  дейінгі  мекемелерге 
бармайтын  ата-аналарды  қатты  қызықтырды.  Мұндай  жағдайда  олар  баланың 
дамуына  пайда  әкелетін  ұйымдасқан  қарым-қатынас  қажет  етеді.  Қарым-
қатынаста  сабаққа  қатысу  дәлелдемесі  басым  болып  табылады,  сондықтан 
бағдарламаны  жүзеге  асырудың  алғашқы  кезеңінде  балама  сабақтың  болмауы 
себепті  балалар  санының  өскені  байқалды.Топты  жас  бойынша  құру 
қызығушылық  тудырды.  Басында  ерте  жастағы  балалар  тобына  1,5  жастан  3 
жасқа дейінгі балалар қабылданды, келесі топты эксперимент  тобы  үшін 2-3 
жастағы  балалар  алынды.  2015  жылы  педагогикалық  құрам  бұл  2  жастан  3 

131 
 
жасқа  дейінгі  балаларды  жеке  топқа  бөлуді  шешті.  Бұл  топтағы  жас 
категориясы  (үш  жаста  психологиялық  тоқырау  сипатындағы)  өте  жеңіл,  ал 
екінші жағынан оқыту үдерісінде өте қызықты болды. Бұл жастағы балалардың 
мінез-құлқы  іс  жүзінде  қалыптасқан,  педагогке  тек  жеке  қабілетін  ашу  және 
қажетті  түзетулер  жасау  ғана  қажет.  Балалардың  темпераменті  мен  мінез-
құлқына  сәйкес  педагог  оларға  қиынырақ  міндеттер  қояды.  Қолданбалы 
тапсырмалар  күрделене  түседі  және  біршама  уақыттқа  созылады,  сюжеттік-
рөлдік  ойындар,  ертегілер  қойылымы,  жеке  ән  айту,  фольклордың  қарапайым 
түрлері  пайда  болады.  Бұл  топ  жаңадан  келгендер  қатысатын  екінші  жыл 
оқитын  балалармен  бірігеді,  олардың  ұялшақтықтарын  жеңуге  көмектеседі, 
осылайша, педагогтарда сабақтың мазмұнын білетін көмекшілер пайда болады. 
Бұл  арқылы  халықтық  педагогиканың  сабақтастық  және  жанрларды  ауызша 
жеткізу принципі пайда болады, олардың арасындағы жас айырмашылығы аса 
үлкен  емес,  сондықтан  екінші  жыл  оқитын  балалар  тез  алға  жылжиды  әрі 
материалдарды жеңіл меңгереді. 
2016  жылдан  бастап  біз  оқушыларды  жас  шегі  бойынша  топтарға 
топтастырдық:  1,5-тан  2  жасқа  дейін,  2-ден  2,5  жасқа  дейін,  2,5-тен  3  жасқа 
дейін.  Бұл  сабақты  әр  жарты  жыл  сайын  өзгеріп  тұратын  баланың  жас 
ерекшелігіне  қарай  құруға  көмектеседі.  Сонымен  бірге  даму  барысында  артта 
қалатын,  өзінің  жасына  сай  топта  өзін  жайсыз  сезінетін,  керісінше  өз 
құрбыларынан  даму  жағынан  озып  кететін  балалардың  жеке  қабілеттері  де 
ескерілді,  кейбір  балалар  өздерінің  жасына  сай  топта  қызығушылығын 
жоғалтуы мүмкін. Сондықтан эксперимент тобы ек топтан үйренуі қиын топтан 
және  табысты  топтан  тұрды.  Топтың  ата-аналары  өтініштері  бойынша 
баласының қызығушылығын көру үшін сабаққа қатысады, сонымен бірге олар 
тек  бақылаушы  емес,  сабақтың  белсенді  қатысушысы  да  бола  алады. 
Сондықтан  оқытуда  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізуге  болады.  Бұл  топта 
үлгерімді бақылау және есепке алу қажет әрі мүмкіндік бар, өйткені бұл топта 
жарысуға  деген  қызығушылық  пайда  болады  және  топ  белсендісін 
қалыптастыруға,  тіпті  көшбасшысын  анықтауға  болады.  Халық  ойындарының 
барлық  түрі,  халық  театрының  сан  алуан  жанрлары,  күрделі  емес  әндер, 
балалардың  сәби-ғұрыптық    жырлары  және  күлдіргі  әндері,  халық  билері 
белсенді  түрде  қолданылды,  қолөнерді,  қарапайым  бояуды,  саздан  мүсін 
жасауды  меңгереді,  ер  балалар  ұлттық  ойындар  негізінде  күрес  элементтерін  
үйренді.Мерекелерде  кейде  топтар  біріккен  кезде  ата-аналарда  «кішкене 
балалармен  бірге  болу  ересек  балаларға  қызықсыз  болады»  деген  қорқыныш 
туады,  бірақ  бұл  жаңсақ  пікір,  өйткені  халық  шығармашылығы  барлық  жастағы 
балалар үшін әмбебап болып табылады. Қол қимылымен бірге орындалатын әзіл 
өлеңді  ерте  жастағы  балалар  ата-аналарымен  бірге  көрсетеді.  Халық  ертегілерін 
сахналауда  оқушылардың  барлығы  атсалысады,  әрі  көрермен,  әрі  қатысушы 
болады.  Ерте  жастағы  балаларға  да,  кіші  жастағы  балаларға  да  қызықты  бірігіп 
ойнайтын  ойындарды,  әндерді,  айналып  хормен  ән  айтуды  жалпы  өткізуге 
болады.Біз алға қойған мақсатымыздың толық нәтижесін айта алмаймыз, өйткені 
оқушылар бір жылдан екінші жылға толық құраммен ауыспайды. Әр жыл сайын 

132 
 
шамамен 20-дан 40%-ға дейінгі оқушылар әртүрлі себеппен топтан шығып кетеді. 
Соған  қарамастан  ерте  жастағы  балалардың  ата-аналары  сауалнамалар  мен 
жазбаша  пікірлерінде  көрсеткендей,  оқыту  нәтижесінің  жоғары  көрсеткішін 
белгіледі. Балалар санының жетіспеушілігі жаңа оқушылармен толығады, тұтастай 
алғанда 
15-20%-ға 
өсіп 
отырады.Тәжірибелік-эксперимент 
жұмысының 
қорытындылау 
кезеңінде 
 
ерте 
жастағы 
балалардың 
қазақ 
халық 
шығармашылығымен  танымдық  белсендігі  дамуының  деңгейін  анықтау  және 
қалыптастыру эксперименттерінің нәтижелерін  салыстыра отырып байқадық.  
Біз  аталған  дамудың  қажеттілік-құштарлық,  байқап-білу,  үйреніп-жасау 
компоненттеріне    сәйкес  құштарлық,  талпынысты,  саналы  белсенділіктері 
бойынша бастапқы және қорытынды кесіндіні салыстырдық.  
 
Кесте15  –  Бақылау  тобы  бойынша  ерте  жастағы  балалардың  танымдық 
белсенділігінің  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарымен  дамуы 
динамикасы 
 
Эксперимент 
кезеңі 
Топтар 
Танымдық белсенділіктің даму деңгейлері 
құштарлық 
талпынысты 
саналы 
Бастапқы 
кесінді 
БТ 

27,3 
68,2 
4,5 
саны  6 
15 

Қорытынды  
Кесінді  
БТ 


68 
22,7 
саны  2 
15 

 
 
Сурет 22 - Бақылау тобы бойынша ерте жастағы балалардың танымдық 
белсенділігінің қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамуы 
динамикасы 
 
 
0
20
40
60
80
Бастапқы кесінді 
Қорытынды кесінді 
Бақылау тобындағы ерте жастағы балалардың 
танымдық белсенділігінің қазақ халық 
шығармашылығы құралдарымен дамуы 
динамикасы 
құштарлық 
талпынысты 
саналы 

133 
 
Кесте  16  -  Бастапқы  кесінді  бойынша  ерте  жастағы  балалардың  танымдық 
белсенділігінің  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарымен  дамуы 
динамикасы 
 
Эксперимент 
кезеңі 
Топтар 
Танымдық белсенділіктің даму деңгейлері 
құштарлық 
талпынысты 
Саналы 
Бастапқы 
кесінді 
 
 
 
ЭТ 

40 
60 

саны  8 
12 

БТ 

27,3 
68,2 
4,5 
саны  6 
15 

 
 
Сурет 23 - Бастапқы кесінді бойынша ерте жастағы балалардың танымдық 
белсенділігінің қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамуы 
динамикасы 
 
Кесте  17  -  Эксперимент  тобы  бойынша  ерте  жастағы  балалардың  танымдық 
белсенділігінің  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарымен  дамуы 
динамикасы 
 
Эксперименткезеңі  Топтар 
Танымдық белсенділіктің даму деңгейлері 
құштарлық 
талпынысты 
Саналы 
Бастапқы кесінді 
ЭТ 

40 
60 

саны  8 
12 

Қорытынды  
Кесінді  
ЭТ 


30 
70 
саны  0 

14 
0
10
20
30
40
50
60
70
Бастапқы кесінді 
Бастапқы кесінді бойынша ерте жастағы балалардың 
танымдық белсенділігінің қазақ халық шығармашылығы 
құралдарымен дамуы динамикасы 
құштарлық 
талпынысты 
саналы 
    ЭТ                                  БТ

134 
 
 
Сурет 24 - Эксперимент тобы бойынша ерте жастағы балалардың танымдық 
белсенділігінің қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамуы 
динамикасы 
 
Кесте  18    -  Ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігінің  қазақ  халық 
шығармашылығы құралдарымен дамуы динамикасы 
 
Эксперимент 
кезеңі 
Топтар 
Танымдық белсенділіктің даму деңгейлері 
құштарлық  
белсенділік 
талпынысты 
белсенділік 
саналы 
белсенділік 
Бастапқы 
кесінді 
 
 
 
ЭТ 

40 
60 

саны  8 
12 

БТ 

27,3 
68,2 
4,5 
саны  6 
15 

Қорытынды  
кесінді  
ЭТ 


30 
70 
саны  0 

14 
БТ 


68 
22,7 
саны  2 
15 

 
0
10
20
30
40
50
60
70
Қорытынды кесінді 
Қорытынды кесінді бойынша ерте жастағы балалардың танымдық 
белсенділігінің қазақ халық шығармашылығы құралдарымен 
дамуы динамикасы 
ЭТ                                                 БТ
0
10
20
30
40
50
60
70
Бастапқы кесінді 
Қорытынды 
кесінді 
Эксперимент тобындағы ерте жастағы балалардың 
танымдық белсенділігінің қазақ халық 
шығармашылығы құралдарымен дамуы 
динамикасы 
құштарлық 
талпынысты 
саналы 

135 
 
 
 
Сурет 25 - Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігінің қазақ 
халық шығармашылығы құралдарымен дамуы динамикасы 
 
Кестеден және суреттен көрініп тұрғандай ерте жастағы балалардың қазақ 
халық  шығармашылығы  құралдарымен      танымдық  белсенділігінің    дамуы 
деңгейі  мынадай:  егер  эксперимент  тобындағы  балалардың  эксперимент 
басында  саналы  белсенділік    деңгей  0%  болса,  соңында  –  70%-ға  жетті, 
талпынысты  белсенділік  деңгейді  бастапқыда    балалардың  –  60%  көрсеткен 
болса,  олардың  басым  бөлігінің  саналы  белсенділік  деңгейіне  көтерілуіне 
байланысты,    талпынысты  деңгей    эксперимент  соңында  30%-ға  азайды;  
бастапқыда  құштарлық    белсенділік  деңгейдегі  ерте  жастағы  балалар  40%-ды 
құраған  болса,  эксперимент  соңында  олар  0%-ды  құрады,  өйткені  олардың 
барлығы талпынысты, саналы белсенділік деңгейіне көтерілді.  
Біз  жасаған  ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығымен 
танымдық  белсенділігін  дамыту  кешенді  бағдарламасының  және  онда 
қолданылған  әдіс-тәсілдердің  тиімділігін  эксперимент  тобының  нәтижесімен 
бақылау тобының нәтижесін салыстырғанда көз жеткіздік.    
Суреттен  байқалып  тұрғандай  бақылау  тобындағы  балалардың 
эксперимент басында саналы белсенділік деңгейі 4,5% болса, соңында – 22,7%-
ға  жетті,  яғни  18,2%-ға    талпынысты    белсенділік  деңгейді  бастапқыда  
балалардың  –  60%-ы  көрсеткен  болса,  эксперимент  соңында  да  60,8%-ды 
құрады,  бастапқыда  құштарлық  деңгейдегі  ерте  жастағы  балалар  27,3%-ы 
құраған  болса,  эксперимент  соңында  олар  9%-ды  құрады.  Демек,  бақылау 
тобындағы  ерте  жастағы  балалардың  да  қазақ  халық  шығармашылығы 
құралдарымен  танымдық  белсенділігін  дамыту  барысында  динамикалық  өсу 
байқалады. Дейтұрғанмен эксперимент тобы бақылау тобына қарағанда жоғары 
көрсеткіш көрсетті.  
0
10
20
30
40
50
60
70
Бастапқы кесінді 
Қорытынды 
кесінді 
Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігінің 
қазақ халық шығармашылығы құралдарымен 
дамуы динамикасы 
құштарлық 
талпынысты 
саналы 
    ЭТ                                  БТ                                  ЭТ                          БТ

136 
 
Осылайша,  эксперимент  балаларды  ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық 
шығармашылығымен  танымдық  белсенділігін    дамытуда  құрастырылған 
экксперименттік кешенді бағдарламаның тиімділігі айқындалды: 
-  қазақ  халық  шығармашылығының  түрлі  салаларына  қызығушылықты 
дамыту арқылы өз мәдениетіне жағымды қарым-қатынас қалыптасады
-  эмоционалды  би  ойындары,  түрлі-түсті  ұлттық  киімдер  мен  ұлттық 
музыкалық  аспаптардың  үні  арқылы  баланың  ұлттық  қасиеттерге  өзін-өзі 
бейімдеуін жүзеге асады. 
-  әртүрлі  ұлттар  мен  діни  нанымдағы  отбасылардың  балалары  арасында 
ұлттық  әлеуметтену  мен  бейімделу  нәтижесінде  толерантты  қарым-қатынас 
қалыптасады;  
-  ата-аналар  мектепке  дейінгі  жаста  қазақ  халық  шығармашылығын 
пайдаланудың қажеттілігін түсінеді; 
-  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарының  ерте  жастағы  балалардың  
психикалық үдерістерінің (сезіну, қабылдау, қиял, ес, зейін, тіл, ойлау) дамуына 
оң ықпал етуі негізінде олардың танымдық белсенділігі арттады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

137 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
1.  Ерте  даму,  ерте  балалық  шақ  мәселесі  қарастырылған  психологиялық-
педагогикалық  еңбектерге  жасаған  талдау  баланың  ерте  жас  аралығының 
кезеңдері әдебиеттерде жан-жақты талданғанын, бірқатар теориялық қағидалар 
мен  тұжырымдардың  (құрсақтық    тәрбие,  туғаннан  тәрбиелеу,  туғаннан  – 3 
жасқа дейін бала тұлғасын қалыптастыру, жаны мен тәнін тәрбиелеу және 
т.б.)  қалыптасқандығын  көрсетті.  Осы  теориялық  талдау  негізінде  бүгінгі 
күнде  әдебиеттерде  басым  тұрақтанған  және  практикада  жүзеге  асырылып 
жатқан  ерте  жастағы  баланың  жас  шекарасының  кезеңдері  болып  1-3  жас 
аралғы саналады және ол нәрестелік (0-1 жас) және  сәбилік (1-3 жас) кезеңнен 
тұрады.  
2.  Белсенділік    ғылыми  әдебиеттерде  адамның  қозғалыс  формасы, 
динамикалық жағдайы, қатынас көрсеткіші, саналы іс-әрекеті, белсенді күйі, 
даму  қозғалыс  күші,  қасиеті    тұрғысынан  қарастырылған.  Біз  өз  зерттеу 
пәнімізге  сәйкес  «ерте  жасар  баланың  белсенділігі  қоршаған  ортамен, 
адамдармен қарым-қатынастағы әрекетінің көрініс», деп түсінеміз. 
3.  «Белсенділік»,  «Танымдық  белсенділік»  анықтамаларының  мәніне 
талдау жасау оларға берілген түсініктер мен тұжырымдарды жүйеге келтіруге,  
олардың бір-бірімен арақатынасын көрсетуге және аталған ұғымдарды зерттеу 
пәнімізге  сәйкес  нақтылау  мүмкіндігін  тудырды.  біздің  түсінігімізше,  «Ерте 
жасар 
баланың 
танымдық 
белсенділігі 
дегеніміз 
оның 
жаңаны 
қажетсіну,құштар болу, байқау, білу, үйрену, жасау әрекеттерінің көрінісі».  
4. Ғылыми әдебиеттердегі ерте жастағы  балалардың физиологиялық және 
психикалық  ерекшеліктерін  зерттеу  олардың  осы  жасында  дене  тәрбиесі  – 
баланың  физиологиялық  (бойы,  салмағының  өсуі,  денсаулығы,  еңбек  әрекеті), 
ақыл-ой  тәрбиесі  –  психикалық    үйлесімді  дамуын  (сенсорлық,  эстетикалық, 
адамгершілік  және  т.б.  сезімдерін,  ой-өрісін,  белсенділігін)»  жүзеге  асыру 
қажеттігін  көрсетті.  Ерте  жас  аралығындағы  баланың  танымдық  белсенділігін 
дамыту олардың дене және ақыл-ой тәрбиесінің дамуына тікелей ықпал етеді.  
5.  Ерте  жастағы  баланың  танымдық  белсенділігі  мен  психикалық 
үдерістерінің  дамуы  ара  қатынасын  зерттеу  бізге  ерте  жастағы  баланың 
танымдық  белсенділігін  дамытудың  механизмін  жасауға  мүмкіндік  берді 
(қажетсіну – құштар болу – байқау – білу – үйрену - жасау).  
6. Қазақ халық шығармашылығы және оны білім алушылардың оқу-тәрбие 
үдерістерінде  пайдалану  қарастырылған  еңбектерді  талдау  негізінде  қазақ 
халық  шығармашылығының  педагогикалық  жіктемесін  жасалды:  ауыз 
әдебиеті:  күлдіргі  өлеңдер,  мазақтамалар,    уату-алдарқату,    ертегілер, 
жұмбақтар, мақал-мәтел, жаңылтпаштар; музыка:  бесік жыры,  мәпелеу жыры, 
сәбилік ғұрып жыры,  ұлттық  би қимылдары; ойын: ойынға шақыру, қаламақ, 
санамақ,  ойын-ермек,  тәжікелесу; спорттық-қозғалыс ойындары; қолөнер: ою-
өрнек,    құрақ,    жапсырма  кесте,    ұлттық  киімдер,  тұрмыстық  бұйымдар,  
сыйлықтық бұйымдар. Осы педагогикалық жіктемені жасауда балалардың ерте 
жас  аралығы  ерекшеліктері,  аталған  шығармашылық  түрлерініің  осы  жастағы 

138 
 
балалар  тәрбиесінің  мазмұнына,  психикалық  үдерістерінің  дамуына  ықпалы, 
танымдық белсенділігін дамыту мүмкіндіктері негізге алынды.  
7.  Қазақ  халық  шығармашылығын    түрлерін  қарастыру  барысында  біз 
олардың  балалардың  қабылдауына  жеңіл,  білуге  құштарлығын  арттыратын, 
қиялын  ұшқырлайтын,  зейінін  қалыптастыратын,  эмоционалдық  жақсы 
сезімталдыққа  бейімдейтін,  ой-өрісін  өсіретін,  танымдық  аясын  кеңейтетін, 
саналы-әрекетке  итермелейтін,  белсенділігін  арттыратын  педагогикалық  құрал 
екендігін анықтадық. 
8.  Ерте  жастағы  баланың  танымдық  белсенділігін  қазақ  халық 
шығармашылығы  құралдарымен  дамыту  моделі  мақсаттық,  технологиялық, 
ұйымдастырушылық,  бағалаушылық    төрт  бөліктен  тұрады.  Мақсаттық  блок 
аталған  дамуды  жүзеге  асыруға  қоғамның,  мемлекеттің  талап,  сұраныстарын, 
мақсатын,  басшылыққа  алатын  (құндылық-мотивациялық,  жүйелілік,  жеке 
тұлғалық,  іс-әрекеттік,  жекелік-креативтілік)  әдіснамалық  тұғырларды  және 
принциптерді  қамтиды.  Технологиялық  –  бағдарлама  мазмұнын,  оны  жүзеге 
асырудағы 
жұмыс 
формаларын, 
әдістерін, 
құралдарын 
анықтайды. 
Ұйымдастырушылық  –  кезеңдерін  (мақсаттық,  мазмұндық-іс-әрекеттік, 
аналитикалық-түзетушілік.),  функцияларын  (дамытушы,  коммуникативтік, 
әлеуметтік-мәдени 
тәрбиелеу, 
оқыту, 
шығармашылық-қайта 
өңдеу), 
педагогикалық  экспериментті  (анықтаушы,  қалыптастырушы,  қорытындылау) 
сипаттайды.  Технологиялық  және  ұйымдастырушылық  блок  мынадай 
педагогикалық  шарттарды  сақтай  отырып  қалыптастыруды  көздейді: 
мәденитанымдық  білім  беру  ортасын  құру;    баланың  жеке  білім  беру 
траекториясын  жүзеге  асыру;  ана  мен  баланың  шығармашылық  өзара 
әрекеттестігі мен өзара байланысы; педагог-ана-баланың шығармашылық өзара 
әрекеттестігі  мен  өзара  байланысы.    Бағалаушылық  блокта  ерте  жастағы 
баланың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен 
дамыту  нәтижесін  анықтауға  арналған  өлшемдер  мен  көрсеткіштер  және 
деңгейлер көрсетіледі. 
9.  Аталған  дамудың  бағалау  компоненттерін  қажеттілік-құштар  болу, 
байқап-білу,  үйреніп-жасау  құрайды.  Оларға  сәйкес  өлшемдері  болып    қазақ 
халық  шығармашылығына  тұрақты  танымдық  қызығушылық,  қазақ  халық 
шығармашылығын  танып-білуге  эмоционалдық  жағымды  қатынасы,  қазақ 
халық  шығармашылығы  түрлерін  білуге,  үйренуге,  жасауға  ерік-жігерінің 
болуы, оны іс-әрекетте көрсетуі табылады.  Деңгейлері құштарлық белсенділік, 
талпынысты белсенділік, саналы белсенділік болып анықталды.  
10. Ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығымен танымдық 
белсенділігін дамыту бағытындағы «Сәби танымы» кешенді бағдарламасы үш 
бағдарламадан тұрады: 1) Ерте жастағы балаларды тәрбиелейтін педагогтардың 
біліктілігін  арттыруға  арналған;  2)  Ерте  жастағы  балаларды  тәрбиелеуде  ата-
аналармен  бірлестіктегі  жұмыс;  3)  Балаларды  ерте  дамыту  орталықтарында 
олардың  танымдық  белсенділігін  дамыту  мақсатында  пайдаланылатын  
бағдарлама.  Ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығымен 

139 
 
танымдық белсенділігін дамыту аталған үш бағдарлама мазмұнын (формалары, 
әдістері, құралдары) кешенді пайдаланғанда ғана тиімді болады.  
11. Ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығымен танымдық 
белсенділігі  дамуының  құштарлық,  талпынысты,  саналы  белсенділік 
деңгейлерін 
айқындау 
диагностикалық, 
мазмұндық-технологиялық 
қамтамасыздандырғанда  және    оларды  кезеңдермен    жүзеге  асырғанда  ғана 
нәтижесінің тиімділігі артатындығын көрсетеді.  
12.  Ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін  қазақ  халық 
шығармашылығымен  дамыту  біз  белгілеген  кезеңдеріне  сәйкес  интербелсенді 
технологияларды тиімді пайдаланудың маңыздылығы зор. 
13.  Ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін  қазақ  халық 
шығармашылығымен дамыту негізінде жасалған  үш бағытта жүргізілетін (ата-
аналарға, педагогтарға, балаларға) «Сәби танымы» кешенді  бағдарламасы және 
балаларға  арналған  қазақ  халық  шығармашылығы  жинағы  осы  проблеманы 
тиімді шешуге ықпал етеді.  
Жүргізілген зерттеу бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады: 
1. Ерте жастағы балалардың физиологиялық және психикалық дамуы мен 
танымдық  белсенділікті  дамыту  үдерісі  арақатынасына  арналған  теориялық 
тұжырымдар,  сипаттамалар    осы  саладан    теориялық  білімдерді  жүйелі 
меңгертуге  септігін  тигізеді.  Оларды  жоғары  оқу  оырындарының  оқу-тәрбие 
үдерісіне    (мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  мамандығы),      мұғалімдер 
біліктілігін  жетілдіретін  институттардың  және  жас  ғалымдар  мектебінің 
әдістемелік бағдарламаларына енгізу қажет. 
2.  Ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығымен  танымдық 
белсенділігін дамытуда мектепке дейінгі ұйымдардың (балаларды ерте дамыту 
академиясы,  орталығы,  студиясы,  бала бақша  және  т.б) білім беру  мен  тәрбие 
ортасын тиімді пайдалану қажет. 
3.  Балаларға  арналған  қазақ  халық  шығармашылығы  туындыларын 
мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ерте  жастағы  балалар  тәрбиесінде,  болашақ 
аналарға  Кеңес берушілік орталықтарында  пайдалануды практикаға ендірген 
жөн. 
4.  Ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығымен  танымдық 
белсенділігін  дамыту  біздің  ұсынып  отырған  кешенді    бағдарлама  аясында 
интербелсенді технологияларды қолдану негізінде жүзеге асырған дұрыс. 
5. Ұсынылып отырған кешенді бағдарламаны мектепке дейінгі оқыту мен 
тәрбиелеу мамандығы бойынша мамандар даярлайтын колледждердің, жоғары 
оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға болады. 
6. Зерттеу проблемасының ауқымы кең болғандықтан толығымен шешімін 
тапты  деуге  болмайды.  Алдағы  уақытта  ерте  жастағы  балалардың  сенсорлық 
дамуы,  ерте  жастағы  балаларды  тәрбиелеуде  ата-ана  мен  ерте  дамыту 
орталықтарының  шығармашылық  іс-әрекеттерінің  педагогикалық  шарттары, 
ерте  жастағы  балаларды  тәрбиелеуге  болашақ  мамандарды  даярлау,  ерте 

140 
 
жастағы  балалардың  қоршаған  ортаға  эмоционалдық  қатынасын  дамыту,  ерте 
жастағы  балаларды  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  әлеуметтік  дамыту,  ерте 
жастағы  балаларды  отбасында  тәрбиелеу    және  т.б.  проблемалар  арнайы 
зерттеуді қажет етеді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет