Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады. Қылмыстык заңның міндеттері
Қылмыстық заң
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы Қазақстан Республикасының осы Қылмыстық кодексінен турады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар осы Кодекске енгізілгеннен кейін ғана қолданылуга жатады. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық қуқықтың жалпыга бірдей танылган қагидаттары мен нормаларына негізделеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының жогары заңдық күші бар және Республиканың барлық аумагында тікелей қолданылады.
Қылмыстық заң - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады.
Қылмыстык заңның міндеттері - бейбітшілікті жэне адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны кылмыстык кол сұғушылықтан корғау жэне қылмыстың алдын алу болып табылады.
Қылмыстық кұқылық нормалармазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді:
I. Декларативті - яғни, қылмыстық құқыктың жалпы міндеттерін айқындайтын нор-малар
(Қылмыстық кодекстің 2-бабы).
II. Анықтаушы - яғни, қылмыстық құқықтың түсінігі мен жекеленген институттарына айқындама беретін нормалар (Қылмыстык кодекстің 9-бабы - қылмыстық құқык бұзушылык ұғымы).
III. Арнаулы - япіи, нақты қылмыс құрамына және оған тағайындайтын жазаға сиппаттама беретін нормалар (мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі, барлык накты, жекелеген қылмыс құрамдары). Қылмыстык кодекстің Жалпы бөлімінің бабы өзінің кұры.іысы жағынан Ерекше болімдегі баптың кұрылысынан өзгеше болады. Жалпы бөлімнің бабы тек кана диспозициядан құралса, ал Ерекше бөлімнің бабында дисиозицияға коса санкция да болады. Қылмыстык Кодекстің Ерекше бөлімінің баптары топтық жэне түрлік болып екі- ге болінеді. Топтық баптар біртектес қылмыстардың ортақ және соларға тэн бел- гілерін аныктайды. Мысалы, Қылмыстык кодекстің 3-бабы 6-тармағында - әскери кылмыстардың түсінігі берілген. 3-бабы 16- тармағында жауапты мемлекеттік лауазым- ды атқаратын адамының іүсінігі айтылған. Топтык баптардың түсінігі эр түрлі тарауда орналаскан, эр түрлі қылмыс топтарын бір-бірінен жіктеуге мүмкіндік береді. Түрлік баптар бойынша занда көрсетілген жекелеген қылмыстың белгілері және осы кылмысты істегенде кандай жаза тагайындалу керек екендігі көрсетіледі.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптары диспозициядан жэне санкциядан құралады.
Жай диспозиция. Жай диспозиция кылмысты іс-әрекеттің атын гана айтып кояды, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Жай диспозиция қылмысты іс-эрскеттің мазмұны оның белгілері ашып көрсетілмегеннің өзінде жеткілікті түрде түсінікті болган жагдайда колданылады. Мысалы, 99-баптагы «Адам өлтіру», 188-баптағы «Ұрлық».