Менмендік-істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіпті екенін түсіну, оны зиянды зардабының болуы мүмкін екенін алдын ала білу
Немқұрайлық-істелетін іс-әрекеттің қоғамға зиянды зардаптары болуы мүмкін екенін болжап білмейді,бірақ көре білуге міндетті және мүмкіншілігі болады. Немқұрайлықтың белгілері – объективтік (істелетін істің белгілері әрекеттің қоғамға зиянды зардабын болжауға міндеттілік)және субъективтік(осы зардаптарды болжауға мүмкіндік).
Қылмыстық құқық бұз-ң субъективтік жағының белгілері – кінәні, ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы мынада 1. Қылмыстық жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде ол қылмыстық құқық бұзушылықты қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайтын іс-әркеттен ажыратуға мүмкіндік береді
2. Қылмыстық құқық бұз-ң субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады
3. Қылм. Құқық бұз-ң субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстық құқық бұз-ң сондай – ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыстық құқ ғылымында мұндай бөлінудің негізі болып : 1. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі; 2. Қылм құқ бұз құрамының құрылысы есепке алынады. Негізгі қылм құқ бұз құрамында қылм құқ бұз ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді. Егер қылмыстық құқ бұз-ң құрамында осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы деп атаймыз.