Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады. Қылмыстык заңның міндеттері


Іс – әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән жайлар



бет28/42
Дата07.02.2022
өлшемі43,05 Kb.
#95848
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
Уголовка Семинары

Іс – әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән жайлар
Қылмыстық-құқықтық тәжірибеде құқыққа қайшы әрекеттің белгілі бір жағдайларда қоғамға қауіптілігі мен кінәлілігін жоққа шығаратын және адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын жағдайлары аз кездеспейді.
Мұндай мән-жайларға жататындар:
Қажетті қорғану;
қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру;
жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру;
аса қажеттілік;
орынды тәуекел ету;
күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу;
бұйрықты немесе өкімді орындау.
Мұндай мән-жайлар қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға төнген нақты қауіп-қатерді жоюға бағытталған қоғамдық-пайдалы және мақсатқа сай әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығарады
мұндай әрекетте қылмыстық құкық бұзушылық материалдық белгісі болып табылатын басты белгі – қоғамға қауіптілік жок. Керісінше, мұндай жағдайларда, қогамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мэжбүрлі) қажеттілік; жедел- іздестіру шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру; қол сұғушылық жасаган адамды ұстау; негізді кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мэжбүрлеу; бүйрықты немесе өкімді орындау әрекеттері жатады.
Осы аталган жагдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыстык күкық бүзушылык белгілеріне үқсаганымен, оларда қоғамга кауіптілік болмағандықтан, кылмыстық күкық бүзушылык катарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар коғамга пайдалы іс-эрекеттер катарына жатады.
Қорғанушы зиянды киянат келтірушінің тікелей өзіне (баскага емес) келтіреді. Қиянат келтірушіліктен дер кезінде корғану кажет. Қарсы әрекеттің максатынан кұралады. Ол коғамдык қатынастарды оған зиян келтіруден қорғау болып табылады. Бұл туралы заңда корғанушының немесе басқа адамның жеке басының құқығын, тұрғын үйді, меншікті, жер учаскесін, коғамның немесе мемлекеттің мүдделерін қоғамға қауіпті қастандықтан қорғау деп жалпылама аталған (32-бап, 2-бөлігі). Қауіп төндірушіге қолданылатын карсы әрекеттің мақсатының өзі осы қоғамдық қатынастарға зиян келтірмеу, зиян келтіруден сақтау, қорғау болып табылады. Егер қиянат жасаушылық кек қайтару, өзара есеп айрысудың қолайлы сәті ретінде пайдаланылса, мұндай жағдайда ондай зиян келтірушілік қылмыс болып табылады.
Егер қорғанушы қиянаттың каупі мен сипатына нақты жагдайда сөзсіз сәйкес кел- мейтін қорғану қүралдары мен тәсілдерін қолдану арқылы, қиянат жасаушыга орынсыз, қажетсіз негізде ауыр зиян келтірсе, оның әрекеті қажетті қоргану шегінен шыгып кеткендік болып саналады. қажетті қорғану шегінен асып кеткендік деп танылуы үшін қиянаттың қаупі мен сипатына қорғаудың сөзсіз сәйкес келмеуі кажет. Бұл жерде сөзсіз сәйкес келмеушілікке корганушының айдан айқын, анық түрде қорғану шегінен асып кеткен қиянат келтірушіге негізсіз, орасан зор зиян келтіруін айтамыз. Заңда қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіргендігі (103-бап) жэне қажетті қорганыс шегінен шығу кезінде денсаулықка ауыр зиян келтіргені үшін (112-бап) әдейі жауаптылык көзделген.
Жасалған әрекетке байланысты қылмыс жасаған адамды, мемлекеттік органдарға жеткізу үшін құқыққа сай ықпал ету актісі қылмыскерді ұстауды сипаттайды. Егер ол ұстаудан жалтаратын болса, оған күш қолдану қажеттілігі пайда болады және оның қоғамға қажеттілігі бар.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес адамның қылмыс жасауы устаудың құқықтық негізі болып табылады. Қылмыскерді устау кезінде зиян келтірудің құқыққа сай болатын шарттары мынадай:
кінәлі адамның қылмыс жасауы. Басқалай құқық бұзушылық жасаған адамға зиян келтіруге жол берілмейді және ол қылмыстық жауапкершілікті туындатады;
тек қылмыс жасаған адам ғана ұсталады және соған ғана зиян келтіріледі;
адамды ұстау кезінде қолданылатын шаралар мәжбүрлі болып табылады, яғни қылмыскерді басқа құралдар арқылы ұстау мүмкін емес;
Қылмыс жасаған адамды мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылың жасау мүмкіндігін тыю — ұстаудың мақсаты болып табылады; ұстау кезінде қажетті шараларды асыра сілтеуге жол берілмеуі керек.
Қолсуғышылық жасаған адамды ұстау кезінде ұсталған адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет