Иманов а.Қ. «Педагогика» пәні бойынша


Дәріс 25-26. Мектептің, сыныптың оқу-тәрбие процесін диагностикалау – басқарудың негізі ретінде. Мектепішілік бақылау



бет30/33
Дата03.11.2023
өлшемі229,29 Kb.
#189238
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
«педагогика»-emirsaba.org

Дәріс 25-26. Мектептің, сыныптың оқу-тәрбие процесін диагностикалау – басқарудың негізі ретінде. Мектепішілік бақылау.
Жоспар:
1. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпарат түрлері.
2. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпаратты талдау, жүйелеу, жинақтау әдістері.
3. Педагогикалық процесс құрылымындағы диагностика
Білімдену процессінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жәрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нәтижесін анықтау.
«Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру» түсігінімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. Тексеру нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс – тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.
Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағыны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалануын қамтиды.
Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік және дағдылардың игерілу процесіне бақалау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелеу құралады. Тексерубұл білім, ептілік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет – қимылдар.
Бақылау қадағалау кезінде оқушының өзі өз оқу жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім иегеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пән бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тәртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынында үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.
Оқу процесіндегі қадағалау әртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы әдістермен атқарылады. Педагогикалық тәжірбиеде қадағалаудың бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды және өтілген материал ізімен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет