Дәріс 29-30. Мұғалімдерді аттестациялау және мектептегі әдістемелік жұмыс.
Жоспар:
1. Мектептегі әдістемелік жұмыс, оның мәні, түрлері.
2. Мұғалім қызметінің шеберлігін диагностикалау. Мұғалімдерді аттестациялау
Елде қабылданған мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру жүйесі-сараптау(аттестациялау)-педагогтар мен мектеп басшылығының біліктілігін көтерудің аса маңызды да тиімді құралы болып есептеледі. Сараптау мақсаты-кәсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашыл ынта дамыту, сонымен бірге нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекеленген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Сараптау принциптері: еріктілік, жариялық, жүйелілік және тұтастық, шынайылылық.
Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағамы – оның нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасы- есепке алынады. Категория имендену үшін сараптан өтуді қаламаған мұғалімдердің жалақысы тариф негізінде білімі және еңбек стажына орай белгіленеді. Кей жағдайда нақты мұғалімнің біліктілік деңгейі мен оның тағайындалған қызметіне сәйкестігін анықтау үшін сараптау жұмысы әкімшіліктің, мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес ұсынысымен өткізілуі мүмкін.
ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығына орай қабылда,ан «Мемлекеттік және жеке меншік білім мекемелерінің педагогикалық және басқару қызметкерлерін сараптау жөніндегі Ережелеріне» сәйкес үш түрлі сараптау комиссиясы түзеледі:
-бас сараптау комиссиясы- республикалық деңгейдегі басқару органы тарапынан ҚР, облыстар құрамында түзеледі;
-аудандық не қалалық комиссия – жергілікті жердегібілім басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;
-білім мекемесіндегі сараптау комиссиясы – оның педагогикалық кеңесі ұсынысымен құрылады.
Мұғалім еңбегін бағалауға қойылатын жалпы талаптар екі критерийге негізделеді: нәтижелік өлшем және процестік өлшем.
Нәтижелік өлшем-шек (педагогикалық қызмет нәтижесі). Оқушының пән бойынша үлгерімін және олардың тәртіптілік деңгейін анықтауда ескерілетін жәйттер:
- пәндік нақты білім қоры;
- игерілетін білімдерді пайдалана білу;
- оқушының дербестігі, өз бетінше іс-әрекет жасау дәрежесі
- оқуға, білім жинақтауға байланысты ізденіс, ептілік мүмкіндігі.
Сондықтан, мұғалімнің өз педагогикалық қызметін белгілі дәрежеде орындап баруы үшін үнемі, тынымсыз жүргізетін іс-әрекет процесінескрген жөн. Бұл тұрғыдан назар аударалық ұстаз әрекеттері; яғни процестік өлшем- шектері:
- мұғалімнің өз біліктілігін көтеру жұмыстары;
- өткізетін сабақтарының сапасы, оқу және тәрбие жұмыстары;
- оқыту және тәрбиелеу барысында әр оқушыға жекелей қатынас жасаудағы мұғалім ептілігі;
- ата-аналармен жұмыс, бала тәрбиесіне байланысты отбасыға педагогикалық жәрдем ұйымдастыра білу.
Мұғалімдерді сараптау үш кезеңмен жүргізіледі:
Алғашқы кезеңде білім мекемесінде педагогикалық кеңес қаулысымен сараптау комиссиясы түзіліп, оны сол мекеме басшысы бекітеді.
Екінші кезең- мұғалімнің біліктілік деңгейін, оның кәсіби қызметінің нәтижелілігін бағалауды ұйымдастыру.
Үшінші кезең – сараптау комиссияларының шешім қабылдауы және сол шешімдердің нәтижесі бойынша бұйрық жариялау.
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |