Зерттеу нәтижесі: 1.Картоптан жасалған қытырлақ чипсидің адам денсаулығына зияны туралы оқып білдім.
2.Қытырлақ чипсидің зиянды екеніне көзім жетті.
3.Адам денсаулығына, семіздікке түрлі ауру тудыратыны зерттеу барысын да дәлелденді.
4.Зерттеу барысында тәжірибе жасап, күнделікті ас мәзіріне қолданбау керек екендігін дәлелдеп ашуда ой түйдік.
Күтілетін нәтиже: Қазақ елінің болашағы жастар біздің қолымызда. Ең бастысы деніміз сау болу үшін картоп чипсилерінің зияны адам денсаулығына әсерін анықтап, семіздік және басқадай ауруының алдын алып, оның емдік шараларын қолданып, басқаларға дәріптеп, түсіндірме жұмыстарын жүргізсек, болашақта дені сау ұрпақ еліміз үшін жұмыс жасайтын болады.Өз мандығымызды таңдауға жол ашқан болар едік.
І.Кіріспе: Картоп чипсилерінің адам денсаулығына зияны көп екенін балалар мен жасөспірімдерге үнемі айтып отырсада бәрі бір оны жемей тұра алмайды.Дүкендерде көздің жауын алатын қытырлақ картопты көргенде әрине оны жегің келеді, қытырлақ картопты көп мөлшерде жеу адам денсаулығына зиян екеніне зерттеу барысында көзім жетті. Сол себепті осы тақырыпты таңдап алдым. Зерттеудің нәтижесінде мен енді дүкеннен қытырлақ картоп сатып алмаймын деп шештім себебі:чипсиді жеген баланың ойлау қабілетті өте төмен болады екен. Чипсиді алғаш жегеннен бастап оны қайта -қайта жегіңіз келе береді. Сол себепті адамды семіздікке ұшыратады және адам ағзасында аллергия пайда болуы әбден мүмкін. Ал дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.Сондықтан онкологиялық аурулар пайда болуы әбден мүмкін. Не жеп жатқанымызға назар аударайық. Бұл қызықты да мазмұнды жұмыс.Бұл жұмыста қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыпты қозғап отыр, нақтырақ айтқанда, дұрыс тамақтану, оның адамның денсаулығына әсері жөнінде. Ең маңыздысы – жылтырақ қағазға оралған немесе теледидардан көрсетіліп жатқан жарнаманы көріп өз жасына, өмірлік тәжірибесінің жоқтығына қарамастан,сол өнімдерді пайдалы деп санайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы. Олар өз жұмысында балалар түгілі ересектер де назар аудара бермейтін немесе жай ғана не жазылғанын түсінбейтін өнімнің сыртқы бетінде көрсетілетін зиянды қоспаларға жеке тоқталып өтті.Кітапханаға барып көптеген материалдар жинақтадым. Интернет желісінен көптеген мағлұматтар алдым. Чипси өнімдерінің құрамын және адам денсаулығына ұшан-теңіз зиянын анықтады. Алдағы уақытта осы тақырыпты әлі де болса жан-жақты қарастырамын деп сенемін.