Қосаман ауылдық округі – 2005 жылы құрылған. Халқының саны – 412 адам. Аудан орталығынан 125 шақырым жерде орналасқан. Округке 3 елді мекен – Қосаман, Ақеспе және Бердікөл қарайды, округ орталығы – Қосаман ауылы. Қосаманда 69 отбасы, Ақеспеде 46 отбасы және Бердікөлде 7 отбасы тұрады. Қосаманда орта мектеп, фельдшерлік бекет үйі, кітапхана, клуб тұрғындарға қызмет жасап келеді. Сондай-ақ, Құланды ЖШС-нің №1 фермасы осы Қосаманда орналасқан. Жақын теміржол бекеті – Сексеуілден 60 шақырым жерде орналасқан. Қосаман ауылдық округі шығысында Сексеуіл кентімен, батысында Ақтөбе облысының Шалқар ауданымен, оңтүстігінде Құланды ауылдық округімен, солтүстігінде Мергенсай ауылдық округімен шектеседі.
Қосарал – жер атауы. Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі аралдар тобы. Олар бірімен-бірі тіркес солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан құмқайрақтардан тұрады. Теңіз суы тартылып, Қосарал аралдары жағалаулық құмды өңірге айналды.