Ќызылорда облысындаєы


Қостақыр – құдық. Арал теңізінің солтүстігінде. «Екі тақырға, жазық жерге орналасқан құдық» мәніндегі атау. Қосуақ



бет45/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   203
Қостақыр – құдық. Арал теңізінің солтүстігінде. «Екі тақырға, жазық жерге орналасқан құдық» мәніндегі атау.
Қосуақ – жер атауы. Бір пікірде осы маңдағы «Үлкен тұщы» көліндегі аралға тоқтыларын жіберіп, Қосуақ есімді адам қоныстанған деседі. Қосуақ Нұрбай деген байдың баласы болған. Қосуақта бұрын ел қоныстанған, мешіттер салынған. Екінші бір пікірде, Қосуақ Нұрбайдың (руы Асан) баласы емес, Қосуақ руы – Үсен басқа біреудің баласы дейді. Әлгі арал осы күнге дейін Тоқтыарал деп аталады.
Қотанкөл – көл атауы. Сырдарияның сол жағалық жайылмасында жатқан көл. Мөмішкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11 км жерде, Қазалының Сол жағалық каналы мен Ақшатау көлдері аралығында жайғасқан. Жағалауы жазық, шалшықты, тек батыс бөлігі ғана көтеріңкі. Су бетінде өсімдік аз кездеседі, көл түбін балдыр басқан.
Қотыр – құдық. Арал теңізінің солтүстік –шығысында, Баршақұм өңірінде. «Тегіс емес, бұжыр, жаман, ақтаңдақ сортаң жер» мәніндегі атау.
Қотырқара – қыстау. Арал теңізінің солтүстік–шығысында, Баршықұмның батыс бөлігінде.
Қулы – көл. Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде, Сырдария өзеннің бойында. Аққу ұя салатын көл болғандықтан берілген атау.
Қушоқы – төбе. Арал қаласынан батысқа қарай 48 км жерде, Арал теңізінің солтүстігінде. Абс. биіктігі – 248 м. «Өсімдігі жоқ тақыр не жалғыз шоқы» мәніндегі атау.
Құланды – түбек. Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан. Кезінде (1980 жылға дейін) түбек теңізге 60 км-ге жуық сұғына кіріп жатқан. Арал теңізінің тартылуына байланысты Құланды аралы жағалаумен бірігіп, пішіні өзгеріп кетті. Бір кездері бұл түбекті құлан мекендегендіктен қалыптасқан атау болса керек. Түбектің шығысында қайнар бұлақтар, тұзды көлдер бар. Қоңыр көмір шығындылары кездеседі. Арал теңізінің тартылуына байланысты Құланды аралы жағалаумен бірігіп, пішіні өзгеріп кетті.
Құланды – ауыл. Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 250 км-дей қашықтықта, Құланды түбегінде.
Құмар – жер атауы. Көпшілік бейіті орналасқан төбе. Бөген ауылының шығысын ала 5-6 шақырым жерде созылып жатқан Тұщы көлдерінің (өзара жалғасқан 3 көл: Кіші тұщы, Соркөл, Үлкен тұщы жүйесіндегі Кіші тұщы) шығыс бетінде. Бір аңызда Құмар қыз есімі, ол Нұрбай байдың Қалиядан туған қызы деп те айтылады.
Құмбазар – ауыл, Қамыстыбас ауылдық округі құрамында. Арал қаласынан оңтүстікке қарай 100 км жерде, Сырдария атырауында орналасқан. Ауыл 1932-96 жылдары балық шаруашылығымен айналысатын «Райым» ұжымшары бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Құмбазарда ЖШС жұмыс істейді.
Құмбасқан – қыстау. Арал теңізінің солтүстік-шығысында, Баршақұмның батыс бөлігінде. «Құм басып бара жатқан қыстау» мәніндегі атау.
Құмсағыз – темір жол бекеті. Арал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 км жерде. Өсімдік атынан қойылған атау.
Құмсуат – шығанақ. Арал теңізінің солтүстігінде. «Түбі құмды мал суаратын шығанақ » мағынасындағы атау.
Құмсуат – жер атауы. Арал теңізінің батыс жағалауындағы жарқабақты жер. Абс. биіктігі – 108 м. Ақтөбе облысы жеріндегі Құмсуатта құдық, ал Қызылорда облысына қарасты шығыс жағында қорым (мола) бар. Табиғаты өте қатаң, жазы ыстық, қысы суық, сусыз шөл дала. Өсімдік жамылғысын жусан, еркекшөп, әртүрлі бұталар мен эфермелер құрады. Жер қыртысы олиглцендік саз, құмдық мергельден тұрады. Құмсуаттың жерін жаз айларында жайлауға ғана пайдаланған.
Құрлық – темір жол бекеті. Сексеуіл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде.
Құрмашқұдық – құдық. Арал теңізінің солтүстік-шығысында. «Құрмаштың құдығы» мәніндегі атау.
Қызылжар – ауыл, Райым ауылдық округінің орталығы. Арал қаласынан оңтүстікке қарай 120 км жерде, Сырдария өзенінің атырауында орналасқан. Іргесі 1930 жылдың басында қаланып, 1932-1997 жылдары балық кәсіпшілігімен айналысатын «Райым» ұжымшарының орталығы болған. Оның негізінде Қызылжарда және округке қарасты Ескіұра, Қосжар, Райым, Шөмішкөл ауылдарында «Райым» ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Қызылжар – төбе. Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында. Абс. биіктігі – 151 м. Атау жер бедеріне, жар топырағы түсінің қызыл жоса тәрізді екендігіне орай қойылған.
Қызылжаркөл – көл. Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде, Сырдария өзенінің бойында. Көл жағалауындағы жар түсімен байланысты қойылған атау.
Қызылжарқұдық – құдық. Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында.
Қызылқұм – құмды алқап. Әмудария мен Сырдария аралығында орналасқан. Солтүстік-батысы Арал теңізіне, оңтүстік-шығысы Зеравшан аңғары мен Нұратауға ұласады. Ауданы – 300 мың шаршы км, биіктігі – 53-300 м. «Жұқа сусымалы, жеңіл, өсімдіксіз құм» мәніндегі атау. Қызылқұмның орта бөлігінде палеозой кезеңінде пайда болған қалдық бұйратты төбелер (Бұқантау, Тамдытау, Құлжықтау) кездеседі, олардың ең биік жері – 992 м. Қызылқұмның оңтүстік-батыс бөлігінде грунт суының үлкен алабы орналасқан. Мәрмәр, графит, тас көмір, алтын, оңтүстік-батысында ірі газ кен орны бар. Көктемде Қызылқұмда көптеген шағын өзендер пайда болады. Төңірегі жыл бойы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Қызылқұмның қазақстандық бөлігін Қызылорда облысының әкімшілік аудандары алып жатыр.
Қызылқұм артезиан алабы – жерасты суы. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағын, Қаратау мен Арал теңізі аралығын алып жатыр. Алап оңтүстігінің аздаған бөлігі Өзбекстан жеріне кіреді. Қазақстандағы бөлігінің аумағы – 115 мың шаршы км. Грунт сулары тау етегіндегі ысырынды конустарда, ойпаттағы өзен арналарында, Қызылқұм өңіріндегі еспе құмдарда таралған.
Қыйсықшеген – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде.
Қылыштөбе – жер атауы. Жанқожа батыр осы жерде ат шалдырып, дем алып, қылышын сүйеген таулы жер. Осы жердегі сор ортасынан тұз шыққан.
Лайкөл – көл атауы. Сырдария өзені мен Қамыстыбас көлі аралығындағы шағын көл. Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде, Сырдария алабында. Ең терең жері – 4,2 м. Көл суы Қарабөгет өзегі арқылы Қамыстыбас көліне құяды. «Суы ылғи лай болып жататын көл» мағынасындағы атау.
Маймақ – қыстау. Арал қаласынан солтүстікке қарай 13 км жерде. Бұлай аталмас бұрын «Екпінді» колхозы деп аталған және бұл жерде 10-15 үй шошқа баққан. Осы жердегі сорда кейіннен маймақ түйе өліп, сол себепті осылай аталған.
Мақпал – көл. Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде, Сырдария алабында. Кісі есімінен қойылған топоним.
Манасбай – қыстау. Баршақұмның оңтүстігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Мәмбет – төбе. Арал қаласынан солтүстікке қарай 73 км жерде, Баршақұмның батыс бөлігінде. Абс. биіктігі – 102 м. Ру атынан не кісі есімінен қойылған атау.
Мейірман – қыстау. Арал теңізінің солтүстік-шығысында, Баршақұмның батыс бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Мергенсай ауылдық округі – округтің іргесі 1927 жылы Мергенсай ауылдық кеңесі деген атпен қаланған. Ауылдық округ аудан орталығының оңтүстік-батысында орналасқан.
Округ қарамағында Жалаңаш ауылы, Тастүбек елді мекені бар. 1927 жылы осы ауылдық кеңеске қарасты Бірлестік серіктестігі құрылған. 1930 жылдары осы серіктестік тарап, балық аулайтын Тастүбек ұжымшары, Мирзоян ұжымшары болып құрылған. Кейін Мирзоян ұжымшарына Ж.Жабаевтың аты берілген. 1960 жылдары Тастүбек ұжымшары тарап кетеді де, Жамбыл балық ұжымшарының орталығы Жалаңашқа (жер аты) орналасады. Үшшоқы, Сарықұм және Мергенсай жеріндегі елді мекендер осы Жалаңашқа қоныс теуіп, үлкен ауылға айналған.
Кеңес Одағы кезінде Мергенсай жерінің маңына әскери бөлімдер орналасып, елді мекен толығымен Жалаңаш ауылына көшірілген. Қазір Мергенсай ауылдық округінің орталығы болып есептелетін Жалаңаш ауылы аудан орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл ауылда 136 қожалық бар. Тастүбек ауылы (бұл бұрынғы Тастүбек колхозының атауы) Жалаңаш ауылынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Елді мекенде 19 қожалық бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет