Түгіскен – бұлақ. Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында, Арал ауданында. Ру атынан қойылған атау.
Түйеқұдық – құдық. Арал Қарақұмының батыс бөлігінде. «Үлкен не тек түйе су ішетін құдық» мағынасындағы атау.
Түйме – қыстау. Баршақұмның оңтүстігінде.
Түкпірши – қыстау. Арал теңізінің солтүстік-шығысында, Баршақұмның батыс бөлігінде. «Түкпірдегі шиі қалың жердегі қыстау» мәніндегі атау.
Түлембай – қыстау. Арал теңізінің солтүстік-шығысында, Баршақұмның батыс бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Түркмен түбек – қыстау. Арал қаласынан оңтүстікке қарай, Қамыстыбас көлінің аңғарында.