Үкілісай ауылы – 1904 жылы теміржол құрылысы кезінде негізі қаланған. Елді мекендегі халықтар теміржол саласында жұмыс жасаған. ХХ ғасырдың 50-жылдары елді мекенде алғаш бастауыш мектеп ашылған. Үкілісай ауылы 2005 жылдың наурыз айына дейін Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты болып келді. Қазіргі таңда Бекбауыл ауылдық округінің қарамағында, облыс орталығынан – 495, аудан орталығынан – 105, ауылдық округ орталығынан – 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Халық саны – 248 адам, қожалық саны – 42. Елді мекенде 14 қызметкер бар 1 фельдшерлік-акушерлік мекеме орналасқан. Халықтың басым бөлігі теміржол саласында жұмыс жасайды.
Үкілісай – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен солтүстік-батысқа қарай 37 км жерде.