Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу
Мақсаты: автоклавта залалсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде залалдықты сақтау.
Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберекті 2 дана, шүберектерді, зарарсыздандыруға арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған салфетканы (үлкен бязден жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілерді турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан залалдық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және залалсыздандыру күнін және бос колонканы мейірбикелердің қолын қою үшін, салуды жүргізуші және залалсыздандыруға жауапты, фильтрі бар немесе фильтрсіз залалсыздандыратын қораптарды әртүрлі ыдыстар мен түрлерді.
Достарыңызбен бөлісу: |