Папье-маше жасау . Папье-машемен жұмыс бастамас бұрын алдымен
«папье-маше» деген сӛзді түсініп алайық. Ол французша «шайнаған қағаз».
Су және желімге ертілген қағаз массасы.
Папье-машьемен дайындалған ыдыстардың үлгісін кӛрсетіп, папье-
машеден қуыршақ бастарының жасалу жолын плакаттағы сызылған үлгі
бойынша түсіндіріледі.
Папье-машье дайындау: алдымен бір-екі қабат дымқылданған қағазбен
модельді толық жабады. Содан кейін модельдің сырты түгелімен бірінің
үстіне бірі қат-қабат болып желім жағылған қағаз бӛлшектерімен жабылады.
Егер салбалшықтан жасалған модельдің сыртына қағаз жапсырғанда, ол
балшық суланып кетпеу үшін модельдің бетін әр түрлі ӛсімдік майымен
майлайды.
Бастауыш сыныптарда кӛбіне модель ретінде ағаштан, мыстан,
пластикалық массадан және басқа материалдардан істелген дайын бұйымдар
пайдаланылады. Ыдыстар жасау кезінде модель ретінде сатылатын
пластмассалық ыдыстарды пайдалану қолайлы. Гүл ӛсіретін құмыраларды,
ескі ойыншықтарды пайдалануға болады.
Модельдердің үстіне жапсырылған папье-машенің қабаты бұйымды
модельден ажыратып алуға келетіндей болып кепкен соң ғана, оның формасы
бұзылады деп қорықпай-ақ, алады да, жылылығы бір қалыпты жерде
кептіреді.
Жоғарыда айтылған бұйым жасау тәсілі бойынша папье-машенің жеке
қабаттарын желімдеу кезінде олардың жалпы қалыңдығы бірдей болуын
қатаң бақылап отырады.
Папье-машемен дайындалған бұйымды ӛңдеп (шпаклевка), сосын майлы
бояумен әсемдейді. Бояу тез кетпейтін болу үшін соңғы қабатын бояғанда
бояуға ашық түсті майлы лак қосылу қажет. Кейде мектептерде дайын гуашь
бояуын да пайдалануға болады.