2. Формасы қарапайым заттарды мүсіндеу. Сюжетті мүсіндеу. Рельефті мүсіндеу. Мүсіннің екі түрі бар.Олар
Бедер (рельеф) және дөңгелек мүсіндері. Рельеф- кӛлемді бейненің жазықтық бетінде сәл шығыңқы етіп бейнеленген
түрі. Рельефтің екі түрі бар: Егер әлгі тұлғалар кеңістіктен ӛз қалыңдығынан
жарым-жартысындай ғана шығып тұрса, онда ондай бейнені -
барельеф дейді;
ал жарым-жартысынан гӛрі кӛбірек шығып тұрса, -
горельеф дейді. Кейде
рельефте пейзаж да енгізуге болады.
Дөңгелек мүсін –бейнеленген нәрсенің
кӛлемді бейнеленуі.
Заттың мүсінін жасау бала үшін сол заттың суретін салудан жеңілірек.
Ол бұл жерде бейнелеудің шартты құралдарынан гӛрі нақты кӛлемді
бейнелеуге мүмкіндік алып отыр. Балаларға конструкциясы жеңіл және
ӛсімдік формасы тәрізді заттарды мүсіндеу оңайлау да, ал адамдар мен
жануарларды мүсіндеу аса қиын тиеді. Бұл, әрине, соңғылардың дене
құрылысының күрделілігіне, формаларының пластикалылығына байланысты.
Мүсіндеуде оқушылар заттардың пропорциясын бере білуге, белгілі бір
техникалық дағдыларды меңгеруге тиіс. Мұғалімнің алдында мүсіндеуге
үйретудің мынадай міндеттері тұрады: заттың формасын кӛзбен және
бұлшық етпен қабылдауын дамыту; мүсіндеу барысында мәнерлі образдар
жасауға, әр алуан құралдарды пайдалана алуға үйрету және шығармашылық
инициативаны дамытатын әр түрлі бейнелеу және техникалық тәсілдерді
меңгеруді қалыптастыру. Мүсіндеуге үйретуде заттың формасы мен
пропорциясын барынша дәл беруді, натурамен тыңғылықты жұмыс істеуді,
сол натураны әр қырынан қарап шыққан затын модельмен мұқият
салыстыруды талап ету керек. Жұмыс кепкен соң оларды балалардың
бояуына болады.
Мүсіндеудегі сюжетті бейнелеу мен сурет салудың арасында ӛзіндік
ерекшелік болады. Сюжетті мүсіндеу оқушылардан керекті эпизодты іріктеп
алуға, бейнелеу мен техникалық тәсілдерді таңдап алуға, бүкіл жұмысты
жоспарлап алуға деген белсенділік пен дербестілікті талап етеді. Сюжетті
мүсіндеуге үйретуде мынадай міндеттерді алға қояды:
балаларды мүсіндеу барысында ӛздеріне таныс ертегілер мен
әңгімелерден, айнала қоршаған ӛмірден сюжетті ӛздерінше дербес таңдап ала
білуге үйрету;
сюжетті бейнелеу үстінде мүсіндеудің ӛзіне таныс тәсілдерін
пайдалануға, заттарды тұғырларға орналастыра білуге үйрету;
заттың қозғалысына байланысты формадағы ӛзгерістерді бейнелеу.