сурет салудың күрделі комплексі жекелеген этаптарға бӛлініп, оқушыларға
жарық әсерін сақтай отырып, натураға
анатомиялық талдау жасауға
мүмкіндік береді.
Ұзақ уақыт бойы салынатын сурет салу процессі ӛте күрделі және
оқушылардың дағдыларын талап етпейді. Бірқатар қиындықтар да кездеседі.
Бала натурадан сурет салу барысында сурет салуға қалай кірісетіндігін
білмейді, ӛз мүмкіндіктері мен қабілеттерін қалай қолдану ретін білмей, кӛзі
кӛріп тұрған заттар мен олардың қарым-қатынастарын сол қалпынша
бейнелей бастайды. Ол заттың сыртқы формасын тура бейнелеп, ұсақ
бӛліктеріне дейін айнытпай салуға тырысады. Салу барысында сурет салу
жүйелілігіне кӛп мән бере бермейді, күрделі бейнелерді салуға талпынып,
сәтсіз суреттер сала бастайды. Сондықтан ӛзі бақылаған кӛркем заттары мен
құбылыстарын бейнелеуде оған нақты жүйені негізге алулары қажет.
Бастауыш сыныптардағы тақырыптық
сурет салу алдын-ала байқау
жүргізілгеннен кейін, кӛз алдына елестету арқылы сурет салудан тұрады.
Тақырыптық сурет салу үдерісінде балалардың құрылым, кӛлем, затты
кеңістікте дұрыс орналастыру, сәуле түсіру, түстерді таба алу дағдыларымен
бекітіледі. Ең маңыздысы, оқушылардың сурет салуда алғашқы біліктілігі
қалыптасады. Мұғалім балалардың тақырып бойынша сурет салуда,
тақырыпты дұрыс таңдағанына кӛңіл қойып, олардың сурет арқылы ӛздерінің
ойларының құрылымдық,
эмоциялық, кӛркемдік жағынан дұрыс немесе
бұрыс шешілгендігіне назар аудару қажет.
Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау т.б.
үдерістер қатар жүріп жатады. Сонымен, бейнелеу ӛнері ойлаудың,
байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып, қалыптастырады. Аталған
қабілеттерді кӛз алдына елестете білу мен біріктіру кӛркем ойлаудың негізін
құрайды.
Бейнелеу ӛнерінің әр кезде де эмоциялық ӛңделуі жоғары болады. Оның
осындай болуына тек болмыс туралы әсерлер әсер етеді.
Эмоциялық
бастауды дамытпай, адамға нағыз қажет талғампаздықты, қиялдауды, кӛз
алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін
емес.
Қоршаған болмысқа деген байқағыштықты, зеректілікті қалыптастыру
кӛркемӛнерлік материалдарды жылдам қабылдауға үйретеді. Бала сурет
салуда бейнелеу іс- әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған
ортаны
ӛзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынатыны мәлім.
Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын адамдар
арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты ӛз ойларын
сӛзбен не болмаса сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мұғалім ӛз
сабақтарын құрғанда, оқушыларды қоршаған ортаның әсемділігінің, пішіні
мен түсінің қарапайымдылығын, заттардың әдемілігін бағалау қабілеттерін
арттыруға бағыштайтын тәсілдерді қолданғаны жӛн.
Күнделікті кӛріп жүрген балалардың ӛміріне
жақын нәрселерден,
құбылыстардан бастау тиіс. Адамның ӛмірі белгілі заттардың, танымал
нәрселердің ортасында ӛтеді. Мектептің міндеті: алдымен тӛңіректегі
нәрселерге қызықтырып, баланың қызығушылығын арттыру... Ондай оқу
баланы жергілікті ӛмірмен жақындастырады. Балаға ең қымбат туған жері:
туған жерінің құбылыстарын білу балаға ӛте қызық. Мұндай оқыту жүйесі
ӛмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында
жандандырып,
бала махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына
тӛңіректегі әлемге терең кӛзбен қарап үйренеді, жолығатын мәселелерді
жеңіл шешетін болады, білгенін ӛмірде де пайдаланатын болады.
Туған жердің әсемдігін кӛру, түстердің ғажап әлемін ашу, суретші
құралдарымен (графикалық, кескіндемелік) беру, әрбір қимылды мұғалімнің
тыңдатқан музыкалық үзінділерінен есту - бейнелеу ӛнерінен сабақ берудің
негізгі мақсаты оқушының әсемдік, шығармашылық қабілетін дамыту. Тек
қана қоршаған табиғатты қабылдау үдерісінде емес,
сонымен қатар
шығармашылық жұмыстарды талқылағанда да астарласып жүріп жатуы
керек.
Сондай-ақ мұғалім әуездік-қолданбалы ӛнермен таныстырса әдемілік,
әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын- тәсілдерін
қолданғаны жӛн.
Эстетикалық талғампаздық саласындағы балалардың алғашқы қадамы
олардың суретке түсіретін бұйымдарды эстетикалық қабылдаумен,
есінде
қалғанын елестете сурет салумен, графиканы эмоциялық түсінгіштігімен
тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: