Ал суреттің техникалық әдістерін күрделендіру мақсатында қағаз бетіне
қалың және қою болып түсетін гуашь бояуын пайдалануға болады. Бұл
акварель бояуы мен гуашь бояуын бір мезгілде пайдалану әдісі деп аталады.
Гуашь бояудың бір түрі. Оны да акварел сияқты қағазға тигізбес бұрын
әуелі суға езіп алу керек. Бірақ,
акварельдей емес, қағаз бетіне мӛлдіреп
түспей, қалың жағылады. Ӛйткені, гуашьты ақ ұнтақ қосып әзірлейді.
Гуашь масатының бетіндей бір тегіс жұмсақ боп жағылады. Онымен
жұмыс істеу де ӛте оңай. Егер қағаз бетіне жаққан бояуың ұнамаса, оны
үстінен басқа бір түсті бояу жағып ӛзгерте саласың.
Осы бояуларды пайдалану үшін қылқаламдар қажет. Суретшілер
пайдаланатын қылқаламдар әртүрлі болады. Акварель бояуы үшін ақ тиін,
күзен секілді ұсақ хайуанаттардың құйрық қылы пайдаланылады. Ӛйткені
акварельге қажет қыл қалам әрі жұмыр, әрі тығыз болуы тиісті.
Майлы
бояуға ақ түсті тікенек қылтанақтар пайдаланылады. Ол жұмыр емес, қалақ
тәрізді жалпақ келгені ләзім. Үлкен қыл қаламмен бояу тұтас жазылатын
үлкен таңдақтарды, кішкене қыл қалам шығарманың
майда детальдарын
бояйды. Қыл қаламның сыртына 1,2,3,4 одан да кӛп цифрлар салынады.
Цифр неғұрлым үлкен болған сайын қыл қалам да соғұрлым үлкен болады.
Пастель –түрлі түсті бояу. Кӛркемӛнердегі «пастель» сӛзінің ұғымы
Италянның «pasta» сӛзінен алынып, қамыр деген мағынаны білдіреді.
Пигменттердің түрлі –түсті ұнтақтарынан, бор мен шайырдың қосындысын
араластырып, илеп, арнайы қамыр жасайды. Сосын осы қамырдан жұмыр
таяқшалар жасап, оны кептіреді. Пастельде сан алуан реңк бар.
Пастель бояуы қарындаштар тобына жатқанымен оның ашық түсіне
байланысты ол жайлы кескіндеме ретінде айтамыз.
Пастельді суға езіп,
авкарель, гуашь секілді пайдалануға да болады. Пастель техникасы ертеден
белгілі. Соңғы кездері техникалық жетістіктер үшін ерітінділер ойлап
табылды. Пастель бояуымен орындалған шығармалар ӛте ұзақ уақыт бойы
сақталып, күн сәулесінің жарығына тӛзімді келеді.
Осы заманғы қарындашты ХУІІІ ғасырдың аяғында француз
оқымыстысы Н.Конте ойлап тапты.
Түрлі түсті қарындаштың акварель
мен гуашь бояуларынан
айырмашылығы –жұмыс жасау техникасы қарапайым, езілмейді, артық
жағылып, қағаз бетін былғамайды. Бұл құрал жаздыгүні пайдалануға ӛте
ыңғайлы. Ал бояулар кебу үшін ұзақ уақыт алып техникалық қиындықтар
келтірмейді. Түрлі түсті қарындаштарпен жұмыс жасаған кезде, ӛшіргішті аз
қолдануға тура келеді. Ӛйткені, ӛшіру барысында қағаз беті түтіліп, салынған
сурет әсем кӛрінбейді. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасаған үшін,
беті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жӛн.
Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасауды меңгеруді ӛсімдіктердің,
кішкентай
натюрморт, табиғат кӛріністерін, ағаш бұтағын, гүл және
жапырақтарды салудан бастаған жӛн.
Қарындаштар қатты, жұмсақ боп екіге бӛлінеді. Қатты қарындаштар
сызуға пайдаланылады. Олардың сыртынан Т, 2Т, 3Т деген жазуларды кӛруге
болады. «Т» орыстың «твердый» (қатты) деген сӛзін білдіреді, ал, 2,3
цифрлар қарындаштың қаншалықты қатты екенін білдіреді. Мәселен, «2Т»
деген қарындаш жәй «Т»-дан қаттырақ, ал-«3Т» әлгі екеуінен де қатты.
Сурет салуға жұмсақ қарындаш қолайлы. Олардың сыртына орыстың
«мягкий» (жұмсақ) деген сӛзін білдіретін «М» әрпі жазылады. «М»
әрпінің
қасындағы цифр неғұрлым кӛп болған сайын, қарындаш та солғұрлым
жұмсақ болады.
Суретшілер
итальян
қарындашы
деген
арнаулы
қарындашты
пайдаланады. Ол жәй қарандаштардан гӛрі жуан жұғады, қағаз бетіне жұмсақ
қара сызықтар салады.
Достарыңызбен бөлісу: