«Жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбек» пәнін оқыту әдістемесі» пәні



Pdf көрінісі
бет33/41
Дата15.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#131825
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
Жаңарт мазм Көркем еңбек лекция. docx

 
Бақылау сұрақтары:
1. Құрастырудың қандай материалдан жасалатынына байланысты 
түрлері қандай? 


2. Конус, цилиндр формалы бұйымдарды алуда қатырма қағазды бүгу, 
қатпарлаудың қандай әдістері бар?
3. Қағаз және қатырмақағаздан, табиғи және басқа да түрлі 
материалдардан жасалған бұйымдарды қалай біріктіреді?
 

 
Дәріс 14. Бастауыш сыныптардағы көркем еңбек сабақтарын 
ұйымдастыру әдістемесі 
1. Сабақ – «кӛркем еңбекті» оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
2. Сабақтың типтері мен құрылымы.
3. «Кӛркем еңбекті» оқыту әдістері
4. Кӛркем еңбек сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері.
Сабақ – мектепте оқытуды ұйымдастырудың ең негізгі формасы. 
Оқушыларға білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттері қатар шешілгенде ғана 
сабақ барынша педагогикалық тиімділікке қол жеткізеді. Басқа пәндермен 
салыстырғанда бастауыш сыныптағы кӛркем еңбек сабақтарының ӛзіндік 
ерекшеліктері бар. Сабақтың негізгі бӛлігі (30 мин. кем емес) практикалық 
жұмысқа арналады. Практикалық жұмыста әр түрлі кесетін құралдармен 
жұмыс жасайтын болғандықтан, мұғалім ең алдымен қауіпсіздік ережелерін 
қатаң сақтау керек.
Кӛркем еңбек сабақтарының түрлері әртүрлі бағытта жіктеледі. Кейбір 
әдіскерлер сабақты мазмұнына қарай бӛледі. Мысалы, матаны, қағазды, 
әртүрлі материалдарды ӛңдеу, техникалық үлгілеу сабақтары. Екінші бір 
әдіскерлер сабақты ұйымдастыру тәсіліне қарай, мысалы, экскурсия сабағы, 
киносабақ, ӛз бетінше бұйым жасау сабағы. Үшінші бір әдіскерлер сабақтың 
мақсатына қарай жіктейді: мысалы, политехникалық білім мен біліктілігін 
қалыптастыру сабақтары, білім мен біліктілігінбекіту сабақтары, аралас 
сабақ. Бұдан сабақтың түрлерін жіктегенде әрқайсысы қандай да бір ғана 
белгісіне кӛңіл бӛлгені байқалады.
Қазіргі кезде сабақтың түрлерін анықтағанда, әдіскерлер сабақтың 
әртүрлі белгілерін ескере отырып, олардың негізі ретінде дидактикалық 
мақсаты мен сабақтың құрылымдық бірліктерін алады. Бұл тұрғыдан 
қарағанда сабақтың типі оқу материалын түсіндіру (мыс., қағаздың қасиетін 
түсіндіру), білік пен дағдыларды қалыптастыру сабағы (қағазды бүктеу 
біліктілігін қалыптастыру), жинақтау және қайталау сабақтары (қағазды қию 
біліктілігін бекіту), тексеру және бағалау, аралас сабақтар болып бӛлінеді. 
Жоғарыда айтылғандардың аралас сабақтан басқалары бір ғана дидактикалық 
міндеттерді орындауға бағытталған сабақтар. Ал аралас сабақтар әртүрлі 
бірнеше элементтерді байланыстыра отырып, бірнеше дидактикалық 
міндеттерді орындауға бағытталған. Бұған, мысалы, қағаздың қасиетін 
түсіндіру және оны ӛңдеу біліктілігін қалыптастыру немесе қағазды ӛлшеуге 
үйрету және қағазды бүктеу, қию, желімдеу біліктіліктерін бекіту. Алғашқы 
жағдайда мұғалім оқушының танымдық әрекетін тікелей басқарады: 


әңгімелейді, түсіндіреді, кӛрсетіп, нұсқау береді. Аралас сабақта 
оқушылардың танымдық әрекетіне мұғалім бағыт береді: проблемалық 
жағдай туғызады, оқушылардың ӛз бетінше жұмысын бақылайды, қадағалап 
отырады.
Сабақтың дидактикалық мақсат, міндеттерімен оқытудың мазмұны, 
ұйымдастыру формасы, құралдары және әдістері байланысты.
Кӛркем еңбек сабағында қолданылатын әдістер дегеніміз – сабақты тиімді 
тәсілдермен ұйымдастырып практикалық жұмыстарды сапалы жүргізу. 
Кӛркем еңбекті оқыту әдістері негізінен 3 топқа бӛлініп әрбір топқа 
бірнеше оқыту тәсілдері енгізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет