құмарлықтарын арттыру үшін және құрастырушылық қабілеттерін дамыту
мақсатында ұйымдастырылады.
Құрастыру жұмыстарын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай
ұйымдастыруды қажет етеді. Қарапайым құрастыру жұмыстарынан бастап
біртіндеп күрделі жұмыстармен жалғастырылады.
Құрастыру жұмыстары кӛбінесе дайын құрастыру бӛлшектерімен
ұйымдастырылады.
Кұрастыру жұмыстарының бӛлшектері, орындайтын жұмыстардың үлгілері
суреттерімен кӛрсетіліп беріледі.
3. Тәжірибелік тәсіл қағаз, мата, қолдана отырып, ауыл-шаруашылық
жұмыстарын атқарғанда кеңінен қолданылады.
Мысалы: қағаз, қатырма қағаздың қасиеттерімен, құрылысымен
таныстырғанда, қағазды, қатырма қағаздары бүктеу қаттау, майыстыру, қию
тәсілдерін түсіндіргенде, кӛрсетуде қолданса, матамен жұмыстар істегенде
табиғи, химиялық маталардан құрылысымен таныстырғанда, маталардың
жіптерінің беріктігі, мықтылығы туралы, маталарды жағу арқылы, жіптерді
ширату арқылы тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп түсіндіріледі.
4. Жаттығу жұмыстары қағазбен, ермексазбен, сазбалшықпен жұмыстар
орындағанда қолданылады. Мысалы: қағаздан ою-үлгілерін қию тәсілдерін
үйрену кезінде ермексазбен, сазбалшықтан мүсіндік жұмыстар үйретілгенде
кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: