Байланысты: Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà
Билет № 42 Тапсырма 1. Экспериментте көлемі бірдей үш шыны ыдыстың әрқайсысына бір-бірден жыныстық тұрғыда жетілген зертханалық ақ тышқан отырғызылды. Содан кейін ыдыстарды герметикалық жауып, 1 минут ішінде жануарлардың мінез-құлқы мен жалпы жай-күйі бақыланды. Одан кейін 1-ші ыдысқа көмірқышқыл газы жіберілді, 2-ші ыдыстағы ауа Камовский сорғысының көмегімен барометрлік қысым 190 мм сын.бағ., төмендегенге дейін сорылып алынды, ал 3-інші ыдыстағы жануар сол бастапқы ауалық ортада қалдырылды. Осыдан кейін тыныс алу қозғалысының жиілігі мен сипатын, қозғалыс белсенділігін, тері жамылғысының түсін, ентігу және құрысудың пайда болу уақытын тіркей бастады. Эксперимент жануарларда құрысулар пайда болған кезде тоқтатылды. Тәжірибенің нәтижелері хаттамаларда тіркелді. Қорытындылар тұжырымдалды.
1. Жүргізілген эксперименттің мақсатын атаңыз. Эксперименттің қандай сатылары орындалғанын көрсетіңіз? Эксперимент жүргізуге қойылатын барлық талаптар осы жағдайда орындалды ма? Барлық жауаптарды негіздеңіз. Медициналық-биологиялық эксперименттерді жүргізудің жалпы принциптерін атаңыз және сипаттаңыз. Жауап: Мақсаты болып ақ тышқандарға экзогенді ықпалдарды әсер еткізген кезде тышқанда пайда болатын ауру этиологиясын, патогенезін, салдарын анықтау үшін жасалады. Ақ тышқандарға негізгі әдістердің бірі физикалық әдіс пайдаланған.Эксперимент кезінде барлық талаптар жасалған.
1.Гипотеза дайындалған
2. Зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттері анықталған
3. Міндеттерге сай әдістермен жүргізілген
4.тәжірибе жүргізген соңында талдаулар жүргізіп, қорытынды жасалған
2. Жүргізілген эксперименттегі жануарлардың жалпы жағдайының өзгеру себебін (себептерін) түсіндіру мүмкін бе? Жауапты негіздеңіз. Себептер мен жағдайлардың патологиялық процестер мен аурулар туындауындағы рөлін түсіндіріңіз. Жауап: Эксперимент барысында тышқндарға экзогенді ықпалдар оның ішінде барометрлік қысымды төмендету реакциясы жүргізілген. Соның нәтижесінде бірінші және үшінші тышқандарға көмірқышқыл газын жібергендіктен нормабариялық түрін туындауы айқын көрініс береді. Осылардың әсерінен тышқандарда гипоксемия және гиперкапния дамыды. Бұдан кейін тышқандарда цианоз байқалып, гипервентиляция дамыды. Екінші тышқанда барометрлік қысымды төмендету арқылы жасағанадықтан, онда пайда болатын бұзылыстар барометрлік қысымның төмендеу дәрежесі мен жылдамдығына байланысты.