2.1.13. Ай тұтылуы
Ай тұтылуын 2.5 – сурет арқылы түсіндіруге болады. Күн Жерге жарық түсіреді, ал Жердің күнге қарсы беті көлеңкелі болады. Күн диаметрі Жер диаметрінен үлкен болғандықтан, Жер көлеңкесі Ай көлеңкесі сияқты біртіндеп сығыла түскен конус тәріздес болады. Жер көлеңкесінің конусы Айдың конусынан ұзынырақ, ал оның диаметрі Ай диаметрінен 2,5 есе артық. Жерді айнала қозғала отырып Ай Жер көлеңкесінің конусына түсіп қалады, міне осы уақытта Ай тұтылуы құбылысы байқалады. Тұтылу кезінде Айға Күн сәулесі түспегендіктен Ай тұтылуы бүкіл түнгі жер жартышарында көрінеді.
Сурет 2.5 Ай тұтылуы схемасы
Ай батыстан шығысқа қарай қозғалғандықтан Жер көлеңкесіне оның сол жағы бірінші болып кіреді. Егер Ай Жер көлеңкесіне толық кірсе, онда толық Ай тұтылуы болады, ал егер көлеңкеде Айдың бөлігі ғана болса, онда тұтылу жартылай болады. Жер көлеңкесінің диаметрі Ай диаметрінен 2,8 еседей артық болатындықтан толық тұтылу екі сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Тұтылулар белгілі бір уақыт арасында қайталана отырады, бұл уақыт аралығы – сарос деп аталады. ( сарос - "қайталану" ). Сарос 18 жыл және 11,3 тәулікке тең. Ай фазалары орта есеппен 29,53 тәулік сайын қайталанады.
Достарыңызбен бөлісу: |