Жалпы астрономия


Ұйытқыған қозғалыс туралы түсінік



бет52/100
Дата07.02.2022
өлшемі9,3 Mb.
#92056
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   100
Байланысты:
POSOBIE PO ASTRONOMII

2.1.10. Ұйытқыған қозғалыс туралы түсінік

Егер Күн жүйесінің қандай да бір денесі Күнге ғана тартылса, онда ол Күн маңайында дәл Кеплер заңдары бойынша қозғалар еді. Бұл екі дене есебінен шешуге сәйкес келетін қозғалыс ұйытқымаған деп аталады. Ал шын мәнінде Күн жүйесіндегі бірде-бір дене дәл эллипс, парабола, гипербола немесе шеңбер бойымен қозғала алмайды. Денелер қозғалысындағы Кеплер заңынан ауытқыған қозғалыс – ұйытқу деп аталады. Ал денелердің шын мәніндегі (реалды) қозғалысы – ұйытқыған қозғалыс деп аталады. Күн және аспан денелерінің ұйытқу сипаты өте күрделі және оларды ескеру өте қиын. Бірақ, ол ұйытқуды шырақтың ұйытқыған және ұйытқымаған кездегі орындарының айырмашылығы ретінде, ал ұйытқыған қозғалысты Кеплердің 3 заңына сәйкес орбитасының элементтері айнымалы деп қарастыруға болады.


Дене орбитасы элементтерініің оның басқа денелермен тартылысы салдарынан өзгеруін – ұйытқу немесе элементтердің теңсіздігі деп аталады. Элементтердің ұйытқуы – ғасырлық және периодты болып бөлінеді.
Ғасырлық ұйытқулар денелер орбиталарының өзара орналасуына тәуелді, ол көп уақыт аралығында соншалықты өзгере қоймайды. Сондықтан элементтердің ғасырлық ұйытқулары бір бағытта жүреді және олардың шамасы уақытқа сәйкес.
Периодты ұйытқулар денелердің өз орбиталарындағы салыстырмалы орнына тәуелді, ол тұйық орбиталар бойымен қозғалады да, қандайда бір уақыт аралығында қайталанып отырады. Сондықтан, орбита элементтерінің периодты ұйытқуларының бағыттары ауысып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет