Жалпы астрономия



бет63/100
Дата07.02.2022
өлшемі9,3 Mb.
#92056
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   100
Байланысты:
POSOBIE PO ASTRONOMII

3.2.3. Күн құрылысы

Күннің жалпы құрылысы 3.1 суретте көрсетілген. Келтірілген мәндер жуықталған болып табылады, кейбір әдебиеттерде өзгеше мәндер де келтіріледі.










3.1 сурет – Күн қабаттарының физикалық сипаттамалары: r - тығыздық, Т - температура, р - қысым, n - 1 см3-ғы бөлшектер саны. Фотосфера мен хромосфера суретте нақтылыдан көрі қалындау салынып көрсетілген.

3.2.4. Күннің ішкі қабаттары

Басқа да кез-келген жұлдыз сияқты, Күн гравитация ықпалы себебінен сығылуға ұмтылады. Гравитация әсеріне Күннің ішкі қабаттарының өте жоғары температурасы мен тығыздығына байланысты пайда болатын жоғары қысым (дәлірек айтсақ, қысым градиенті) қарсы әрекет етеді. Күн орталығындағы температура Т»1,6&107 К, r»160 г/см3, қысымы р»2,2&1016 Па > 1011 атм. Мұндай жоғары температура ұзақ уақыт ішінде тек сутегінен гелий синтезінің ядролық реакцияларымен сүйемелдене алады. Бұл реакцияларға керекті шарттар Күн қойнауларында бар. Аталмыш температура мен қысым жағдайында бөлек ядролар орасан зор жылдамдықпен қозғалады. Мысалы, сутегі үшін бұл жылдамдық жүздеген км/с-ке жетеді. Сонымен қатар зат тығыздығы өте үлкен болғандықтан, ядролық соқтығулар айтарлықтай жиі болады. Олардың кейбіреулері термоядролық реакциялар басталуына қажетті атом ядроларының тығыз жақындауына әкеледі. Бұл реакциялар Күн энергиясының негізгі көзі болып табылады.


Бұл жерде мынаны айтсақ жөн болады. Аталмыш реакциялар барысында нейтриноның өте қарқынды ағыны шығарылуға тиісті, бірақ сонғы бірнеше онжылдықтар ішінде өткізілген тәжірибелер нәтижесінде анықталған нейтрино ағыны Күн ядросының температурасы жоғарыда айтылғандай болса байқалуға тиістіден анағұрлым аз болып шықты. Бұл қайшылықты шешу үшін бірнеше болжау айтылды. Олардың біреуі мынадай. Электрмагниттік сәулелену бізге Күн ядросы туралы ~1 млн жылға кешіккен ақпаратты әкеледі, өйткені көпеселі жұтылу және қайта сәулелендірілу құбылысы нәтижесінде сәулелену Күннің орталық аймақтарынан бетіне дейін тек сол 1 млн жыл ішінде жетеді. Ал не күшті, не әлсіз әрекеттесуге қатыспайтын нейтриноның әрекеттесу қимасы орасан аз болады, мысалы, жылулық нейтриноның қорғасындағы еркін жол ұзындығы ~~1020 см, не 100 жарықтық жыл (ж.ж). Сондықтан нейтрино Күнді лезде дерлік өтіп шығады да, тікелей Күн қойнауына көз жіберуге мүмкіндік береді. Ядролық реакциялар қарқындылығы, демек бұл реакциялар нәтижесінде пайда болатын нейтрино ағыны, температураға тәуелді: температура кеміген сайын, реакциялар саны азаяды. Сонымен, нейтриноның аз ағыны Күн ядросындағы температурасы электрмагниттік сәулелену көрсететіндіктен әлдеқайда аз екенін дәлелдейді деген қорытындыны жасауға болады. Басқа болжау - қазіргі заманғы Күн және Күн үлгісіндегі жұлдыздар физикасының түсініктерін толығымен қайта қарау керек, бұл жұлдыздар энергиясының көзі – ядролық реакциялар емес. Тағы бір болжау нейтрино спинінің солдан оңға төнкерілуімен байланысты. Тәжірибеде тек сол жақтағы нейтрино тіркеледі, сондықтан аталмыш төнкерілу шынында да болса, өлшенетін ағын жіберілетін ағыннан аз болады. Бірақ мұндай құбылыс шынында да жүзеге асырылса, ол нейтриноның тыныштық массасы нөльге тең емес екенін дәлелдейді. Ал бұл дерек элементар бөлшектер физикасының түсініктерімен қатар Әлем туралы түсініктердің қайта қарауына әкеледі.
Ядролық реакциялар мен олармен қосақталып жүретін энергия шығарылуы Күн ядросы, не энергия шығарылу аумағы деп аталатын Күннің орталық бөлігінде, орталықтан ~0,3RКүн қашықтыққа дейін жүреді. Орталықтан 0,3RКүн көп қашықтықтарда күн затының температурасы мен қысымы мынадай мәндерге дейін кемиді: Т<5&106 K, p<1010 атм. Мұндай шарттарда ядролық реакциялар өте алмайды. Сондықтан бұл қабатта тек үлкендеу тереңдіктерде γ-кванттар түрінде шығарылған сәулелену жеке атомдармен жұтылып және қайта сәулелендіріліп сыртқа қарай тасымалданады. Температура мен қысым бұл аймақтағыдай болғанда атомдар (негізімен сутегі) иондалған күйде болады. Сутегі толығымен иондалған болса, сәулелену жұтылуы негізінен сутегіден ауырырақ элементтер иондарының фотоиондалуымен байланысты болады. Бірақ мұндай элементтер Күн қойнауында аз болады. Күн қойнауынан қозғалатын фотондар жарым-жартылай еркін электрондармен жұтылады. Бірақ Күннің қарастырылып тұрған аймақтың иондалған газындағы фотондардың кейінгі қайта сәулеленусіз болатын жиынтық жұтылуы аз болып шығады, сондықтан энергия тасымалдауы сәулеленумен жүзеге асырылады. Бұл аймақ сәулелі тасымалдау алқабы деп аталады.
Күн орталығынан алшақтаған сайын газдың температурасы мен тығыздығы азаяды, 0,7RКүн -0,8RКүн көп қашықтықтарда атомдар (тереңірек қабаттарда - гелий атомдар, бетке жақынырақ - сутегі атомдар) бейтарап күйде бола алады. Мұндағы параметрлер: Т»106 К, р»106 атм, r»10-2 г/см3. Бейтарап атомдар, әсіресе сутегі атомдар, пайда болғанда олардың фотоиондалуымен байланысты жұтылу артады. Сәулелену арқылы болатын энергия тасымалдауы қиынға соға бастайды. Ал энергияның келіп түсуі, әрине, жалғаса береді. Яғни, энергия тасымалдауының басқа механизмінің қосылуы қажет болады. Бұл аймақта заттың іріауқымдық конвекциялық қозғалыстары дамиды. Сөйтіп, Күннің сыртқы көрнекі қабаттар астында, ~0,3RКүн бойында, сәулелі тасымалдау басылып, конвекциялық тасымалдауға ауысатын конвекциялық алқап түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет