Жалпы астрономия



бет64/100
Дата07.02.2022
өлшемі9,3 Mb.
#92056
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   100
Байланысты:
POSOBIE PO ASTRONOMII

3.2.5. Күн ішіндегі конвекция

Конвекция дегеніміз - төменнен көтерілетін жылу ағынының әсерінен болатын ауырлық күштер өрісіндегі сұйықтықтың, не газдың қозғалысы. Көтергіш күш болып Архимед күші (FA=gDrV мұндағы g – еркін түсу үдеуі, Dr - көтеріліп (не түсіп) жатқан V көлем мен қоршаған орта тығыздықтарының айырмасы) табылады. Dr шамасы V көлем мен қоршаған ортаның температура айырмасымен түсіндіріледі. V көлеміндегі зат қоршаған орта затынан ыстығырақ болу керек. Конвекция пайда болу үшін көтеріліп тұрған элементтің температурасының азаюы сол биіктіктерде болатын қоршаған ортаның температура азаюынан баяуырақ болуы қажет, өйткені элементтің температурасы ортаның температурасымен теңессе, бұл екеуінің тығыздығы да теңеседі де, Архимед күші нөлге айналады. Егер элемент пен орта арасында жылуалмасу жүрмесе, онда бұл адиабаттық процесс болады да, конвекция пайда болуы шартын былайша жазуға болады: ÑTад< ÑТ. Бірақ нақты жағдайда ортаның κ жылу өткізгіштігі мен ν тұтқырлығының бар болуына байланысты көтеріліп тұрған элементтің температурасы қоршаған ортаның температурасымен тез теңеседі де, элемент айтарлықтай көтеріліп үлгірмейді. Сондықтан іріауқымдық конвекциялық қозғалыс пайда болу үшін элементтегі және қоршаған ортадағы температуралар айырмасы кейбір шектік мәннен көп болуы қажет. Бұл шарт R > Rс түрінде жазылады, мұндағы өлшемсіз R саны (Рэлей саны) мынаған тең:


,
мұндағы d - қабат қалындығы, b - газ үшін 1/T тең жылулық кеңеюдің көлемдік коэффициенті. Әдетте Rс~103. Конвекция болмаған жағдайда жұлдыздардағы температураның сыртқы градиенті (ÑТ) сәулелі жылу өткізгіштігімен анықталады. Жұлдыз заты иондалмаған болса (толығымен бейтарап болса), әдетте R £ Rс болады да, конвекция байқалмайды. Ал газ иондалу күйін көтерілу барысында айтарлықтай өзгертсе, онда жағдай басқаша болады. Жұлдыздар затының негізгі құраушылары (сутегі мен гелий) жарым-жартылай иондалған болса, көтеріліп, не түсіп жатқан элементтегі температура аз өзгереді екен. Бұл жағдайда көтеріліп тұрған элементтегі температура азаюымен газ рекомбинациясы басталады, ал бұл құбылыс барысында энергия шығарылады. Сол бөлінетін энергия көтеріліп тұрған элементті жылытып, оның температурасын тұрақты дерлік түрде сақтайды. Түсу мен сығылу барысында шығарылатын энергия газдың жылынуына емес, оның иондалуына жұмсалады (бұл энергия жағынан тиімді болады), сондықтан түсіп жатқан элементтегі температура өте баяу өседі. Қарастырылған құбылыс мұздың еруіне ұксайды: мұз (біздің жағдайда – иондалмаған сутегі) бар болғанша судың (бізде – иондалған сутегінің) температурасы өзгермей дерлік, 00С жуық болып қала береді. Мұндай шарттағы ішкі (элементтегі) температура градиенті өте аз болады, сөйтіп атмосферадағы аз температура градиентінің өзі де сыртқы және ішкі температураның жеткілікті айырмасын қамтамасыз етеді, яғни көтергіш күш үлкен болуына әкеледі. Рэлей саны мұндай шарттарда сындық мәннен көп болады да, конвекция басталады. Сутегі мен гелий толығымен иондалған, не бейтарап болған кезде конвекция тоқтайды. Сонымен, Күннің және Күн үлгісіндегі жұлдыздардың конвекциялық алқабы – жарым-жартылай иондалған сутегі мен гелийдің алқабы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет