Жүктілікке және баланың туылу процесін ұйымдастыруға деген қатынас әр мәдениетте түрліше болғанымен, әрбір дені сау адам баласының дүниеге келуі бір биологиялық тәртіпке бағынады



бет1/26
Дата09.12.2021
өлшемі123,61 Kb.
#78603
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
гинекология (1)


. Жүктілікке және баланың туылу процесін ұйымдастыруға деген қатынас әр мәдениетте түрліше болғанымен, әрбір дені сау адам баласының дүниеге келуі бір биологиялық тәртіпке бағынады. Бұл тарауда біз босану кезеңдерін, оларға деген түрлі қатынастарды, пренатальді тест пен мониторингті, сондай-ақ, асқыну процестерін қарастырады. 

Босану кезінде бала физикалық және психикалық жағынан қатты стерске шалдығады. Отто Ранк бұл мәселеге қатты көңіл бөліп «босану жарақаты» (акушерлік жағынан емес, психологиялық жағынан атады) және «алғашқы шок» деп атады.

Босану уақытысына бірнеше күн қалғанда әйелде адреналин және норадреналин гармоны көбейеді. Босанып жатқан әйелдің алғашқы баласы болса толғақ 12-16 сағатқа созылады, ал екінші бала болса 8-10 сағат болады.

Босану процесі жатырдың ашылуымен басталады. Жатыр толық ашылғаннан кейін бала іштен шығуға талпынады, әйел көп күш жұмсай отырып өмірге сәби әкеледі. Босанып жатқан әйелге физиологиялық және психологиялық жағымды жағдай болса онда босану процесі қалыпты өтеді. Босану кезінде және босанғаннан кейін де әйел өзге адамдардан мейірім, қамқорлықты күтеді.

Босанғаннан кейін әйел бойында көптеген уайым сейіледі. Босану процесі кезінде әйелдің дәрігер ұжымына толық сенім білдіріп олардың айтқаны істегені абзал.

Ерте кезден-ақ ғалымдар әйелдердің босану жағдайларын анықтай бастаған. Өткен ғасырдың соңында Мишель Оден әйелдердің суда босана алатыны туралы теорияның негізін қалады. Бұл босану түрі жатырдың ашылуына көмектеседі деді. Суда босануды әйел өзі таңдайды, бұл оның жеке ерекщелігіне байланысты. Алайда бұл теорияға көптеген ғалымдар қарсы келеді. Э.К.Айламазян суда босанудың ешқандай пайдасы жоқ дейді. Сонымен бірге суда босануға ұсыныс білдірген әйелдердің көпшілігінде эйфориялық өзгеріс бар екені анықталған. Э.К.Айламазянға келісуге болады қазіргі таңда су құбырларының, судың сапасына сенім аз. Дегенмен де әйел суда босануды қалған жағдайда жақсы жабдықталған құрылғылар бар болса, мамандардың кәсіби денгейі жоғары болса, әйелдің денсаулығы мықты, жүктілік кезеңі жақсы өткен болса рұқсат беруге болады.



Үй жағдайында босану туралы Г.И.Брехман былай дейді; «үйде босану жайлы жарнама жасаудың қажеті жоқ, тек перзентханалар үйге ұқсас жабдықтау керек, әйел өзін бөтен жерде емес үйдегідей сезіну керек». Босану кезінде әйел өзін қатты жалғыз сезінеді, сондықтан серіктестік босануда қазіргі уақытта маңызды. Ресейде 1990 жылдардың соңына қарай пайда бола бастады. Босану уақытысында әйелдің қасында ер адамның болуы жақсы да жаман да жақтары бар. Жақсы жағы ер адамның бұндай жағдайға келісуі. Босану уақытысында ер адам әр түрлі іс-әрекеттер жасайды. Бұл босану алды курсына барған не бармағанын аңғартады. Г.Б.Мальгина серіктестік босанудағы ер адамның 3 түрін анықтап көрсетеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет