50
және дағдыларды меңгеруі, дамуы, жетілуі, сонымен қатар барынша жоғары
білім деңгейіне жету мақсатымен білім алу тәсілдерін меңгеру. Осы жағдайда
білім беру субъектісі болып білім алушы саналады, яғни білім беру үдеріс
субъектілік деңгейде жүзеге асады [146].
Метапәндік
тұрғыда
оқыту
өзінің
объективтелген
аспектісінде
«оқушылардың
әлемді біртұтас қабылдауына, реттеуші, танымдық,
коммуникативтік оқу әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндік беруші үдеріс»
болып табылады.
Синергетика тұрғысынан алғанда, білім беру
феномені тепе-теңдіксіз
күйдегі кез келген күрделі ұйымдасқан жүйелердің өзіндік ұйымдасуынан
тұрады. Мұндай өзіндік ұйымасудың себебі болып осы жүйелердің барлық
құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттестігі саналады. Сондықтан оқыту (тәрбие
беру) тек педагогтің ықпалымен ғана емес, сонымен қатар білім беру үдерісінің
барлық субъектілерінің ұжымдық өзараәрекеттестігімен шартталған үдерісі
болып табылады. Олардың әрқайсысы кез келген жағдайда өзін барлығының
дамуына ықпал ететін бастамашы (аттрактор) сияқты көрсете алады. Бұл арада
педагогтерге білім алушылардың жағымды бастамаларын қолдауы маңызды
[147].
Зерттеушілер синергетикалық өз табиғатынан педагогикалық жүйелерді
басқаруда өзіндік ұйымдасу мен өзін-өзі дамыту тетіктеріне сүйенудің
маңыздылығын да бөліп көрсетеді, яғни оқу қоғамдастықтарының (білім беру
саласы, білім беру мекемесі, оқу тобы және т.б.) деңгейінде, тұлғалық (білім
алушының, педагогтің) деңгейінде,
әсіресе жеке, топтық рефлексия арқылы
ұйымдастыруды айтады [147,б. 172].
Қазақстандың ғалымдар арасынан З.Ж.Жаңабаев педагогика мен
синергетиканың
арасындағы
тығыз
байланысты
көрсете
отырып,
педагогикадағы жүйелілік-қызметтік әдістер синергетикалық тұғыр негізінде
дамиды деген пікір айтты [148; 150].
Білім беру мазмұны аспектісінде синергетика бүгінгі күнде аса өзекті
мәселені шешу үшін оның тәртіптік құрылымынан арылып және әр түрлі пәндер
бойынша білімдерді біріктіру, кіріктіру ұстанымын жүзеге асыру бойынша
әдіснамалық негіздерді қамтамасыз етеді. Әр түрлі жаратылыстағы құбылыстар
мен үдерістердің тұтастығын аша келе, синергетика әр түрлі
пәндік ғылыми
білімдерді ортақ жүйеге біріктіру, кіріктіру үшін жалпы негіздемелерді
айқындауға, бағыт белгілеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар олардың
теориялық және әдіснамалық деңгейлерінде бірігуінің жаңа тұжырымдамалық
тұғырнамасы болуы мүмкін [151].
Осылайша, педагогикалық құбылыстарды қарастыруға синергетиканың
әдіснамалық түсініктерін қолдану олардың мәнін терең және жан-жақты ашып
қана қоймай, тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетті барынша тиімді атқаруға
мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Синергетиканың өзін-өзі ұйымдастыру теориясының зерттеуіміз үшін
маңызы зор. Өйткені бастауыш сынып оқушылары метапәндік білімді
белсенді түрде
игере отырып,
қойылған міндеттер мен талқыланатын өзекті
51
мәселелерді түсінуге, өздігінен шешім іздеуге, қорытынды жасауға,
жалпылауға ұмтылады. Бұл кезде оларда ақпарат жайлы білімдер
бейберекеттіліктен (хаостан) реттілікке өтеді. Осылайша бастауыш сынып
оқушыларында жүйелі әрекет өрісі пайда болады, танымдық және
шығармашылық қабілеттері артады.
Метапәндік білім беру барысындағы ұжымдық (топтық) таным үдерiсiн
синергетикалық бағытта ұйымдастыру оның қатысушыларының ынтымақтаса
әрекет ете білуі және ұжымның (топтың) әр мүшесiнiң жауапкершiлiктi сезінуi,
басқалардың
құқықтарын аяқ асты етпеу, топ мүшелерінің құндылықтарын
мойындау арқылы бiрлесе бiлiм алуда демократиялық үдерiстi қалыптастыру
болып табылады. Бұл қазiргi уақытта көп айтылып жүрген шыдамдылық немесе
толеранттылықты нәтижелi етедi. Сонымен білімнің синергетикасы білім
берудің байырғы үлгiлерiнен өзге, жаңа педагогикалық әлемдi синергетикалық
тұрғыдан қарастыратын, балаларға өзiн-өзi танудың, өзiн-өзi дамытудың жаңа
әдiстерiн меңгеруге бағытталған жаңа әдiснамасы болып табылады. Оны
басшылыққа алу оқушылардың метапәндік білімді игерудегі бәсекеге
қабілеттілігін арттырады.
Білім беру саласында осындай
біріктіруші болып біртұтастық, іс-әрекеттік,
құзыреттілік тұғыр саналады. Адамгершілік көзқарастар мен жалпы адами
құндылықтарға жүгінудің ерекшелігіндегі қоғамдық дамудың заманауи
тұжырымдамасы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту
Достарыңызбен бөлісу: