«Қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін регламенттейтін заңнаманы қолдану практикасы туралы» 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2
27. «Қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін регламенттейтін заңнаманы қолдану практикасы туралы» 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 3; 2010 жылғы 25 маусымдағы № 5; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
7-тармақттың бірінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл жағдайда қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама негізінде адвокат, сондай-ақ сенімхат негізінде жәбірленушінің мүдделерін білдіруге заңды түрде құқылы кез келген адам, оның ішінде жақын туыстары да өкіл бола алады.»;