Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы



бет18/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz

2) 2-тармақтың бірінші абзацындағы «дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгілі» деген сөздерден кейін «кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы ауыр қылмыс,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-тармақтағы «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195-1 Заңының 15-бабы
-тармағының 4) тармақшасына» деген сөздер «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VI Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-тармақтың бірінші абзацындағы «аса ауыр қылмысты» деген сөздерден кейін «не кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты» деген сөздермен толықтырылсын.


25. «Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13:

1) 2-тармақтың екінші және үшінші абзацтары алып тасталсын;

2) 4-тармақта:
екінші абзацтағы «қылмыстық процестің өзі еркін сөйлеп, жаза алатын тілде жүргізілу,» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзац алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. ҚПК-нің 30-бабының бесінші бөлігіне сәйкес процеске қатысушыларға тапсырылуға жататын құжаттардың жазбаша аудармасы міндетті түрде қамтамасыз етілуге тиіс.
ҚПК-ге сәйкес күдіктіге, айыпталушыға сотқа дейінгі кезеңде тапсырылуы тиіс құжаттарға мыналар жатады: бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға санкция беру туралы сот қаулысының көшірмесі (ҚПК-нің 148-бабының оныншы бөлігі); адамды күдікті деп тану туралы қаулының көшірмесі (ҚПК-нің 202-бабының екінші бөлігі); тінту немесе алу хаттамасының көшірмесі (ҚПК-нің 256-бабының төртінші бөлігі); сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулының көшірмесі (ҚПК-нің 288-бабы); айыптау актісі (ҚПК-нің 304-бабы) және ҚПК-те табыс етілуі тікелей көрсетілген басқа да процестік құжаттар.
Сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға мыналар тапсырылуға тиіс: қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы (ҚПК-нің
327-бабы); сотталушыға бұлтартпау шарасын өзгерту немесе сотқа шақырылуға жататын адамдардың тізімін өзгерту туралы судья қаулысының көшірмесі, егер прокурор сотта айыптауды өзгертсе, айыптаудың жаңа тұжырымдамасы (ҚПК-нің 329-бабы); үкімнің көшірмесі (ҚПК-нің 404-бабы); апелляциялық (жеке) шағым мен наразылықтың көшірмесі (ҚПК-нің 420-бабының екінші бөлігі) және басқалары.

Құпиялылық режимін сақтау мақсатында мемлекеттік құпияларды немесе өзге де қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар құжаттардың түпнұсқасы мен аудармасы қылмыстық процеске қатысушыларға танысу үшін ғана беріледі. Көшірмені алуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес таныстырылған құжаттардың түпнұсқасы мен аудармасы іс материалдарында бөлек жабық конвертте (пакетте) сақталады.»;
4) 9-тармақ алып тасталсын;
5) мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Судьяның, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының аудармашы функцияларын қоса атқаруына жол берілмейді және бұл сот ісін жүргізу тілі туралы заңды өрескел бұзу ретінде бағалануға тиіс. Әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылып жатқан, сондай-ақ жазасын өтеп жүрген адамдарды аудармашы ретінде тартуға жол берілмейді.»;

6) мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Сот процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы қаулы шығаруға және істі мемлекеттік (қазақ) тілде жалғастыруға құқылы.»;


7) 13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Істі соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешу сатысында сот ісін жүргізу тілінің бұзылуы анықталған жағдайда, сот
ҚПК-нің 323-бабының талаптарына сәйкес істі бұзушылықтарды жою үшін прокурорға қайтарады.»;

8) 14-тармақтың төртінші абзацындағы «29 қаңтардағы» деген сөздерден кейін «№ 73-V» деген сөздермен толықтырылсын.


26. «Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық процестік заңнаманы қолдану практикасы туралы» 2002 жылғы


6 желтоқсандағы № 26
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 9; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Күдікті (қорғауға құқығы бар куә, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам) қорғау үшін бірнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы. Адвокатпен (бірнеше адвокатпен) қатар оны қорғауды ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде аталған адамдардың біреуі ғана қосымша жүзеге асыра алады. Егер бірнеше адам қорғаушы ретінде әрекет еткісі келсе, онда олардың ішінен қорғаушыны таңдау клиенттің өзіне тиесілі.»;
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Адвокат куәлігін және қорғау туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде адвокат іске қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде санамаланған басқа адамдар өздерінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлікті, күдіктімен, айыпталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.»;
3) 11-тармақтағы екінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Іске қорғау туралы жазбаша хабарлама, қорғаушы ретінде жіберілген өзге адамның құжаттары қоса тігіледі.»;
4) 13-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Әдетте қорғаушы күдіктінің құқықтарын түсіндіру және одан жауап алу, айғақтарға сол жерде тексеру мен нақтылау жүргізу, тергеу эксперименті, тануды жүргізу, беттестірулер, прокурордың жауап алуы және бұлтартпау шарасын таңдау, тағайындалатын сараптаманың сұрақтарын қалыптастыру және маманды қатыстыру кезінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы және сот талқылауы кезеңдерінде қатысуы тиіс»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаушы оның қорғауындағы адамның қатысуымен жүргізілетін барлық тергеу және процестік әрекеттерге, сондай-ақ қорғауындағы адамның өтінішхаты не қорғаушының өзінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін басқа да процестік әрекеттерге қатысуға құқылы»;
5) 14-тармақтағы төртінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаушының қатысуы қылмыстық іс материалдарына қорғау туралы жазбаша хабарламаны не қорғаушы ретінде жіберілген өзге адамның тиісті құжатының көшірмелерін қоса тігу арқылы расталады.»;
6) 21-тармақтағы «наразылықпен» деген сөз «прокурордың өтінішхатымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 23-тармақтағы «наразылығында», «наразылықты», «наразылығы» деген сөздер тиісінше «прокурордың өтінішхатында», «прокурордың өтінішхатын», «өтінішхаты» деген сөздермен ауыстырылсын;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет