22. «Әкімшілік қадағалау туралы заңнаманы қолданудың сот практикасы туралы» 2019 жылғы 31 мамырдағы № 1:
9-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңның 6-бабына сәйкес әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазасын өтеген адамдарға қатысты бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.».
23. «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы»
2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2014 жылғы
24 желтоқсандағы № 3; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 76-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 127, 472-баптарына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 21-бабының екінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 884-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ соттар мен судьялардың сот төрелігін іске асыру кезіндегі өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға тиіс.
Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
2) мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Борышкердің сот актісін немесе атқарушылық құжатты белгілі бір бөлігінде немесе толық көлемінде орындауына нақты мүмкіндігінің болмауы адамды әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығарады.
Сот актісін, атқарушылық құжатты орындаудың нақты мүмкін болмай отырғаны бағалауға жататын ұғым болып табылады және оның болуы немесе болмауы туралы тұжырым тараптар ұсынған дәлелдемелерді борышкердің мүліктік жай-күйін (мәртебесін), оның ішінде орындау отбасы құрамын ескере отырып, толық, жан-жақты және объективті талдауға негізделуге тиіс.
Сот актісін, атқарушылық құжатты нақты орындау мүмкін болмай отырғанын растайтын мән-жайлар: жұмыс берушінің жалақыны төлемеуі, егер олар жалғыз кіріс көзі болып табылса, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру, мүгедектік, борышкер емделуде болатын және еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы мен жалақы алмайтын ұзақ мерзімді сырқаттану; сот қаулысы бойынша алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан және туберкулезден мәжбүрлеп емдеуде болу; борышкер бұрын меңгермеген мамандық бойынша болашақта басқа жұмыс алуға байланысты қайта оқыту және басқалар болуы мүмкін.
Борышкерде өз құны бойынша мойнындағы міндеттемелерді толық немесе ішінара өтеуге мүмкіндік беретін басқа мүліктің (мүліктік, оның ішінде мұрагерлік құқықтардың) бар екені расталған жағдайда, жоғарыда санамаланған мән-жайлар сот актісін, атқарушылық құжатты орындаудың нақты мүмкін болмай отырғанын растау бола алмайды.
Көрсетілген жағдайларда борышкерді сот актісін, атқарушылық құжатты орындамағаны үшін жауаптылықтан босату оның сот актісін орындау, сондай-ақ аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін заңға сәйкес атқарушылық құжатты, оның ішінде түзілген берешекті ескере отырып, орындауға бағытталған, өзіне байланысты барлық шараларды қабылдау міндетін жоққа шығармайды.
1-2. Заңды күшіне енген сот актілерін және мүліктік сипаттағы атқарушылық құжатты, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды, он сегіз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларды асырап-бағуға не өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын асырап-бағуға қаражат өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты орындаудан жалтару деп, атап айтқанда, борышкердің дәлелді себептерсіз (сот орындаушысы хабардар еткен кезден бастап) не жұмыс орнынан босатылған кезден бастап бір ай ішінде өзін жұмысқа орналасуға мұқтаж адам ретінде есепке қою үшін құзыретті мемлекеттік органдарға өтініш жасаудан бас тартуын; жұмысқа мұқтаж ретінде есепке қойылғаннан кейін екі және одан да көп рет ұсынылған бос лауазымнан бас тартуын; жұмысқа орналастырылғаннан кейін бір ай ішінде жұмыс орнынан өз қалауы бойынша шығып кетуін; елдің және оның шегінен тыс жерлердегі курорттық-сауықтыру кешендеріне жолдамалар, өзге де сән-салтанат заттарын сатып алуын және қымбат тұратын ақылы қызметтерді алуын; өндіріп алушыға ай сайынғы төлемдерді кеміту мақсатында ресми төмендетілген жалақыны және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірісті белгілей отырып, нақты жалақының және (немесе) жұмысқа орналастыру нәтижесіндегі кірістің бір бөлігін жасырып қалуын; сот шешімі немесе атқарушылық құжат бойынша өтелмеген берешегі бола тұра, борышты өтеудің заңда белгіленген кезектілігін бұза отырып, ақшалай міндеттемелерді орындауын және (немесе) ақша мен мүлікті талап ету құқығын үшінші тұлғаларға беруін есептеген жөн.»;
3) 12-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Борышкердің міндеттемені толық немесе анағұрлым көп көлемде орындауына мүмкіндігі бола тұра, сырт көзге сот актісін орындап жатқанын көрсету мақсатында мардымсыз ақша сомаларын аударуын жалтару түрінде орындамау нысандарының бірі ретінде қараған жөн.»;
4) мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы
3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Осыған байланысты сот актісін орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы заңды күшіне енген күнінен бастап алты ай мерзім ішінде және көрсетілген мерзім өткеннен кейін ғана жаңа жасаған іс-әрекеті үшін ҚК-нің 430-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмікн.»;
24. «Соттардың қылмысқа қатыстылық пен қылмыстық құқық бұзушылыққа дем берушілік үшін жауаптылық туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы
22 желтоқсандағы № 14:
1) 1-тармақтың екінші абзацында:
«аса ауыр қылмысты» деген сөздерден кейін «не кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты» деген сөздермен толықтырылсын;
«(ҚК-нің 432-бабы) және» деген сөздерден кейін «кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы ауыр қылмыс» деген сөздермен толықтырылсын;
Достарыңызбен бөлісу: |