3.Білім беру саласында Бенджамин Блум оқыту таксономиясының алатын орны Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы жолдауында, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, көрсетілгендей қоғамның эканомикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға дағдылану, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан республикасы жарияланған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделгенде жүзеге асады.
Қазіргі таңда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру бағдарламасы негізінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Оқытудың жаңа технологияларының принциптері – оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Демек, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру педагогтың өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі – Американдық психолог Бенджамин Блум 1956 жылы ұсынған танымдық саладағы оқыту мақсаттарының таксономиясы. Өзге технологиялық карталардың авторлары секілді бізде Блум таксономиясына сүйенудің қажеттігі болып отыр.
Соған орай, А.Қ.Қисымова мен Е.Б.Нұрланов Блум таксономиясын педагогикалық технологияның бір ретінде оның даму көздерін ашып берді, сондай-ақ оның даму сатыларына былайша түсінік береді яғни, таксономияның өзі ресейлік дереккөздерден ішнара алынады. Неліктен екенін білмейміз, алайда ресейлік әріптестер Б. Блумның бұл психология - педагогикалық әзірлемесін жұтаң сыптайды.
Оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге,оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты.Олай болса, Ж.Аймауытов «Білімдендіруді жүзеге асыратын — мұғалім» деген екен. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.
Жалпы өз іс-тәжірибемде байқағанымдай, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру – іс-әрекеттер барысында оқушының ізденімпаздығы, бейімділігі, жаңа нәрсені жасауда қажеттілікттердің пайда болуы арқылы дамиды.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан - жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат – өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім:
- педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
- педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
- жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
- оқушылармен тез тіл табыса алатын;
- білімді, іскер, шебер болу керек.
Қазіргі оқушы:
- дүниетаным қабілеті жоғары;
- дарынды , өнерпаз;
- ізденімпаз, талапты;
- мақсат қоя білу керек;
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің кұн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы - мектеп, ал мектептің жаны - мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұл,а тәрбиелеу.
Осы орайда, «Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану.
Сабақты түрлендіріп өткізу;
Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Оқушыларға қойылатын талап:
1.Алдына мақсат қоя білу және оған жетуге ұмтылу;
2.Қорытынды жасап отыру;
3. Өзін – өзі талдауды, өзін – өзі бағалай білуді меңгеру.
Мұғалім алдын ала сабақ жоспарын құруда түрлі интерактивті оқыту формаларын, СТО - ның әдіс тәсілдерін қолдану арқылы ұйымдастырады. Сабақ бір сарынды болып кетпеу үшін шағын топтар жұмыстарын, жарыстар, тренингтер ұйымдастырады.Себебі, психологтардың дәлелдеуінше іс әрекетпен сана тығыз байланысқан ұғымдар. Іс әрекетте болмаған нәрсе санада да қалыптаспайды. Сондықтан оқушылардың өзара бірлескен белсенді іс әрекеті арқылы ған саналы білімдерді қалыптастыруға болады.Мұндай технологияны ендіруде жұмыссыз отыратын оқушылар болмайды. Оларда сабаққа деген қызығушылық жоғары болады, сабаққа қатыспаушылық болмайды, олар өздерінің даму динамикасын, жетілгендерін жақсы сезінеді.
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты - оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып,ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді.Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Психолог Б.Блум бастаған бір топ америкалық психолог - педагогтер 1956 жылы бұл заңдылықтарды ашып, жоғары оқу орындарының практикасында қолдануға ұсынды. Өнер табыс іргелі ғылымға сүйсінгендіктен өзге білім беру деңгейлерінде қолдануға болатындығын көрсетті.
Қорыта келгенде, әрбір мұғалім өзі беретін оқу пәндеріне таксономияны реті пайдалану мүмкіндігіне жеткенде ғана тиімді болмақ.