Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


ДҮНИЕНІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҮСІНУДІҢ НЕГІЗДЕРІ



бет25/157
Дата07.02.2022
өлшемі318,23 Kb.
#82083
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   157
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07
әлеуметтік паспорт, Сканави есептері, КөРініс, КөРініс, КөРініс
ДҮНИЕНІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҮСІНУДІҢ НЕГІЗДЕРІ


Болмыс мәселесі. Онтология және метафизика
Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу. Болмыс бәрін қамтиды: материалдық заттар, олардың қасиеттері, қатынастары мен байланыстары, сонымен қатар, рухани құбылыстар, сана фактілері мен феномендері. Объективті және субъективті шындық.
Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.
Болмыс және бейболмыс. Болмыстың түрлері. Субстанция мәселесі. Болмыстың түнегіздік бастамасы. «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.
Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық. Болмыс және Абсолют. Құдай-әлем қатынасы мәселесі.
«Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея және рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау.


Сана және тіл
Жан, ақыл, парасат, рух. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Тәндік және руханилық.
Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері. Сананың қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез. Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар. Шығыс философиясындағы сана мәселесі. Сана құрылымы. Бейсаналық, сана, санадан жоғары. Сананың сезімдік-перцептілік, эмоциялық, құндылықтық-мотивациялық, жігерлік, логикалық компоненттері. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары. Сана және өзіндік сана. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік. Сана және ұлттық сана-сезім. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыру аясындағы ұлттық сана-сезім. Рухани жаңғыру – ұлттық сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келуі.
Ойлау және тіл. Тілдің шығу тегінің антиномиялары. Вербалды және вербалды емес ойлау. Тіл және ұлт. Латын графикасына көшудің қазақ ұлты мен қазақ тілінің дамуындағы рөлі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет