Инновациялық процесс (Инновационный процесс) – білім беру ісіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін,жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет. Білім беру ұйымдарының жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты қызметі.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі /Педагогика және Психология/Алматы «Мектеп», 2002,103-бет.
Инновация түрі
Сипаттамасы
Модификациялық инновация
Бұл бұрын қолда барды дамытумен,түрін өзгертумен айналысу.Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы себеп болды.
Комбинаторикалық инновация
Бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру.Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация
Білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.мемлекеттік стандарт білім беруде,негізінен,мөлшерлерді,параметрлерді,деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Педагогикалық инновациялар мағынасы, мазмұнына, нәтижесіне қарай екі түрге бөлінеді: