4 – тапсырма. Диагностикалық материалдар әзірлеу және жүргізу. Қашықтықтан оқыту – қазіргі таңда білім саласындағы өте маңызды ұғым. Бүгінгі күні әлемде болып жатқан эпидемиялық жағдайлардың алдын алу шараларына байланысты барлық жерде оқу процесі қашықтықтан өткізіліп жатыр. Қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты оқушылармен мынадай сауалнама жүргіздік:
«Қашықтықтан оқыту – заман талабы» тақырыбындағы мектеп оқушыларына арналған сауалнама.
Қашықтықтан сабақ өтуге қандай бағдарлама қолданасыздар?
ZOOM
Google meet
Тек қана What’s app
Басқа бағдарлама
Қолданылып жатқан бағдарлама көңіліңізден шығады ма?
Ия, көңілім толады
Аса толмайды
Берілген тапсырманы қалай орындайсыз?
Мұғалім жіберген материалдарды қолданып
Ғаламтор арқылы
Үлкендер көмектеседі
Қашықтықтан өткізіліп жатқан сабақ сізге түсінікті болып жатыр ма?
Ия, түсінікті
Кейбір сабақтарды аса түсінбеймін
Интернет нашарлығына байланысты сабаққа қатыса алмаған кезіңіз болды ма?