Казахский язык класс 11 каз



бет8/15
Дата06.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#34030
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Бұлақтың басын иемдене қояйын деп келгенім жоқ. Көп мағыналы сөздің бір негізден таралған қатары
A) аяғыңды бас
B) басты жаңалық
C)жылдам бас
D)балтаның басы
E)орнын бас
340_
Көп мағыналы сөз бола алмайтын қатар
A) батыр
B) кілт
C) құлақ
D)түбір
E)сала
341_
Көп мағыналы сөз қатысқан сөйлем
A) Ағашты арамен кесіп жүріп, бал арасы мекенін көрді.
B)Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі.
C) Арық-тұрық малын Бейсен шал арықтан суарады.
D) Айт мейрамында діни әндер айтылды.
E) Қара шашы желмен есіліп, Ақанға жалт қарады.
342_
Көп мағыналы сөзі бар сөйлем
A) Қара шапанын желбегей жамылған қария келе жатқан қараны жықпай таныды.
B) Айт мейрамында ақсақалдар көп өсиеттер айтты.
C) Болашағына дұрыс жол сілтеп, қалаға барар жолынан қалдырмауын өтінді.
D) Көктем келіп, жылғадан су ақты, ел аузы аққа тиіп, қуанды.
E) Көктен жаңбыр көп жауып, биыл мал көкке тойынды.
343_
Көп мағыналы сөзі бар сөйлем
A) Үй жанында отырып, қыстан қалған қоқысты үйіп тастамақ болды.
B) Ән айтып отырған жастар әлдекімнің айтақтаған даусына елең етті.
C) "Қорыққанға қос көрінер" дегендей, қоста отырған Еркін әр дыбысқа елеңдеп отыр.
D) Екі жүзділікті жаны сүймейтін Қасен ештеңеге мән бермегенсіп пышақ жүзін қайрай берді.
E) Іс төркінін бағамдап барып, сөз төркінін ұғынысты.
344_
Бір топ адам келіп, шабындық қостарын қоршап алды. Көп мағыналы сөз болатын қатар
A) Төсегіне қисая салысымен, оны қалың ой қоршап алды.
B) Мәкенді Айша өз бойымен қоршап тұр.
C) Үйді қоршаған шарбақтың іші толған жеміс ағашы.
D) Жау лезде қамалды қоршап алды.
E) Қоршалған дуалдың айналасы ығы-жығы халық.
345_
Көп мағыналы сөзді жасауға ұйытқы болып тұрған сөз
A) Ата жұрт - аңсап жетер мекен.
B)Ата-баба салты - бізге аманат.
C)Ата жолын қуар азамат бол.
D) Атамекен - қасиетті Жерұйық.
E) Ата кәсіп мал өсірумен шектелмеген.
346_
Көп мағыналық сипаты бар сын есім
A) асыл
B) қараңғы
C) қызыл
D)жасанды
E)алғашқы
347_
Асты сызылған тіркеске омоним болатын сөзі бар сөйлем. Олар жатқан орындарынан атып тұрды.
A) Жас ағаштар шешек атып, құлпырып кеткен.
B) Сырттағы дыбыстан селк етіп, орнынан атып тұрды.
C) Жау танкілерін көрген әскерлер атойлап атып тұрды.
D) Атып тұрған Шолпан селтиіп бір орында тұрып қалды.
E) Қораға кірген енесін көрген ала бұзау тарпаңдап атып тұрды.
348_
Асты сызылған сөзге омоним болатын сөзі бар сөйлем: Жалғыз өзім отырып, кітаптың барлық бетін аударып шықтым.
A) Күйшіден көз алмай қатып қалған қыз бала дәптер бетін парақтай берді.
B) Жібек жақ бетін алақанымен қоршағандай болды.
C) Журналдың әр бетіндегі қызылды-жасылды суреттерге тамсана қарады.
D) Ақ қағаздың бетіне ойына оралған өлең жолдарын төге берді.
E) Газет бетіне шыққан табақтай мақаласына сүйсіне қарады.
349_
Синоним бола алатын сөз
A) құнды-арзан
B) ұстамды-мықты
C) толу-қоңдану
D) көңілді-қапалы
E) әл жию-ауқаттану
350_
Антоним бола алатын сөз
A) өң-рең
B) ас-дәм
C)бар-кел
D)ал-бер
E)тез-лезде
351_
Сөйлемге қатысты синоним сөз: Сөйлеген сөзі әдепті әрі мағыналы.
A) Кісі бетіне қарап көрмеген ибалы Қамар жоқ жерден жалаға ұшырады.
B) Таңертеңнен бері суытып, түнерген күн түс қайта ашылайын деді.
C) Тойған қозыдай сүйкімді болып солар ғана отыр.
D) Қыл өтпестей тәттілікті осылардан көруге болады.
E) Оның шырайлы жүзінен үнемі жылылық есіп тұрады.
352_
Синоним сөздері бар сөйлем
A) Бала-шаға шуылдасып жүргенде, айқайлаған дауысты естімепті.
B) Ата-ана абыройын ойлау – әр перзенттің басты парызы.
C) Ауыс-түйістен шаршаған ұжымның ендігі ойлары бір жерден шықпақ.
D) Ар-абыройын таза сақтауға адам өзін-өзі үйрете алады.
E) Қуаныш-қайғыда бірге болған достары оның жағдайын түсіне алады.
353_
Еркін тіркесті көп мағыналы сөз қатысқан сөйлем.
A) Көзі қарауытып кеткен Есенді Досжан демей берді.
B) Жолда адасып кеткен жолаушы ауылға көз байланған шақта жетті.
C) Көз көрім деген жері әудем жер екен.
D) Төрехан - Жалғыз Береннің, соның нәсіл көзі еді.
E) Көзі шарасынан шыға қорыққан киіктің лағы үйіріне қарай құлдыраңдай жөнелді.
354_
Құрамында синоним сөздер бар сөйлем
A) Қазақстанның табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай.
B) Қазақ халқының ұлттық дәстүрінде қара, қоңыр киімді құптамаған.
C) "Бірлік болмай, тірлік болмас" деген сөзді қазақ халқы тегін айтпаған.
D) Жан-жануар, адамзат анталаса, ата-анадай елжірер күннің көзі.
E) Қоршаған зеңгір тау көз тосып,өзінен өзгені көрсетпейді.
355_
Синоним емес қатар
A) қалталы, ауқатты
B) риясыз, таза
C) әсерлі, тартымды
D) білгір, жетік
E)әлеумет, адам
356_
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер
A) антоним сөздер
B)синоним сөздер
C) омоним сөздер
D) көп мағыналы сөз
E) сөздің тура мағынасы
357_
Синоним сөзі бар сөйлем
A) Ұрпағымыздың абырой, даңқы арта берсін!
B) Ақылды кісі тартымды келеді.
C) Айнымайды достық серт, көрісерміз сәлемет.
D) Досқа күлкі, дұшпанға таба қылма.
E) Соларды ойлап сағынғанда, ұйқың шайдай ашылады.
358_
Тұрақты тіркеске жатпайтын сөз
A) көзімен көру
B) көзге ілмеу
C) көзін алмау
D) көз салмау
E) көзге түртсе көргісіз
359_
Мәтел сөзі бар сөйлем
A) Жаңағы сөзің төбемді көкке жеткізгендей болды.
B) Қысқа жіп күрмеуге келмес нағыз менмін.
C) Жайлауыңды жау алды, қыстауыңды өрт алды деген не сұмдық.
D) Бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала екен.
E) Мыңжасар - тепсе темір үзетін қайраты бар жігіт.
360_



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет