Кіріспе 3 І бөлім. ОҚыту заңдылықтары мен принциптері және оларға сипаттама


Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік



бет4/15
Дата21.05.2022
өлшемі67,66 Kb.
#144436
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
stud.kz-68713

Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік


Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің зандылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту зандылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы зандылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.

Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:


      1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.

      2. Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.

2.Оқушының таным белсенділігі артқан сайын,оқыту сапасы жоғарылайды.
4.Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға,түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.

  1. Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.

  2. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.

Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.

Оқытудың негізгі заңдары:


    • Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.

    • Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң.

    • Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы

заң.



  • Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.

  • Оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара

байланысы туралы заң.
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педаго- гикалық зандылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет