Кіріспе 3 І бөлім. ОҚыту заңдылықтары мен принциптері және оларға сипаттама


Оқытуды заңдылықтары және олардың жіктелуі



бет6/15
Дата21.05.2022
өлшемі67,66 Kb.
#144436
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
stud.kz-68713

Оқытуды заңдылықтары және олардың жіктелуі


Қазақстан Республикасының Егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап Білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысыңда оқушының жеке тұлғасын жан - жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның дәлелі республикамыздағы «Білім туралы» заңының қабылдануы.


Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің міндеті - өзінің талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың іс- әрекетінің маңызды жақтарына көп көңіл аударуымыз қажет.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу - ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері [8].
Білім берудің жоғарыда көрсетілген түбегейлі мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда әр пәнді оқудың өз орны мен ролі бар. Оқытуда оқу үрдісін сапалы үйымдастыра отырып оқушы белсенділігін арттыру мұғалімнің әдістемелік шеберлігінде екендігі сөзсіз. К.Д. Ушинский "... өз сабағында барлық оқушыларды тарта білуі, белсенділігін оята білуі мұғалімнің көрсеткіші", - деді [9].
Оқытудың формалары туралы айтқанда, оқушылардың белгілі бір оқу әрекетін ұйымдастыру еске алынады. Ол үшін оқыту дегеніміздің өзі не екендігін біліп алуымыз қажет.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеті, сондықтан да ол екі жақты, біртекті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады. Ал енді бұл жерде "білім беру" дегеніміз не?- деген сұрақ туындайды.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Оқыту мен білім беру ұғымдары - тәрбиенің құрамды бөліктері. Бұлар педагогикада бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар.
Оқыту формалары өзгермейтін дүние емес. Мектептердің даму тарихында оқытудьщ міндеттері мен мазмұнының өзгеруіне қарай оқытуды ұйымдастырудың формасы да өзгереді; ескілер өледі, жаңалар туады. Олардың
өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне байланысты болады.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасты: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Ерте замандағы Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда, оқытудың жеке-топтық формалары шығып дамыды.
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды. Сондықтан оқыту жұмысын ұйымдатырудың тиімді формасы туралы сұрақтар туа бастады. Оқытудың мұндайформасы ХҮІ ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы мектептердің тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды [10].
Н.В.Савин "Педагогика" атты оқулығында: "оқыту формасын ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ деп есептеледі, өйткені ол ең алдымен мұғалімге оқытылып отырған пәнді жүйелі де дәйекті түрде баяндап беруге, балалардъщ ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, олардың дүниеге коммунистік көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді"- деп атап көрсетеді [11].
ХҮII ғ. аяғында XIX ғ. басында Англияда оқытудың "белль-ланкастер" жүйесі тарады. Бұл жүйені жасаған дін қызметкері А.Белль және мұғалім Д.Ланкастер. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқуды 600-ден астам оқушылармен үлкен залда өткізеді. Содан кейін оқушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы оқушылармен оқуды мониторлар - топ басшылары жүргізеді. "Сатылы" немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған.
Оқытуды ұйымдастырудың мұндай жүйесі XIX ғасырдың үдемелі педагогтары А.Дистервектің, К.Д.Ушинскийдің идеяларына қайшы келеді. Олар сабақта ойлау, сұрақтар мен жауаптар, іздену, табу үстем болу керек дейді. Демек, оқытудың дамыту тәсілдерін қорғайды [12].
Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол ХҮІІ ғасырда Ресейдің Львов, Луцкая және басқа да облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің "Ұлы дидактика"
кітабында атап көрсеткен. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.

  1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.

  2. Сыныптағы оқушылар құрамын әркезде тұрақты ету.

  3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алма кезек оқыту. 4.Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу.

  1. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.

  2. Оқытуды ұйымдатыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.

Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір он балаға бөледі, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы-декурион жүргізеді.
Америка Құрама Штаттарында Дальтон қаласында XX ғ. басында "дальтон-план" оқу формасы түңғыш рет қолданылды. Дальтон-план сабақты болдырмауды, жүйелі курстардың оқытылмауын талап етеді. Сонымен бірге дальтон-план нәсіліне қарай қабілетті, дарынды балаларды оқытуды жақтайды. Дальтон-планның мәні: оқушы өз бетімен жұмыс істейді, тапсырманы орындайды, сынақ тапсырады, келесі тапсырманы дайындайды. Демек, консультанттар балалармен дербес оқытуды жүргізеді. Дальтон- планның негізгі мақсаты ұжымнан жекеленетін адамдардың психологиясын тәрбиелеу. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынады. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды [13].
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретівде бригадалық-зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригада оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Қазіргі кезде сабақтың қүрылымына аса көңіл бөлуде. Сабақтың жіктелуі әлі де толық зерттеуді қажет етеді. Сабақ құрылымы - сабақ тұтастығын қамтамасыз ететін, оның элементтерінің жиынтығы. Әрбір сабақтың құрылымы оның мақсатына, оқылатын материалдың мазмұнына, оқытудың әдістеріне, тәсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне тәуелді болады.
И.Н.Казащев сабақтарды жіктеу үшін үш принципті басшылыққа алады:
а) мазмұны бойынша - математика сабақтары, алгебра, геометрия т.б. сабақтарға бөлінеді;
ә) дидактикалық мақсат бойынша - әрбір сабақта шешілетін нақты міндеттерге түсіну;
б) сабақты өткізу тәсілі бойынша - бұл лекция, әңгіме, кино және практикалық сабақтар.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды.

    1. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі.

    2. Жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі.

    3. Сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі.

    4. Қысқаша қорытынды жасау кезеңі.

Сабақ теориясын жасауда К.Д.Ушинский едәуір үлес қосты. Ол сабақты сан алуан етіп құруды, оларға мұғалімнің кіріспе әңгімесін, алғашқы және жаңаны пысықтай оқуды, бастысын табу, фактілерді салыстыру, ережелер мен қорытындыларды тұжырымдау мақсатымен оқылғандар жайында әңгімені енгізіп отыруды ұсынып, мұғалім сабақты өткізгенде балалардың ойлауын, есінде сақтауын дамытуға үлкен көңіл бөліп, сабақты ұйымдастырудың көптеген мәселелеріне терең ғылыми негіздеме берді [14].
Қазақ Совет энциклопедиясында сабаққа мынадай сипаттама беріледі. Сабақ - мектепте оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Кеңес мектебінде сабақ арнаулы сынып бөлмелерінде, оқу кабинеттері мен лабораторияларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе учаскелерінде өтеді, тұрақты оқушылар құрамы, белгілі бір кесімді уақыт мөлшері (45 мин.), оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, сабақтағы ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады. Сабақ - оқытуды сынып-сабақ жүйесінің құрамдас бөлігі. Сынып- сабақ жүйесінің негізін қалаушы - Я.А.Коменский.
Сабақ оқу процесіндегі ұйымдастыру формасының бір ғана түрі емес, экскурсия, лекция, семинар, практикалық жұмыстар т.б. оқу процесін ұйымдастырудың түрлеріне жатады. Олардың дидактикалық мақсаты сабақ мақсатымен салыстырғанда тарырақ, әрі бір жақты деуге болады. Сабақты жетілдірудің басты шарты - білім беру мазмұнын ғылыми тұрғыда белгілеу және оқушылардың білім игеру заңдылықтарын айқындау.
Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани- адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Сабақ баланың білімдік әрекетінің басқа да түрлеріне: сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне жағдай жасап отырады. Сабақта оқушылар білім жүйелерімен ғана емес, сондай-ақ танымдық әрекет әдістерін де игереді. Бұл - білім алуда оқушыларды дербес жұмысқа тартудың аса маңызды шарты.
Сабақта мұғалім оқытудың сан алуан әдістерін қолданып, оқушылардың жеке-дара, топтық және жаппай жұмысын ұштастыра алады.
Ақырында, сабақ мектеп жұмысына белгілі бір нақтылық тәртіп- реттілік сипатын береді, балаларды ұйымшылдық пен тәртіптілік рухында тәрбиелеу үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
Алайда бұл сабақ оқу жұмысын ұйымдастыру формасы ретінде үнемі жетілдіріп, жақсартып отыруды керек етпейді деген сөз емес.
Оқушылардың білімді, шеберлік пен дағдыларды игеру процесіне білімді қабылдау, ұғыну, бекіту және оларды практикада қолдану енеді. Бұл буындар сабақта сан алуан үйлесуімен көрініп, оның сан қилы құрылысын анықтай алады.
Сабақта білімді игеру процесінің негізгі буындарының әр алуан комбинациясы оқу материалының сипатына, сабақтың дидактикалық мақсатына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сондай-ақ ұжым ретіндегі сол сыныптың ерекшелігіне байланысты.
Сабақтың құрылуына оқушылардың жас ерекшеліктері, олардың дербес сабақтарға дайындық дәрежесі шешуші ықпал етеді. Оқушы әлі де болса, ұзақ уақыт бойына, өзінің назарын іс-әрекеттің белгілі бір түріне шоғырлауды үйренбегендіктен оқытудың алғашқы кездерінде мұғалімге сабақ түрін жиі өзгертіп отыруға тура келеді. Оқушылардың жасына, оқу шеберліктері мен дағдыларының жинақталуына қарай мұғалімнің басшылығымен істелген жұмыстар мен сабақтағы оқушылардың дербес істерінің ара-қатынасы да өзгереді. Мұғалімге ұжым ретінде, сыныптың ерекшеліктерімен, оның ұйымшылдығымен санасуға тура келеді.
Сабақ типтері туралы мәселе дидактикада сабақтарды классификациялау принципі аяғына дейін шешілген мәселе болып саналмайды. Түрлі көмекші құралдардың авторлары сабақты классификациялау негізіне оқу мақсатын, Оны өткізу әдістемесін немесе оқыту процесінің құранды буындарын алуды ұсынады. Осыған байланысты сабақтардың түрлі типтері ұсынылады. Осыған орай, сабақ өткізуде А.Бейсенбаева өзінің "Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдатыру" атты еңбегінде оқыту процесін ұйымдатырудың дәстүрлі
сабақ түрлерінің педагогикалық тәжірибеде төмендегідей түрлерінің қолданылып келетіндігін көрсетеді:

  1. Кіріспе сабақ.

  2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.

  3. Аралас сабақ.

  4. Жаттығу сабағы.

  5. Қайталау сабағы.

  6. Оқушылардың білімін есепке алу, тексеру, бағалау сабағы.

  7. Бақылау сабағы.

  8. Лекция сабақ.

  9. Семинар сабағы.

  10. Конференция сабағы.

  11. Лабораториялық сабақ.

  12. Демонстрация сабағы.

  13. Экскурсия сабағы.

  14. Іскерлікті, ебедейлікті, дағдыларды қалыптастыру сабағы.

  15. Жинақтау-қорытындылау сабағы.

  16. Зачет сабағы.

Жалпы білім беретін орта мектептерде жаңа бағдарлама бойынша оқытудағы ең басты міндеттердің бірі - әр пән бойынша оқушыларға берілетін ғылым негіздері мен тәрбиенің мазмұнын заман талабына, ғылым мен техниканың осы кездегі даму дәрежесіне сәйкестендіру. Демек, мектептегі оқу тәрбие процесі оқушылардың жұмыс істеуін, зерттеушілік қасиетін, еңбек етуді қажетсінуі мен білім алуға деген ынта талабын дамыту бағытында жүргізілуі тиіс. Соңғы жылдарда оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологиялар ұсынылып, олар мектеп өмірінен кең орын алып отыр.
XX ғасырдың 70 жылдарының ортасында мектептерде оқушылардың оқуға деген қызығушылығының төмендей бастағаны байқалды. Оқушылардың мұндай танымдық еңбектен айырылуына байланысты, мұғалімдер оның алдын алу үшін әр түрлі әдістерді қолдана бастады. Бұл мәселенің асқынуына байланысты тәжірибелі мамандардың басты мақсаты оқушылардың оқу еңбегіне деген қызығушылығы мен әуестенушілігін арттыруды жүзеге асырудағы - стандартты емес сабақтарға көңіл бөле бастады. Стандартты емес сабақ - ол ойдан шығарылған дәстүрлі емес қүрылымы бар оқу түрі. Мұғалімдердің дәстүрлі емес оқу түріне ой-пікірлері әр түрлі болып келеді.[15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет