11
Тіршілік
ден өзін күтіп тұрған көңілдесіне көзі еріксіз түседі. Сабақты жүргізе
алмайтын дәрежеге жетті. Тастап кете алмайды, тәртіптің аты тәртіп.
Жұмыссыз қалуы мүмкін. Кінәсіз балаларға өзіндік жұмыстар істетіп
қоятынды шығарды: «Өздерің білетін құстардың суретін салыңдар...
немесе «Мен жазды қалай өткіздім...» деген тақырыпқа шығарма
жазыңдар», – дейді.
Қайтадан терезеге келеді. Қашықтықта тұрса да көзбен көз
ұшырасады. Осы екі ортадағы қуаттың күштілігі сонша – ұшып жүрген
жәндіктер тап келсе соған өліп қалатындай.
Кешкісін күндізгі махаббаттан шаршаған Айқын Салиханың ба-
лаларымен ойнайтын. Қызы әкесін білмегендіктен
оны әке орнына
қабылдап, еркелейтінді шығарды. Осылай өмір өтіп жатты. Кейде-
кейде Салиханың таныстарына қонаққа барады. Айқын өз ортасына
апармайтын. Өйткені заңды некелі әйелі емес... Бірақ соншама жақын
болды, бірге ішіп-жеді, бірге ұйықтады, бірге ойлады ешкім, ешқашан,
ешқандай жағдаймен ажырата алмас...
Махаббаттың жолына тосқауыл болатын бір нәрсе – жүктілік. Сон-
ша зарыға күткен махаббатың айқара құшағына енген әйел ондай
қауіптің
барын ойланбайтын, бәрін ұмытатын. «Алдыртып тастай-
мын», – деген әйел сөзіне Айқын:
– Алдыртпасаң қайтеді, тағы бір баламыз болатын еді... Мені
ұрпақсыз қалдырмақсың ба?, – деді.
Салиха өз санасы жетпей, ой шарық ұрып, не тоқтамға келерін
білмей анасынан ақыл сұрады. Ол:
– Екі бала жетеді мына заманда. Туу туралы ой да болмасын. Шата
баланың шатағы көп болады. Ол өмірде дәлелденген. Бүгін бар да
алғызып таста, – деді.
– Мен оны сүйемін...
– Сүйсең қайтейін... Сен некеде тұрған,
ата-анасының батасын алған
келін емессің... Сен ойнасысың... Ондайларды «жәлап» деп атайды...
Анасының бет-жүзге қарамай айтып салатын мінезін біле тұра
бұл жолы қатты ренжіді. «Ол әйел бақытын түсінбейді. Оның ойын-
ша төлқұжатта мөр болса, бірге тұрса болды. Әкемнің өмір бойғы
көрсетіп келе жатқан қорлығына – ішеді, ұрады, қыдырады – шыдап
келеді. Сондықтан ол мені түсінбейді...»
Қаншалықты жан дүниесі өре түрегелгенімен іштегі тіршілік иесіне
қол салғызды.
– Қалай ғана адам өлтіруге дәтің барды?!