Бүгін мен тәжірибелік күнімді жедел жәрдем бөлімінде жалғастырдым.
Ең алдымен ем-шара бөліміне күнделікті ағымды тазалық жұмысы.
Ол үшін дайындап алдым:
Резеңке қолғап
Шелек
Алжапқыш
Сүрткіш
Алдымен алжапқыш пен резеңке қолғапы киіп 10литр жылы суға 4 штук таблетка деохлорды ерітіп дайындап алдым.
Алжапқышты киіп, өзіме қажетті мөлшерде деохлор ерітіндісін шағын ыдысқа құйып оған сүрткішті малып алып шкафты, үстелді, кушетканы, столдарды, терезенің алдын сүрттім. Кейін 15минут кварцқа кварц қосып қойдым.Қолданылған заттарды орынына қойдым.15минут соң кварц шамын өшіріп,терезені ашып желдеттім. Қолымды жуып кептірдім.
Кейіннен 11.20да кезекші фельдшер Тулеуов Р.О бірге жедел шақыртуға бардым.