Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет18/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы, EnglishPhoneticsEssays
Тамыр жүйесі деп- бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз. Тамырлар жүйесінің 3 типін ажыратады.
1. Кіндік тамырлар жүйесі, мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп негізгі тамыр пайда болады. Негізгі тамыр бұтақтанып, одан 2-ші,3-ші, т.б. өстер түзетін жанама тамырлар тарайды.
2. Қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар жүйесі. Мұнда негізгі тамыр нашар жетілген болады да, қосалқы тамырлардан көлемі жағынан айырмасы болмайды. Тамырлар жүйесінде қосалқы тамырлар жақсы жетіліп, басымдық білдіреді. Шашақ тамырлар негізінен дара жарнақтыларға, әсіресе астық тұқымдастарға тән, сирек жағдайда астық тұқымдастарда кездеседі.
3. Аралас тамырларт жүйесі. Мұндай тамырлар жүйесінде негізгі, жанама және қосалқы тамырлар кіреді. Негізінен қос жарнақтыларда жиі кездеседі.
Негізгі тамырдың перицикл қабатынана өсіп бұтақтанып, жанама тамыр шығады. Жанама тамыр бой конусына жақын жерден пайда болады.
Қосалқы тамыр-құрылысы күрделі өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарыда болатын перицикл қабатынан өсіп шыққан тамыр. Қосалқы тамыр дара жарнақты және көп жылдық қос жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының түп жағынан және гипокотильден пайда болады. Қосалқы тамыр жатаған сабақты өсімдіктердің буынының топыраққа жанаса жатқан бетіндегі жапырақ сабағының түбінен өсіп шығады.
Өсімдік тамырлары пішіні жағынан: Цилиндр тәрізді (жалпақ жапырақты кермекте), ұршық тәрізді (сәбізде), шомыр тәрізді )шомыр(, түйнек тәрізді (георгинада) болып жіктеледі.
Тамыр ұшы- өсімдік тамырларының алғашқы өсіп шыққан және өмір бойы өсуде болатын жас бөлімі. Тамыр ұшына- тамыр оймақшасы мен тамырдың мөлдір аймақтары жатады.
Тамыр оймақшасы- тамыр ұшындағы ең нәзік бөлімі, ол өсу конусы нүктесін қаптап тұрады. Тамыр ұшы өмір бойы өседі, өсу жолында әртүрлі бөгеттердің болуының себебі, тамыр оймақшасының сыртындағы клеткалары түлеп отырыды.
Тамырдың анатомиялық құрылысы. Тамырдың ұшы үнемі бөлініп отыратын түзуші клеткалардан тұрады, олар тамырдың апикальды меристемасын түзеді. Тамыр осы ұшы арқылы өседі. Тамыр ұшындағы меристема оймақшамамен жабылған. Кейбір су өсімдіктерінде микоризалы тамыр мен паразиттерде оймақша болмайды. Оймақшаь меристеманы қорғап тұрады, әрі тамырдың топырақта өсуіне жағдай жасайды. Тамыр өсіп-ұзаруына байланысты оймақшаны итереді. сол кезде оймақшаның шеткі клеткалары за0ымданып шырыш бөліп шығарады.
Жас тамырдың ұшында негізгі негізгі 3 аймақты ажыратады: Клетканың бөліну аймағы, созылу аймағы, пісіп жетілу және сіңіру аймағы.
Апикальды меристема бөліну аймағы болып табылады. Одан кейін созылу аймағы орналасқан. Оның ұзындығы бірнеше мм ғана.Осы аймақтағы клеткалардың өсуі тамырдың ұзаруын қамтамасыз етеді. Созылу аймағынан кейін дифференциялдану немесе пісіп жетілу аймағы болады. Осы аймақта тамыр түктері дамиды. Осы аталған 3 аймақтың арасындағы шекаралар айқынт емес, себебі бір аймақтан екінші аймаққа көшу бірден емес, бірті-бірте жүреді.
Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы. Тамыр ұшында ұлпалардың пісіп жетілуі ерте бөліну аймағында болады. Тамырдың өсуінің алғашқы сатысында меристемалардың тұрақты ұлпаларға айналуындағы жүйелілікті көлденең кесінділерінен көруге болады. Бұл кесінділерден эпидерманы, алғашқы қабықты және өткізгіш ұлпалар жүйесін ажыратуға болады. Эпидерма су мен минералда заттарды тамыр түкшелері арқылы сіңіреді. Тамыр түкшелері – ризодерма клеткаларының өскіндері. Ризодерма тамыр түкшелерін түзуге қабілеті клеткалар- трихобластар, ал қабілетсіз клеткалар- атрихобластар. Тамыр түкшелері тамырдың сіңіру ауданын кеңейтеді.
Тамырдың алғашқы құрылысын тамыр ұшының сору аймағынан көре аламыз. Мұнда оның 3 бөлігі эпиблема мен оның тамыр түктері, алғашқы қабық және орталық цилиндр көрінеді. Эпиблема- тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық ұлпа. Негізгі қызметі суды және минералды тұздарды сорып, оларды қабықтың паренхималық клеткаларына жеткізу.
Алғашқы қабық тірі паренхималық клеткалардан тұрады.
Экзодерма- қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты (грекше экзо-сыртқы, дерма-қабық, тері).
Мезодерма- паренхималық клеткалардың экзодермасы мен эндодермасының аралық қабаты.
Эндодерма-алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты. Негізгі міндеті- суда еріген қоректік заттарды орталық цилиндрде орналасқан өткізгіш ұлпа элементтеріне жылжуын реттеу. Эндодерма клеткаларының көлденең кесіндісінің пішіні төрт бұрышты, жұқа қабықшалы.
Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы. Ашық тұқымдылар мен қос жарнақтыларда өсімдіктер жасының артуына байланысты тамыр жуандап өсіп, оның алғашқы құрылысы соңғы құрылысымен ауысады.Тамырдың алғашқы құрылысының соңғысына ауысуы орталық цилиндрден басталады. Алғашқы жабындық ұлпа соңғы жабындық ұлпаның тоз қабатымен ауысады.Тоз соңғы түзуші ұлпа феллогеннен пайда болады. Феллоген перицикл клеткаларының бөлінуі нәтижесінде пайда болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет